Сыйымдылықтың өлшем бірлігі

Сабақтың тақырыбы

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту.

Мақсаты

Оқушыларға үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуді үйрету; разрядтан аттамай және разрядтан аттап көбейту тәсілдерін түсіндіру.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Үйрету, түсіндіру, кестемен жұмыс, танымдық тапсырмалар.

Көрнекіліктер

Ребус, сөзжұмбақ, үлестірмелік қағаздар және басқа да материалдар.

Міндеттері мен тәрбиелік бағыты

Міндеттері

  • Көбейту амалына байланысты есептерді шығару біліктілігін жетілдіру.
  • Мысалдар мен есептерді орындау барысында есептеу дағдыларын бекіту.
  • Оқушылардың логикалық ойлауын арттырып, математикалық қызығушылығын дамыту.
  • Шапшаңдық пен алғырлыққа бейімдей отырып, ақыл-ой белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік мәні

Оқушылардың білімге және пәнге деген белсенділігін арттыра отырып, ұлттық салт-сананы қалыптастыру; ұлттық дәстүрді құрметтейтін, патриоттық рухы жоғары тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Тыңдаңыздар, ұл-қыздар,
Бүгінгі болар сабақ
Күндегіден басқарақ.
Айналаңа зер салшы —
Демек, бізде бар қонақ!

Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар біз, өрен.
Сыпайылық белгісі —
Иіліп сәлем берген,
Атадан қалған ізбенен.

Қолдарыңды созыңдар,
Алақанды ашыңдар.
Қайсымыз «бес» алудан қашпаймыз,
Ендеше сабағымызды бастаймыз.

Күннің жадын жазу

Күн, ай, жыл.

Көркем жазу

123 123

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша тапсырмаларды талдау, қателермен жұмыс.

2) Жаңа сабақ

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдерін қарастырамыз: разрядтан аттамай және разрядтан аттап көбейту.

Мысал

3 × 126

Мысал

2 × 305

Мысал

4 × 286

«Қазына» арқылы бекіту тапсырмалары

Тапсырмалар оқушының есептеу, ойлау және тілдік дағдыларын қатар дамытады.

1-қазына

Есептеу + әріптер

Төмендегі амалдарды орындап, сәйкес әріптер арқылы жасырын сөзді табыңыз.

Ы

80 × 3 =

Р

60 × 2 =

Ғ

100 × 5 =

А

300 × 3 =

Л

111 × 5 =

Ы

600 ÷ 30 =

Т

21 × 4 =

З

450 ÷ 9 =

А

560 ÷ 7 =

2-қазына

Жұмбақ

Мінсең желдей еседі,
Көңілің таудай өседі.
Алып ұшар алысқа,
Ер қанаты — деседі.

Жауабы: жүйрік ат

Сөзесеп

Талдау

Шарты

Әкелінді — 136 жылқы. Қоршаудағы жылқылар — 2 есе көп. Барлығы қанша жылқы болды?

Шешуі

136 + 136 × 2 = 272 + 136 = 408

Жауабы: 408 жылқы.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары: иық, қол, саусақ және көзге арналған жеңіл сергіту.

3-қазына: «Берен мылтық»

Логикалық сұрақтар
  1. Менің інім 1994 жылы 31 ақпанда туған. Ол қай жылы 31 ақпанда 20 жасқа толады?

  2. Екі адам қалаға бара жатты. Қарсы алдынан 2 есе көп адамдар шықты. Сонда қалаға қанша адам бара жатты?

4-қазына

Ребус
қа + ра + зы − ра + на
ЕР + ТЕ − ТЕ
ЖІ + ГІРУ − РУ + Т

5-қазына: «Сұлу әйел»

Сөзжұмбақ сұрақтары
  1. ММ, ..., ДМ, М.
  2. Метр қандай өлшем бірлігі?
  3. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі қандай?
  4. «=» таңбасы қандай өрнектерде қолданылады?
  5. a + 5 ... қандай өрнек?
  6. Қосу, ..., көбейту, бөлу.
  7. Бір ұшынан тұйықталған сызық қалай аталады?
  8. Ауырлық өлшем бірліктерінің бірі қандай?

Кілт сөз

С Ұ Л У Ә Й Е Л

6-қазына: «Қыран, бүркіт»

Теңдеу

157 − x = 36 × 4

x − 38 = 12 × 3

Қорытындылау

Жазбаша көбейту барысында бірліктер, ондықтар, жүздіктер бойынша ретімен көбейту және қажет болғанда разрядқа «өту» (артық ондықты келесі разрядқа ауыстыру) ережесі бекітіледі.

7-қазына: «Ілім-білім»

Өрнектерді есептеп, мәндерін кему ретімен орналастыру.

М

104 × 2 =

Л

201 × 4 =

Б

303 × 3 =

І

404 × 2 =

І

200 × 5 =

Л

400 × 3 =

І

213 × 3 =

М

119 × 8 =

І

200 × 7 =

Тапсырма: өрнектердің мәндерін тауып, шыққан сандарды кему ретімен жазыңыз.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

Жазбаша көбейтуге арналған ұқсас мысалдар мен бір сөзесеп орындау; қадамдарын түсіндіріп жазу.

Бағалау

Есептеу дәлдігі, жазу мәдениеті, түсіндіруі және тапсырмаларға белсенді қатысуы бойынша бағаланады.