Активстудияда Тәуелсіздік шежіресі атты бейнефильм көру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Еліміздің тәуелсіздігі туралы өз ойын жүйелі әрі анық жеткізе білуге үйрету. Интерактив тақтаның мүмкіндіктерін тиімді қолдана отырып, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға дағдыландыру. Сауатты сөйлеуді қалыптастырып, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Дамытушылық
Оқушылардың білімін, танымдық қабілетін, сауаттылығын және сөздік қорын дамыту. Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіріп, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік
Отанға, ел мен жерге, тілге және ұлтқа деген құрметті арттыру, азаматтық жауапкершілік сезімін нығайту.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, қайталау, жазу, талдау, бейнефильм көру
- Көрнекілігі
- ActivStudio
- Сабақтың түрі
- Пысықтау сабағы
- Технологиялық ерекшелік
- Интерактив тақта, демпер арқылы жұмыстарды басқару
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Кезекшімен сұхбат жүргізу, оқушыларды түгендеу.
II. Үй жұмысын тексеру
- Жаңа сөздерді сұрау.
- Өлеңді жатқа айту.
III. Жаңа сабақ
ActivStudio бағдарламасында жылжымалы мәтін арқылы бүгінгі күн мен сабақ тақырыбы көрсетіледі, экранда сағат іске қосылып тұрады.
1) Лексикалық минимум (сұхбат үлгісі)
Даша: Сәлем, Максим!
Максим: Сәлем, Даша!
Даша: Біз кеше сабақта тәуелсіздік туралы әңгімелестік. Сен бүгінгі сабаққа дайынсың ба?
Максим: Иә, дайынмын. Сен 16 желтоқсанның ерекшелігін білесің бе?
Даша: Иә, әрине. Ол — еліміздің егемендік алған күні.
Максим: Дұрыс айтасың. Осы елдің азаматы болу қандай бақыт!
Даша: Мен де Отанымды өте жақсы көремін. Ер жеткенде еліме қызмет етемін.
2) Сөздік диктант
Барлық жұмыс ActivStudio-да демпер арқылы орындалады.
- жержүзі
- дүние жүзі
- мойындаған
- қағида
- мақұлдады
- іле-шала
- лезде
3) Синонимдерін жазу
Оқушылар сөздердің синонимдерін жазады. Жазып болғаннан кейін дұрыс нұсқа ашылады: оқушылар салыстырып, сөздерді жылжыту арқылы тиісті орнына қояды.
4) Орысша аудармасын жазу
Жұмыс алдыңғы тапсырмадағыдай орындалады: жауап нұсқалары ашылып, оқушылар салыстырып, интерактивті түрде дұрыс орнына орналастырады.
IV. Сабақты бекіту
1) 4-тапсырма
Берілген сөйлемдердегі бос орындарды қажетті суреттермен толықтырып, ауызша айтып беріңдер. Суреттерді бос орындарға жылжытып орналастырғаннан кейін, сөйлемдерді толық оқыңдар.
- Біздің елімізді [сурет] басқарады.
- Қазақстанда 130-дан астам [сурет] тату-тәтті тұрады.
- Қазақстан [сурет] мемлекеттерімен шектеседі.
- Қазақстан Республикасының [сурет]-нда бейнеленген.
- Алматыда [сурет] бар.
2) 8-тапсырма
Берілген сөздерді септік жалғауларына қарай бағандарға орналастырыңдар.
3) 6-тапсырма
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
Қазақстан 1991 жылы өз егемендігін алды.
Сол жылы ол Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды.
V. Қорытынды
- Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойып, білімді бекіту.
- ActivStudio арқылы «Тәуелсіздік шежіресі» атты бейнефильм көру.
VI. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындау сапасы және ауызша жауаптары бойынша бағалау жүргізіледі.
VII. Үй тапсырмасы
- Отан туралы мақал-мәтел жаттау.
- «Менің тәуелсіз елім» тақырыбында эссе жазу.