Менің тұңғыш Президентім

Тәрбие сағатының мақсаты

  • Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
  • Еліміздің еңсесін тіктеп, мемлекеттілікті нығайтуға үлес қосқан Елбасының кісілік келбетін, тарихи рөлін ұғындыру.
  • Елін сүйген, елі сүйген тұлғадан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәде-сыйлықтар, Әнұран және басқа материалдар.

Түрі

Тәрбие сағаты.

Сабақтың өту барысы

ҚР Мемлекеттік Гимні

Орындалады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйген ұлтжанды азаматтың ел тарихындағы орны айрықша. Бұл болмысты көрмеу, сезінбеу мүмкін емес.

Дәйексөз

«Мен үшін елімді дамыған елдердің қатарына қосып, санатына енгізуден үлкен мақсат жоқ».

Сондай-ақ ұлттық қасиеттердің қайта қалыптасуына қамқорлық жасауды Президенттік те, перзенттік те парызым деп атап өткен.

Мемлекет басқару ісі — машақаты көп, әрі мәртебелі міндет. Тәуелсіздігімізді алып, еңсемізді көтерген бүгінгі күні еліміздің дамуына бағытталған бастамалар жүзеге асып келеді. «Қазақстан–2030» стратегиясы аясында көптеген игі істер атқарылып, қалалар көркейіп, ел жаңарып келеді.

Ән

«Өз елім»

Оқушылардың өлең жолдары

Тәуелсіздік — рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды бодан болған азап күн.

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,

Өйткені мен — тәуелсізбін, азатпын.

Оқушы

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтанның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Оқушы

Нұрсұлтанды тудырған заманалар,

Желтоқсанның ызғары, ауыр жара.

Ұл мен қыз ажал құшқан сол күндерде,

Тәуелсіздік байрағын көтерді дала.

Ер Қарасай, Райымбек бабалар да,

Рух болып дем берді әр қадамда.

Оқушы

Нұрсұлтанға рух берген тарих парағы,

Дара шың — қазақтың дана дарағы.

Туған жердің топырағы киелі,

Қасиеті жүрегіне тарады.

Оқушы

Болашақтың үні келіп, күй төгілсін,

Жыр айтылып, қуаныш көп көрінсін.

Ерекше бір еркіндікке, бауырлар,

Басшымыздың бүгін туған күні — десін.

Оқушы

Әнге толсын барлық қала, ауылдар,

Соғылсын бір барабандар, дабылдар.

Елбасының туған күнін ардақтау —

Бәріміздің борышымыз, бауырлар.

Оқушы

Сұрақ-жауап және талқылау

Мұғалім

Балалар, Астанадан қандай әсер алдыңдар? (Оқушылардың жауабы)

Слайд көрсету Интерактивті тақтамен жұмыс

Қорытынды сұрақтар

  1. 1 Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіз қандай үлес қосып жүрсіз?
  2. 2 Басшы адам қандай болуы керек?

Қорытынды тілек

Мұғалімнің тілегі

Нұраға! Далаңыз егісті, ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын.

Бүгінгі тәрбие сағатына қатысқандарыңызға ризамын. Күннің шуақты нұрындай жүрекжарды тілектеріңізді жазып, арнайы іліп қоямыз.

Хор

«Атамекен»