Бір мысықтың аяғы қанша

Сабақтың барысы

Бұл сабақта оқушылар Word бағдарламасында кестемен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін қайталап, кестенің құрылымын түзетуге арналған әрекеттерді тәжірибе жүзінде орындайды.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, қатысымын түгендеу.

Психологиялық ахуал

Логикалық ойын (жылдам есептеу)

  1. 1) Екі сиырдың мүйізі қанша?

    Екі сиырдың мүйізі — төртеу.

  2. 2) Бір мысықтың аяғы қанша?

    Бір мысықта төрт аяқ бар.

  3. 3) Бес қойдың басы нешеу?

    Бес қойдың басы — бесеу.

  4. 4) Үш адамның қолы нешеу?

    Үш адамның қолы — алтау.

Өте жақсы! Жауаптарың дұрыс.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы білім бекітіледі.

1. Кестелермен жұмыс істегенде Word терезесінің қандай элементтерін пайдаланамыз?

2. Кестені құжатқа қандай тәсілдермен кірістіруге болады?

3. Кестені қалай салуға болады?

4. Кесте ішінде қалай жылжуға болады?

5. Кестенің соңына жаңа жолды қалай қосуға болады?

III. Жаңа сабақ

Кесте құрылғаннан кейін Word мәтіндік процессоры құралдар таспасына кестелермен жұмысқа арналған екі бөлімді қосады: Конструктор және Макет.

Конструктор

Кестенің сыртқы көрінісін (әрлеуін) өзгертуге арналған.

Макет

Кестенің құрылымын түзетуге және өлшемдерін басқаруға арналған.

Ұяшықтың дәл өлшемін беру

Ұяшықтардың нақты мөлшерін белгілеу үшін Макет → Кесте → Қасиеттер бұйрығын пайдаланыңыз.

«Кесте қасиеттері» терезесінде 4 тіркеме бет бар: Кесте, Жол, Баған, Ұяшық. Әр тіркеме сәйкесінше тұтас кестенің, жолдың, бағанның және жеке ұяшықтың параметрлерін баптайды.

Кесте өлшемін өзгерту

Тұтас кестенің өлшемін өзгерту үшін меңзерді кестенің төменгі оң жақ бұрышына апарыңыз: боялмаған кішкентай шаршы пайда болады. Сол тұтқаны тартып, кестенің өлшемін реттеңіз.

Бағанды немесе жолды ерекшелеу

  1. Меңзерді ерекшеленетін бағанның немесе жолдың кез келген ұяшығына орналастырыңыз.
  2. Макет → Кесте мәзірінен Ерекшелеу бұйрығын таңдаңыз.

Бірнеше бағанды қатар ерекшелеу

Қатар тұрған (іргелес) бірнеше бағанды файлдар тобын белгілегендей тәсілмен ерекшелеуге болады: Shift пернесін басып тұрып таңдаңыз.

Кестедегі түзету (туралау)

Кестелерде түзетудің (туралаудың) қарапайым түрлерінен бөлек — сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша және ені бойынша — қосымша туралау параметрлері де қолданылады. Бұл параметрлер кесте ішіндегі мәтіннің орналасуын дәл баптауға мүмкіндік береді.

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

1. Кесте → Кестені кірістіру бұйрығы көмегімен кесте құрыңыз.

2. Артық қоршауларды жою үшін Ұяшықтарды біріктіру бұйрығын қолданыңыз.

3. Құжатты сақтаңыз.

V. Сергіту сәті

Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік, ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған.

Жауабы: Кесте

Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес — ол не екен?
Кестедегі негізгі қызметтің бірі.

Жауабы: Жол

Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Баған мен жолдың қиылысы —
Кестеде қай элементті құрайды?

Жауабы: Ұяшық

VI. Жаңа сабақты бекіту

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс тексеріледі. Қиындық тудырған сұрақтар талқыланып, қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

VII. Үйге тапсырма

§23 мазмұндау.
12–13 сұрақтарға жазбаша жауап беру.

VIII. Оқушыларды бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен практикалық тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша бағалау жүргізіледі.