Жолдаудағы төртінші мәселе

Сабақтың тақырыбы

Тура теңдіктердің қасиеттері негізінде теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың тура теңдіктер және теңдеулерді шешу туралы білімін нығайту.
  • Жылдам есептеу дағдысын қалыптастыру; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде сөйлеуді дамыту.
  • Танымдық және құзыреттілік іс-әрекет арқылы білім алуға, еңбекке бейімдеу; ұжымшылдыққа, ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Әдістер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Іздену жұмысы
  • Ауызша және топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Кестелер
  • Сызбалар

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу және көңіл күй

Балалар, қазір математика сабағы. Бүгін сабағымызға қонақтар қатысып отыр.

Жарқырап күн ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Добрый день!
Сәлемдесіп алайық.

Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

Қайырлы таң, досым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн — сәрсенбі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын.

Мақсат пен міндет

Біз — көңілді баламыз.
Мақсатымыз — білім алу.
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу.

Топқа бөлу

  • І топ — Қарағанды қаласы

    Ұраны: «Тәуелсіз елдің тірегі — білімді ұрпақ.»

  • ІІ топ — Алматы қаласы

    Ұраны: «Біріміз — бәріміз үшін, бәріміз — біріміз үшін.»

  • ІІІ топ — Астана қаласы

    Ұраны: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.»

Әр қаланың өз әкімі бар. Сабақ соңында әр әкім халық алдында есеп береді.

Сұрақтар

  • Елбасымыз кім?
  • Қай жылы сайланды?
  • Елбасы жыл сайын халыққа не айтады? (Жолдау)
  • Білімді бізге кім береді? (Ұстаз)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

№12. Математикалық диктант жазамыз. Диктантты дұрыс орындасаңдар, үй тапсырмасы да дұрыс орындалды деп есептейміз.

Есеп

9 × 71

Есеп

360 ÷ 6

Есеп

36 × 5

Есеп

480 ÷ 80

ІІІ. Өткен сабақты қайталау

Жолдаудағы 1-мәселе: «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі

Ой қозғау: өлшемдер — білімі, тәрбиесі, оқудағы жетістігі.

Сұрақ:

Тура теңдіктердің қасиеттері дегеніміз не?

Жолдаудағы 2-мәселе: Тұрғындарға қызмет көрсету

Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін көптеген қызмет түрі электронды форматқа көшірілуі тиіс. Сондықтан көбейту кестесін қаншалықты меңгергенімізді байқап көрейік.

300 × 2

500 ÷ 5

420 ÷ 7

720 ÷ 8

800 ÷ 4

45 × 4

Жолдаудағы 3-мәселе: Еңбек өнімділігін 5 есе ұлғайту

Тапсырма

5 × x

Тапсырма

45

Тапсырма

x ÷ 7 = 49

Жолдаудағы 4-мәселе: Ауыл шаруашылығын дамыту

Есеп

78 ÷ 3

Нәтиже

26

Ойлы болсаң, тауып көр

Логикалық есептер

  1. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
  2. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1 жұмыртқа пісу үшін неше минут керек?
  3. Әкесі екі баласымен жолға шықты. Алдарынан өзен шықты. Жағадағы қайық екі баланы ғана немесе әкесін ғана көтере алады. Олар өзеннен қалай өтеді?
  4. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
  5. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы неше мысық отыр?

Кел, мақалдатайық

  • Піл күшті емес, тіл күшті.
  • Он саусақтың сәні — әшекей, кестенің сәні.
  • Еңбек — адамның екінші анасы.
  • Әкесіз жетім — жарты жетім, шешесіз жетім — анық жетім.

Жолдаудағы 5-мәселе: Спортқа көңіл бөлу

Есеп

40 × 6 = 240

Есеп

100 × 2 = 200

Қорытынды

240 + 200 = 440

Жолдаудағы 6-мәселе: Зейнетақы жүйесін жетілдіру

Есеп

640 ÷ 8

Есеп

560 ÷ 8

Есеп

14 × 6 × 16 × 6

Жолдаудағы 7-мәселе: Индустриялық-инновациялық жобалар

Ұстаздың тапсырмасы

Мен — ұстазбын. Күнделікті сабаққа дайындалуға 95 минут, дәптер тексеруге 125 минут жұмсаймын. Бос уақытым осы екі жұмысқа кеткен уақыттан 2 есе кем. Бос уақытым неше минут? Сағат және минутпен өрнекте.

Қосу

125 + 95 = 220

Екі есе кем

220 ÷ 2 = 110

Минутпен

110 минут

Уақытпен

1 сағат 50 минут

Жолдаудағы 8-мәселе: Жұмысқа тарту

Деңгейлік тапсырмалар

  • І деңгей

    №6

  • ІІ деңгей

    №8

  • ІІІ деңгей

    Есеп

Мұғалім оқушылар саны бірдей екі сыныпты циркке алып барды. Бірінші сыныпты теңдей бөліп екі қатарға отырғызды. Екінші сыныпта 14 бала бір қатарға, 10 бала екінші қатарға отырды. Әр сыныпта неше оқушы бар? Бірінші сыныпта әр қатарға неше оқушыдан отырғызылған?

Белгілеу

  • x — бір қатардағы оқушы саны (бірінші сынып).
  • 2x — бірінші сынып оқушыларының жалпы саны (екі қатар).
  • Екінші сынып: 14 + 10.

Шешуі

2x = 14 + 10

2x = 24

x = 24 ÷ 2

x = 12

Тексеру: 12 × 2 = 24, 14 + 10 = 24.

Жауабы:

Әр сыныпта 24 оқушы. Бірінші сыныпта әр қатарға 12 оқушыдан отырғызылған.

IV. Қорытынды

Әкімдердің әр оқушының сабаққа қатысуы бойынша есебі тыңдалады.

Еліміздің болашағы — білімді ұрпақ қолында. Бүгін сендер оны өз білімдеріңмен дәлелдедіңдер деп ойлаймын.

«Мәңгілік Ел» — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ендігі ұрпақ — Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ елінің ұлттық идеясы — «Мәңгілік Ел»!

Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,
Жасай берсін елдігіміз Мәңгілік!

V. Үй тапсырмасы

Күнделікті енді ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді
Ұмытпай есте сақтап алайық.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы сабақ бойындағы белсенділігіне, тапсырмаларды орындауына және топтық жұмысқа қатысуына қарай бағаланады.