Бинго ойыны

Сабақтың тақырыбы: «Киіктің айласы»

Бұл қысқа мерзімді жоспар 3-сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәніне арналған. Сабақта оқушылар мәтінмен танысып, мазмұнын ашады, тілдік талдау арқылы сөздік қорын байытады және мәтін бойынша пікір айтып, дәлелдейді.

Сабақтың мақсаты

  • Мәтінмен танысу, мазмұнын ашу.
  • Тілдік талдау жасап, сөздік қорын молайту.
  • Топта талқылап, өз ойын дәлелдеп айту.

Бұрыннан бар білімдер

Үй тапсырмасын тексеру «Серпілген сауал» әдісі арқылы жүргізіледі: мұғалім допты кез келген оқушыға лақтырады, оқушы жауап беріп, допты қайтарады. Жауап болмаса, сол сұрақ келесі оқушыға қойылады.

Жоспарланған уақыт

  • Үй тапсырмасы7 мин
  • Мәтінмен жұмыс6 мин
  • Жаңа тақырыпты бекіту7 мин
  • Сөздікпен жұмыс5 мин
  • «Бинго» ойыны10 мин
  • Үй тапсырмасын беру2 мин

Үй тапсырмасын сұрау: «Серпілген сауал»

Төмендегі сұрақтар алдыңғы тақырып (қайырымдылық) бойынша оқушылардың түсіну деңгейін анықтауға арналған:

  1. 1. Қайырымдылық тақырыбындағы мәтінде қандай адами қасиет туралы айтылды?
  2. 2. Мәтіндегі баланың аты кім?
  3. 3. Мұғалім Мұхтарды не үшін мақтады?
  4. 4. Мектептен келе жатып Мұхтар қандай оқиғаға тап болды?
  5. 5. Ол нені құтқарды?
  6. 6. Мұхтар не үшін қуанды?
  7. 7. Анасы оған неге ұрыспады?
  8. 8. Егер сен Мұхтардың орнында болсаң, не істер едің?
  9. 9. Қайырымдылыққа нелер жатады?
  10. 10. Өмірде тағы қандай тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға болады? (Құстарға, ағаштарға, жануарларға.)

Кіріспе ой

Табиғаттағы барлық жануарларға бірдей көмектесу әрдайым мүмкін емес: олар өз жауларынан қорғанудың жолдарын біледі. Бүгінгі сабақта қандай жануар туралы әңгіме болатынын видеоролик арқылы анықтаймыз.

1-кезең: Кіріспе

Психологиялық ахуал

Сыныпта жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін «Шаттық шеңбері» әдісі қолданылады.

Топқа бөлу

Оқушылар суреттерді таңдау арқылы топтарға бөлінеді: киік, қасқыр, өзен.

2-кезең: Жүзеге асыру (жаңа сабақ)

Ұйымдастыру

  • Күннің ретін жазу.
  • Видеоролик көрсету.
  • «Жез киік» әнін тыңдату.

Жетелеуші сұрақтар

  • Ән не туралы?
  • Киік туралы не білеміз?
  • Әр топтан бір оқушы жауап береді.

Автор туралы

Әуелбек Қоңыратбаев (1905–1986) — қазақ кеңес дәуірінің әдебиет зерттеушісі, сыншы, филология ғылымдарының докторы.

Туған жері:
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылту колхозы.
Еңбектері:
«Сұр көжек», «Ғ. Мұратбаев туралы естеліктер», «Қозы Көрпеш» жыры; «Қорқыт ата кітабын» қазақ тіліне аударған.

Мәтінмен жұмыс

Мәтін абзац бойынша үш топқа бөлініп беріледі:

І топ: 1–2-абзац.

ІІ топ: 3-абзац.

ІІІ топ: 4–5-абзац.

Топтар 3 минут мәтінмен танысып, талқылайды. Мазмұнын меңгеру деңгейі «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

Жаңа тақырыпты бекіту: «Солай ма?..» әдісі

Әр топқа мәтіннен алынған, әдейі бұрмаланған сөйлемдер беріледі (конвертте). Топ мүшелері талқылап, «солай ма, солай емес пе?» екенін дәлелдейді.

І топ

«Жаз айында бір топ лақтарын ерткен қасқыр суатқа келді. Алдарынан олардың достары кездесті.»

Солай ма?..

ІІ топ

«Қасқырлар киіктерге тап берді. Киіктер қасқырларға қарсы шайқасқа шықты.»

Солай ма?..

ІІІ топ

  • «Теке ақсақ болғандықтан, қасқырларға жем болды.»
  • «Ақбөкендер қасқырлар секілді етпен қоректенеді.»
  • «Киіктің жаңа туған лағын қозы деп атайды.»

Солай ма?..

Бағалау критерийі

  • Оқулықтан «олай емес» екенін дәлелдеп көрсету 3 ұпай
  • Өз ойын дәлелдеп, жүйелі сөйлеу 3 ұпай

Сергіту сәті

«Ақсақ киік» күйі тыңдатылады. Күйдің шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Сөздікпен жұмыс (жеке жұмыс)

Оқушылар дәптерге сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын жазып, талдайды. Әр топтан бір оқушы тапсырманы дауыстап оқиды.

Бұйрат
Таяқ сілтем жер, кедір-бұдырлы қырқалы жер.
Діңкесі құрыған
Қатты шаршаған, әбден титықтаған.

Бекіту: «Бинго» ойыны

Оқушылар мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:

  1. 1. Мәтін не туралы?
  2. 2. Текенің аяғы неге ақсақ?
  3. 3. Ақбөкендер немен қоректенеді?
  4. 4. Киіктер жауларынан қалай қорғанады?
  5. 5. Киіктің жаңа туған лағын қалай атайды?

Ойын нәтижесі критерий арқылы бағаланады.

Бағалау және қолдау

Дифференциация

Оқушыларға мүмкіндігінше қолдау көрсету жоспарланады: жетелеуші сұрақтар, топтық талқылау, нақты критерийлер, ауызша мадақтау.

Бағалау тәсілдері

  • «Серпілген сауал»: мадақтау сөздері, толық жауапқа жұлдызша беру.
  • Мәтінмен жұмыс: «Бағдаршам» арқылы өзін-өзі бағалау.
  • «Солай ма?..»: критерий арқылы өзара бағалау.
  • Сөздікпен жұмыс: ауызша мадақтау.
  • «Бинго»: критерий арқылы бағалау.

Үй тапсырмасы, қорытынды және рефлексия

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқып келу.
  • Қасқыр мен киік туралы қосымша мәлімет іздену.

Келесі сабақ

«Көкшенің көрінісі» мәтінімен алдын ала танысып келу.

Қорытынды баға

Бағалау топ басшыларының бағалау парақтарына сүйене отырып шығарылады.

Рефлексия сұрақтары

  • Бүгінгі сабақ несімен ұнады?
  • Ойыңды толық жеткізіп, сабаққа белсенді қатыса алдың ба?
  • Кімнің сабаққа қатысуы ерекше ұнады?

Автор: Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Майжан Толқын Қажданбекқызы.