Бүгінгі кешімізге келген түлектеріміздің ұстаздары

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы

№55 С. Қожанов атындағы орта мектебі: «Аталар жолымен, ағалар ізімен» кездесу кешінің бағдарламасы

Кеш барысында баяу әуен ойнап тұрады. Бұл — мектептің 80 жылдық мерейтойына арналған, түлектер мен жасөспірім оқушылардың арасындағы ашық сұхбатқа, тәжірибе алмасуға және кәсіби бағдар беруге бағытталған салтанатты кездесу.

Кештің мақсаты

  • Мектепті әр жылдары бітірген түлектердің әр саладағы жетістіктерін таныстыру.
  • Түлектердің ұстаздары туралы естеліктері арқылы мектеп құндылықтарын дәріптеу.
  • Жасөспірім оқушылармен пікірлесу, сұхбат жүргізу.
  • Болашақ мамандық таңдауға бағыт беру, мотивация қалыптастыру.

Кеш барысы

Қонақтарды қарсы алу

Түлектер жүргізушілердің жетектеуімен жоғары көтеріліп, ІІ қабаттағы көрмені аралайды. Кейін залға шақырылады.

1-жүргізуші

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға, Жан сәулесін тарататын баршаға. Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп, Түлектерді қарсы алайық қол соға!

2-жүргізуші

Тірлік осы — атады жаңа таңдар, Жаңа таңдар — алмасқан алақандар. Өмір деген биікке дара самғап, Азамат боп оралған аға-апалар!

1-жүргізуші

Ұрпағың мақтануға болса лайық, Бүгін біз де мақтанайық, жар салайық! Мектептің 80 жылдық мерейтойына Арнайы келген түлектерді Құрметпен қол соғып қарсы алайық!

2-жүргізуші

Қуаныш бүгін — мереке, Шуағын шашып тұр әлем. Мектепке келдік сағынып, Біздерден сізге мың сәлем!

І жүргізуші: Құрметті түлектер, қадірлі қонақтар! Сіздерге арналған ән шашуымызды қабыл алыңыздар.

Ән орындалады

Түлектермен жүздесу: жүрекке жақын естелік

Сыныптастар мен қатарластарды табыстырып, өткен күндерге сағыныш сыйлайтын сәт.

1-жүргізуші

Құрдастар, сыныптастар, парталастар, Шәкірттер — бір кездегі балғын жастар. Қаншама жыл өтті мектеп бітіргелі, Бастарын қосқалы отыр бүгін достар.

2-жүргізуші

Береке мен бірліктің басын құрап, Жүрген жандар — жайқалған жасыл құрақ. Бітіргелі мектепті көп жыл өтті, Сағынысып кездесу — асыл мұрат.

І жүргізуші: Бүгін ортамызда мектебімізді әр жылдары бітірген түлектер мен арнайы қонақтар отыр. Қадірлі қонақтарымызбен таныстырып өтейік:

____________________________
____________________________

Сонымен қатар, бүгінгі кездесуге келген түлектеріміздің ұстаздарын да салтанатты түрде таныстыруға рұқсат етіңіздер:

____________________________
____________________________

2-жүргізуші: Салтанатты кездесу кешін ашу үшін мектеп директоры ________________ сөз алады.

Мектеп туралы жыр және ән

1-жүргізуші

Мектеп, мектеп — менің жарқын көңілім, Мектеп, мектеп — шаттық толы өмірім. Мектеп, мектеп — әнім болып төгілдің, Мектеп, мектеп — ана болып көріндің.

2-жүргізуші

Бойларында жігер күші тасыған, Кездері жоқ қиындықтан жасыған. Түлектерім келіп отыр бой түзеп, Арналсыншы оларға бүгін сый-құрмет.

Ән: «Мектебім»

2-жүргізуші: Ақыл-білім көп бердің, анамдайсың, мектебім. Сенде өсіп, көктедім, сенсің өмір мектебім. Ыстық мектеп партасы, оқулығы, картасы — Мұнша қызық болғаны мұғалімнің арқасы. Алғыстарым көп менің, асыл ана мектебім!

Салтанатты кешіміздің келесі сөз кезегі — алтын ұямыздың түлегі, «Ынтымақ» ЖШС-ның төрағасы, аудандық мәслихат депутаты ________________ ағамызға беріледі.

Құттықтаулар легі

Қонақтардың жылы лебізі, бата-тілегі — кештің рухын биіктететін негізгі өзек.

Тарқалмасын қызықтың шағы қызған, Жана берсін бақ артып бағыңыздан. Құрметпенен ұсындық сізге сөзді, Ақтарылып көріңіз ағыңыздан.

Құттықтау сөз аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің бөлім меңгерушісі Қалдыбек Ерубай ағамызға және кент әкімі ________________ ағамызға беріледі.

Ән орындалады

Ажырамай халықтан бір елі сіз, Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз берелік құрметпенен өзіңізге, Түлектерге арналсын тілегіңіз.

Сөз кезегі аудандық Әлшекей атындағы өнер мектебінің директоры Қошқарбаев Қалдыбай ағайға және кент мәдениет үйінің қызметкері ________________ апайға беріледі.

Би орындалады

Мектебімнің қиынына күйгені, Табыстарға мәз-мейрам боп жүргені. Сіздер үшін күйінгені — күлгені, Сөздер айтар бастайтындай ілгері…

Сөз кезегі аудандық білім бөлімінің басшы орынбасары ________________ және аудандық білім бөлімінің әдіскері ________________ ағаларымызға беріледі.

Ән орындалады

Ұстазға құрмет

1-жүргізуші

Ізгілік пен парасаттың жолдарын Аралатқан ғалымдардың мол бағын. Көрген сайын жанарыңнан оқимын — Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.

2-жүргізуші

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деп Абай атамыз ұстаз еңбегін жоғары бағалаған. Расында да ұстаз өз шәкірттеріне аянбай білім беруден ешқашан жалықпаған. Ендеше, мерейтойда ұлағатты ұстаздарымызды неге атамасқа?

Мектебімізде шәкірттерінің сүйікті, аяулы ұстазы бола білген, мектеп ұжымында өте сыйлы, адамгершілігі мол, ашық-жайдары мінезімен қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысқан ардагер ұстаздарымызға қошемет көрсетейік!

Бүгінгі кешімізге келген түлектеріміздің ұстаздары: ________________

Сөз кезегі — өздеріңізде.

Өтті бізден балалық, Өтті бізден шалалық. Тезге салды ұстаздар — Текті мінез, даналық. Ұсынғалы адалдық, Үйреткені адамдық. Бар ұстазға тілейміз Бақыт, табыс, амандық.

Ән: «Ұстазым»

Кейінгі буынға үлгі: түлектер сөзі

Балапандай бауыр басқан ұяда, Бірге өскен мектебін жан қия ма? Жолдама алып, болашаққа өзіңнен Білім іздеп самғап ек әр қияға. Бірге жүрді он жыл, бірге ойнады, Бірге оқыды он жыл, бірге ойлады. Қас қаққанша неше жыл өтіпті, Бүгін міне, түлектер кездесуді ойлады.

Осы орайда сөз кезегі — мектебіміздің кейінгі буын түлектері арасынан, аудандық әділет басқармасы басшысының бірінші орынбасары ________________ ағайға беріледі.

Қабыл етіп қонақтардың тілегін, Тілегіңді тұмар етіп жүремін. Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер — Өздеріңдей болса деймін түлегім.

Мектебіміздің үздік түлегіне сөз беріледі: ________________

Қорытынды бөлім: вальс әуені

Сенен ыстық алтын ұя таппадым, Өзінде өтті балғын бала шақтарым. Сағынышпен келіп тұрмыз біз бүгін, Бетке алған соң балалықтың бақтарын. Мерекеде басты қостық бәріміз, Жарасады әніміз бен сәніміз. Әуенімен тербелейік вальстің, Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.

Ән орындалады