Тауда болар тарғыл тас, Тарықса шығар көзден жас

Күн қақты ердің астында
Көп жүгіретін күлік бар.
Көн садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар.
Қарайғанның, жігіттер,
Бәрін кісі демеңіз -
Күпе-күндіз тайраңдап,
Түзге шықпас ерлер бар.
Тауда болар тарғыл тас,
Тарықса шығар көзден жас.
Ордалыға көз салсаң,
Оғы қалса жоғалмас.
Топтан озған тарлан боз,
Тұрасынан айрылса,
Тасты басып тұра алмас.
Асылдан болат ұл туса,
Екі жақ болып тұрғанда,
Егескен жерде шарт кетер,
Жауырынынан өтін алса да
Жамандарға жалынбас!
Туған ұлдан не пайда?
Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда,
Қаріп пенен қасірге
Туралық ісі болмаса?
Алаштың байлығынан не пайда,
Құланнан басқа ел таппай,
Қонарына жер таппай,
Маңқиған сары даладан
Екіндіде құлаған
Тарығып келген ерлерге
Қайыры оның болмаса?
Ақ жұмыртқа, сары уыз,
Әлпештеп қолда өсірген
Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса?!



Ұқсас жұмыстар

Махамбет Өтемісұлы туралы
Жерім деп, елім деп қорғаған ер еді !
МАХАМБЕТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЗЕРТТЕЛЕ БЕРМЕК
Зат есімнің көптік тұлғада қолданылуы
Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Cәкен Сейфуллин және фольклор
«МУЛАН» ЖЫРЫ - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
Қаратау басындағы Қатынқамал үңгірі
Көркем шығармадағы түс көру ұғымы
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Негізгі қорларды қйта жандандыру тәсілі – күрделі қаржыны жұмсау
ПАСКАЛЬ - Программалау стилі, деректерді енгізу және шығару
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
ӨМІРҰЛЫ ЖАСЫБАЙ
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ