Ұсақ моншақтардан панно жасау
Сабақтардың тақырыптары
- 1 Ашықхаттан үй жиһазын жасау
- 2 Құмыраны дәндермен безендіру
- 3 Түйме салатын қобдиша жасау
- 4 Былғарыдан сөмке тігу
Сабақ үлгісі
Тақырыбы
Ұсақ моншақтардан панно жасау.
Мақсаты
- Оқушыларды ұсақ моншақтардан панно жасауға үйрету.
- Ой-өрісін және қиялын дамыту.
- Әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі
Моншақтардан жасалған әртүрлі бұйымдар
Қажетті материалдар мен құралдар
- Түрлі-түсті ұсақ моншақтар
- Көбелек, жапырақ, жұлдызша бейнелі пайеткалар
- Қатты қағаз
- Қарындаш
- ПВА желімі
- Ағылшын түйреуіші
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық
Оқушылардың жұмыс орны мен құралдарының дайындығы тексеріледі.
-
II. Мақсат қою кезеңі
Тақырып пен мақсат
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
-
III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Мұғалімнің түсіндірмесі
Ұсақ моншақтарды алқа, сырға жасап, сондай-ақ әртүрлі киімдерді безендіруге қолдануға болады.
Өзімізге ұнайтын кез келген суретті таңдап алып, соның негізінде панно жасауға да болады.
Сергіту сәті: қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
-
IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі
Оқулық, сұрақ-жауап, практика
1) Оқулықпен жұмыс
Мәтін іштей оқылады, кейін тізбектей оқыту ұйымдастырылады.
2) Сұрақ-жауап
Тақырып бойынша жетекші сұрақтар қойылып, оқушылардың түсіну деңгейі анықталады.
3) Практикалық жұмыс
Жұмысты орындау реті:
-
1
Ең алдымен қатты қағаз бетіне қарындашпен себеттегі гүлдің суретін саламыз.
-
2
Суреттің бетіне қылқаламмен желімді жұқа етіп жағамыз. Желім кеппей тұрғанда үстіне ұсақ моншақтарды жапсырамыз. Себетті аяқтағаннан кейін гүлдерді безендіреміз.
-
3
Гүл мен себетті толық безендіріп болған соң, панноға көбелек, жұлдызша және жапырақ бейнелі пайеткаларды жапсырамыз.
-
4
Дайын панноға жақтау жасап, оны әшекейлейміз.
-
1
-
V. Бекіту кезеңі
Қорытындылау
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
- Өзің қандай гүлді ұнатасың?
- Желімді не үшін жұқа етіп жағамыз?
-
VI. Бағалау
Нәтижені талдау
Оқушылардың жұмыстарын өзара салыстыра отырып, еңбегі бағаланады.