Натурал санды бөлшекке бөлуді түсіндір

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы «жай бөлшектерді бөлу» тақырыбы бойынша жинақталған теориялық түсінік қалыптастыру және есеп шығару дағдыларын толықтыру.
  2. Есеп шығару әрекеті арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
  3. Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа және әдептілікке тәрбиелеу.

Құралдар мен тәсілдер

Көрнекілігі

  • Тапсырма мазмұнына қатысты суреттер
  • Тірек-сызба
  • Кеспе қағаздар

Әдістері

  • Қызығушылық ояту
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын элементтері
  • Талдау
  • Өз бетінше жұмыс

Сабақтың барысы

I. Бағдарлау–мотивациялық кезең

Қызығушылық ояту (Kenguru)

Сұрақ: 100 санының әр түрлі бөлгіштерінің саны (1 мен 100-ді қоса есептегенде) нешеу?

Таңдау
  • A) 3
  • B) 6
  • C) 7
  • D) 8
  • E) 9

Тірек-сызбамен жұмыс: Сөз құрастырамыз. Қайсың шапшаң?

Нәтиже: «Бөлу» Тақырып: бөлу амалы

1-тапсырма (өз бетінше)

  1. Көбейтуге кері амал қалай аталады?
  2. 35:7 өрнегін бөлшек түрінде жаз.
  3. Бөлгішті (7 санын) кері санымен алмастырып, бөлуді көбейту түрінде жаз.
  4. Бөлуді көбейтумен алмастыру үшін қандай түрлендіруді қолдандың?
  5. Түрлендіру арқылы орында: x = 51:3; y = 75:0,6.
  6. Қандай қорытынды шығаруға болады?

Күтілетін нәтиже: Бөлу — көбейтуге кері амал.

Мұғалімнің жетелеуімен: негізгі ереже

1) Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіштің кері санына көбейтеміз.

Әріп түрінде:

a/b : c/d = a/b × d/c

Мысал:

2/7 : 3/5 = 2/7 × 5/3 = 10/21

2) Бөлінгіш немесе бөлгіш аралас сан болса, алдымен оны бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін бөлеміз.

3) Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болса, натурал санды бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолданамыз.

II. Операциялық–орындаушылық кезең

Оқулықпен жұмыс

№ 794 (1–3) № 795 (2–4) № 797 (1–3)
  1. Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін тұжырымда.
  2. Аралас санды аралас санға қалай бөледі?
  3. Натурал санды бөлшекке бөлуді түсіндір.

Оқулықтан тыс тапсырмалар

«Бағытпен жалғастыр» ойыны

Терминдер мен бөлшектерді сәйкестендіріңдер.

Терминдер

  • Бірлік бөлшек
  • Ең кіші жай сан
  • Жұп цифр
  • Дұрыс бөлшек
  • Тақ цифр
  • Бұрыс бөлшек

Берілгендер

  • 4/4
  • 5
  • 2/5
  • 3/2
  • 2
  • 11/4

Есеп

Бір торға 4 қоян сыяды. 38 қоянды орналастыру үшін неше тор қажет?

  • 1) 9 тор
  • 2) 10 тор
  • 3) 9 тор (қалдық 2)
  • 4) 152 тор

«Қазыналы математикалық терминдер»

Кестедегі әріптерден көлденеңінен математикалық терминдер құрастыр. Тапсырма орындау жылдамдығы да ескеріледі.

1 Е Т Е Ң У Д
2 Ө І Б Г Ш Л
3 Р А С А А Л
4 А У З А Й Т
5 Б Е Ш К Л Ө
6 Е Б Е Р Ш Ң
теңдеу бөлгіш аралас азайту шеңбер бөлшек

III. Рефлексиялық–бағалау кезеңі

Білімді бекіту сұрақтары

1) Амалдарды орында: 14/15 : 2/5 × 1/10

  • A) 30/7
  • B) 1
  • C) 7/30
  • D) 7/31

2) Зерттеу тапсырмасы: кестені толтырыңдар.

Тапсырмалар Мұғалім берген ұпай Оқушы жинаған ұпай Баға
Өзін-өзі бағалау
Жұптық/топтық жұмыс
Есептерді орындау

Бағалау критерийі

  • 35–40 ұпай — 5
  • 22–34 ұпай — 4
  • 13–21 ұпай — 3

Үй тапсырмасы

№ 800 (1–4) № 801 (2–4) № 802