Өрмекшінің торы әдісі бойынша ертегі мазмұнына байланысты сұрақтар қою
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (Қазақ әдебиеті, 5-сынып)
Сабақ тақырыбы: «Аяз би» ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі. Сабақта оқушылар ертегінің мазмұнын меңгеріп, кейіпкерлер әрекетін талдау арқылы адамгершілік құндылықтарды түсінеді және сыни ойлау дағдыларын дамытады.
Сілтемелер
- Диалогтік оқыту (Мерсер, 2008)
- Сыни тұрғыдан ойлау
Түйінді идея
«Аяз би» — шыншыл ертегі. Шыншыл ертегілерде қиялдан туған ғажайып кейіпкерлер болмайды; оқиға желісі өмір шындығына жақын суреттеледі.
Сабақтың мақсаты
Ертегі мазмұнымен таныстыру, қарапайым адамның зеректігі мен танымдылығын ұғындыру, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты талдау арқылы оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу; ойлау қабілетін кеңейтіп, сөйлеу мәдениетін дамыту және шығармашылыққа баулу.
Оқыту нәтижелері
- Ертегі мазмұнын меңгереді.
- Өмірдегі жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді.
- Кейіпкерлер бейнесін талдап, тұжырым жасайды.
- Топтық жұмысқа дағдыланады.
- Өзін-өзі реттеу дағдыларын қолданады.
Негізгі бағыттар
- Адамның жақсылығы мен жамандығы ішкі жан дүниесі және рухани байлығы арқылы бағаланатынын түсінеді.
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
- Постермен жұмыс жүргізеді.
- Өзіндік көзқарасын қалыптастырады.
- Жеке тұлғалық қабілеттерін ашуға мүмкіндік алады.
Сабақта қолданылатын материалдар
- Флипчарт
- Стикерлер
- Интербелсенді тақта
- Маркерлер
- Оқулық
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- «Шаттық шеңберін» құру: бір-біріне жылы лебіз айтып, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
- Түсті шарлар арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру
- «Ер Төстік» ертегісінен ұнаған бөлімі бойынша сурет салу.
- Ертегінің мазмұнын қысқаша айту.
Жаңа сабақ
Тапсырма №1
Топтық жұмыс- 1-топ: ертегі кейіпкерлеріндегі жақсы қасиеттерді топтастыру.
- 2-топ: ертегі кейіпкерлеріндегі жағымсыз қасиеттерді топтастыру.
Тапсырма №2
Венн диаграммасыЖаман
- Ақылымен ханның көңілінен шығады.
- Ешкімге жамандық ойламайды.
- Адал жар.
Ұқсастығы
- Ханға қызмет етеді.
- Ақыл қосып, кеңес береді.
Қырық уәзір
Күншіл, қызғаншақ, ақылсыз, арсыз, намыссыз, парықсыз.
Тапсырма №3
Сұрақ-жауапЕкі топ ертегі желісі бойынша 3 сұрақтан дайындайды. Сұрақтар қағаздан ұшақ жасалып, бір-біріне ұшыру арқылы алмасады.
Сергіту сәті
Музыка«Көңілді күн» әуенімен қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
Тапсырма №4 (1-топ)
«Теріп алу» стратегиясыАяз бидің өткен сынақтарын анықтап, жүйелеп жазады.
Тапсырма №4 (2-топ)
ТалдауЕртегідегі мақал-мәтелдер мен даналық сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіреді.
Сабақты қорытындылау
«Өрмекшінің торы»«Өрмекшінің торы» әдісі арқылы ертегі мазмұнына байланысты сұрақтар қойылып, оқушылардың түсіну деңгейі мен пікір айту дағдылары жинақталады.
Автор туралы мәлімет
Мектеп
Атырау қаласы, Ф. Досымова атындағы №12 орта мектеп
Пән мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі — Бисенова Динара Темірбекқызы