Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы

Информатика апталығы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына қош келдіңіздер

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан информатика пәні апталығына қош келдіңіздер. Бүгін 8–11 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс ұйымдастырылады. Әр сыныптан 4 оқушыдан қатысады.

Мақсаты

  • Алған білімді пысықтау және қорытындылау.
  • Ойлау қабілетін дамыту.
  • Сұрақтарға жылдам әрі дәл жауап беруге дағдыландыру.

Сайыс құрылымы

Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде білім, тапқырлық, тілдік сауат және технологиялық сауаттылық сыналады.

  1. I. Таныстыру
  2. II. Бәйге
  3. III. Үй тапсырмасы
  4. IV. Полиглот
  5. V. Ғажайып жетілік
  6. VI. Көкпар
  7. VII. Жорға

Ұран жолдары:
Мынау ұшқыр заманда — жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру — қажетті туады адамға.

I кезең — Таныстыру

Шарты

Әр топтың капитаны өз эмблемасын қорғайды және ұранын таныстырады.

II кезең — Бәйге

Ереже

  1. 1Барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 15 сұрақ қойылады.
  2. 2Сұраққа 5 секунд ішінде жауап беріледі; алдымен қол көтерген оқушы жауап айтады.
  3. 3Сұрақтар аяқталған соң ұпайлар есептеледі.

Сұрақтар (15)

  1. 1. Жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ — терезе.
  2. 2. Адам мен компьютер арасындағы байланыс — интерфейс.
  3. 3. Caps Lock пернесінің қызметі — бас әріптерді тұрақты теру режимін қосу/өшіру.
  4. 4. 1 МБайтта — 1024 Кбайт.
  5. 5. Ақпаратты сақтау, жеткізу, өңдеу — ақпараттық процесс.
  6. 6. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы — сканер.
  7. 7. Ең ұзын хорда — диаметр.
  8. 8. Көбейтінді қашан нөлге тең? — бір көбейткіш 0 болғанда.
  9. 9. Іле Алатауының етегінде орналасқан қала — Алматы.
  10. 10. «Қар ханымы» шығармасының авторы — Х. К. Андерсен.
  11. 11. Хамелеон мекендейтін арал — Мадагаскар.
  12. 12. Қазақтар отан символы санаған дала өсімдігі — жусан.
  13. 13. Сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған — гректер.
  14. 14. Қан тоқтатуға қолданылатын элемент — йод.
  15. 15. Қазақтың тұңғыш профессоры — С. Асфендияров.

III кезең — Үй тапсырмасы

Тақырыбы

«ХХІ ғасыр — техника ғасыры» тақырыбында слайд дайындау.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туысқа, досқа, сыныптас, танысқа емес —
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

IV кезең — Полиглот

Шарты

Берілген тіркестерді қазақша және орысша атаумен айтып, соған сәйкес пернелер комбинациясын көрсету керек. Толық әрі дұрыс жауап — 20 ұпай.

Әрекет
Мәзір атауы (қаз/рус)
Пернелер
  • Терезені жабу
    Файл — шығу / Файл — выход
    Alt + F4
  • Көшіру
    Түзету — көшіру / Правка — копировать
    Ctrl + C
  • Қиып алу
    Түзету — қиып алу / Правка — вырезать
    Ctrl + X
  • Сақтау
    Файл — сақтау / Файл — сохранить
    Shift + F12
  • Болдырмау
    Түзету — болдырмау / Правка — отменить
    Alt + Backspace
  • Құжатты ашу
    Файл — ашу / Файл — открыть
    Ctrl + O

Мәңгі есте қалар ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар — қиынырақ сұрақ болсын.

V кезең — Ғажайып жетілік

Шарты

Әр пәннен сұрақтар беріледі. Ұяшық таңдалғаннан кейін сұрақ оқылады. Жауап берілмесе, сол ұяшықтың ұпайы шегеріледі.

Информатика — «Процессор»

  1. 1. Алгоритм деген не? — берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түрінде көрсету.
  2. 2. Никлаус Вирттің еңбегі туралы мәлімет бер. — 1968–1971 жж. швейцариялық ғалым Паскаль тілін оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсынды.
  3. 3. Программа деген не? — белгілі бір нәтиже алу үшін орындалатын операциялар тізбегі.
  4. 4. Алгоритмді ұсыну түрлерін ата. — табиғи тілде, алгоритмдік тілде, графикалық түрде, программалау тілінде.
  5. 5. Оператор деген не? Түрлерін ата. — алгоритмді орындаудағы іс-әрекеттерді анықтайтын қарапайым сөйлем. Түрлері: меншіктеу, енгізу-шығару, басқару, функция/процедураны анықтау, графикалық операторлар.

Қазақ тілі — «Сканер»

  1. 1. Үстеудің неше түрі бар? — 7.
  2. 2. Табыс септігіндегі толықтауыш қандай толықтауыш? — тура толықтауыш.
  3. 3. «Орфография» қай тілден шыққан? — грек.
  4. 4. Қызметі мен сұрақтары бірдей мүшелер қалай аталады? — бірыңғай мүшелер.
  5. 5. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөз? — диалект.

Қазақ әдебиеті — «Принтер»

  1. 1. Шөжеде қандай мін болды? — соқыр (бір атасы қырғыз).
  2. 2. «Алпамыс батыр» жырында Гүлбаршынды зорлықпен алмақ болған батыр — Қараман.
  3. 3. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман — М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал».
  4. 4. Жәңгір ханның немересі, әдебиет өкілі — Ш. Бөкеев.
  5. 5. «Сыр сандық» өлеңінің авторы — С. Сейфуллин.

Математика — «Пернетақта»

  1. 1. 30°-қа қарсы жатқан катет неге тең? — гипотенузаның жартысына.
  2. 2. Дискриминант формуласы — D = b² − 4ac.
  3. 3. y = x² функциясының графигі — парабола.
  4. 4. Сағаттың 1/60 бөлігі — минут.
  5. 5. Екі қатынастың теңдігі — пропорция.

Орыс тілі — «Колонка»

  1. 1. Сколько в русском языке падежей? — 6.
  2. 2. Как называется слово или сочетание слов, называющее лицо, к которому обращена речь? — обращение.
  3. 3. И шоколадка, и планета — Марс.
  4. 4. Что находится между небом и землей? — союз «и».
  5. 5. Какие слова употребляются для выражения чувств (восторга, удивления, страха)? — междометия.

Шет тілі — «Тышқан»

  1. 1. What is the capital of the USA? — Washington.
    АҚШ-тың астанасы? — Вашингтон.
  2. 2. What color is the flag of Kazakhstan? — blue.
    Қазақстан туының түсі? — көк.
  3. 3. How many states are there in the USA? — 50.
    АҚШ-та неше штат бар? — 50.
  4. 4. What is the English for «Тәуелсіз»? — independence.
  5. 5. What is the Kazakh for “school”? — мектеп.

Тарих — «Монитор»

  1. 1. 1822 ж. қабылданған «Сібір қазақтарының жарғысының» авторы — Сперанский.
  2. 2. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тайқазан қай қалада соғылған? — Қарнақ.
  3. 3. «Жеті жарғы» бойынша хандық кеңеске кімдер жіберілмеді? — қарусыз келген адам.
  4. 4. XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан — Тоғылық-Темір.
  5. 5. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы — Жошы хан.

VI кезең — Көкпар

Тапсырма

«Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбында өз ойларын ортаға салу.

Көрермендерге арналған сұрақтар

  1. 1. Қағаз бетінен алады, бірден компьютерге салады. — сканер.
  2. 2. Компьютерден енеді, қағазға басып береді. — принтер.
  3. 3. Төртбұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек. — монитор.
  4. 4. Бес атаның балалары, қыдырмашы біреуі. Ұзын саны жүз екі. — пернетақта.
  5. 5. Мәліметті сұраған, экранға шығарған. — монитор.
  6. 6. Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың. — тышқан.
  7. 7. Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қалам қағазсыз. — компьютер.
  8. 8. Биологияда — паразит, информатикада — өлшем бірлік. — бит.
  9. 9. Компьютердің қосымша бөліктері: сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді. — колонкалар.
  10. 10. Экран бетінде тұрағы бар, әрдайым жыпылықтап тұрады. — курсор.
  11. 11. Бұтақ орнына мың бір инесі, компьютер жаны мекені. — кактус.
  12. 12. Басы «С»-дан басталады, ішінде бәрі сақталады. — себет.

VII кезең — Жорға

Шарты

Әр топ басшысына жеке сұрақтар қойылады. Төменде сынып капитандарына арналған үлгі сұрақтар берілген.

8-сынып капитаны

  1. 1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі — бит.
  2. 2. Өшірілген файл қай жерде сақталады? — Корзина (Себет).
  3. 3. Сандық, мәтіндік ақпаратты және командаларды енгізу құрылғысы — пернетақта.
  4. 4. Кестені қалай құрамыз? — Вставка → Таблица.
  5. 5. Енгізу құрылғысы — пернетақта.
  6. 6. Ең ерте есептеу құралы — есепшот.
  7. 7. Графикалық редактор — Paint.
  8. 8. Бас әріптерді тұрақты теру пернесі — Caps Lock.
  9. 9. «Информация» сөзінің мағынасы — латын тілінен аударғанда мәлімет, баяндау.
  10. 10. Процессор дегеніміз — компьютердің миы.

9-сынып капитаны

  1. 1. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік — байт.
  2. 2. Компьютердің негізгі бөліктері — жүйелік блок, пернетақта, монитор.
  3. 3. Word-қа суретті қалай кірістіреміз? — Вставка → Рисунок.
  4. 4. Баспаға шығару құрылғысы — принтер.
  5. 5. ЭЕМ-нің даму буыны нешеу? — 4.
  6. 6. Ұзын перне — пробел.
  7. 7. Мәтіндік редактор — WordPad.
  8. 8. Дискжетек қай құрылғыда орналасады? — жүйелік қорапта.
  9. 9. Функционалдық пернелер — F1–F12.
  10. 10. Компьютердің қосымша құрылғылары — принтер, сканер, колонка, микрофон, камера.

10-сынып капитаны

  1. 1. Интернет туралы не білесің? — дүниежүзілік желі.
  2. 2. Суретті жылжытқанда соңында із қалдыратын перне — пробел.
  3. 3. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас — интерфейс.
  4. 4. Интернетке қосылу құрылғысы — модем.
  5. 5. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші — сканер.
  6. 6. Жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ — терезе.
  7. 7. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы — пернетақта.
  8. 8. Ақпаратты ұзақ сақтауға арналған жад — ішкі жад.
  9. 9. 1 МБайтта неше Кбайт бар? — 1024.
  10. 10. Процессордың өте жылдам істейтін шағын жады — кэш-жады.

11-сынып капитаны

  1. 1. Монитор қандай құрылғы? — бейнені экранға шығаратын құрылғы.
  2. 2. IP қандай хаттама? — мәліметтерді адресі бар тақырыпшаларымен бірнеше дестеге бөліп жеткізетін желілік хаттама.
  3. 3. Ақпараттық сервер деген не? — көпшілікке арналған көптеген ақпарат түрлері жинақталған, әр тұтынушы пайдалана алатын арнаулы компьютер.
  4. 4. Ақпаратты сақтау деген не? — сервердің желідегі тұтынушыларға қызмет етуге бағытталған ішкі функцияларының бірі.
  5. 5. Электрондық поштаны қолдану кезінде зиян болуы мүмкін бе? — иә. Мағынасыз, қайталанатын хаттардан, жалған адресаттан келген хабарламалардан сақ болу керек; желі арқылы вирус та таралуы мүмкін.
  6. 6. URL нені білдіреді? — Uniform Resource Locator, яғни ресурстың әмбебап адресі.
  7. 7. E-mail қандай қызмет атқарады? — желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасуды жүзеге асырады.
  8. 8. Желі торабы деген не? — бірдей хаттамаларды пайдаланатын желілерді байланыстыратын компьютер.
  9. 9. Браузер деген не? — гипермәтінді көруге арналған бағдарлама.
  10. 10. Провайдердің қызметі қандай? — интернетте тұтынушылардың желіге тікелей қосылып, байланыс құруын қамтамасыз ету.

Қорытынды

Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қана қоймай, шешу жолын табыңдар.

Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!