Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Лобанов орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жукушева Күлтай Амангелдиновна
7-сынып
Етістіктің райлары. Шартты рай
8-сынып
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты
Білімділік (7-сынып)
- Сөз таптарының түрлену заңдылықтары мен сөз мәдениетінің байланысын тану.
- Морфологияға қатысты тілдік ұғымдардың мәнін анықтау.
- Әр сөз табының түрленуін және сөйлемдегі қызметін меңгертуге арналған жаттығулар орындау.
Білімділік (8-сынып)
- Құрмалас сөйлем сыңарларын байланыстыратын жалғаулық шылауларды ажырату.
- Жалғаулық шылауларды сөйлеу тілінде еркін қолдануға дағдыландыру.
- Салаласа және сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлем түрлерін меңгерту.
- Осы құрылымдарды қолданып мәтін құрастыру қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
- Әр оқушының өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін танып, оны дамытуына ықпал ету.
Дамытушылық
- Өз бетімен ізденіс дағдыларын жетілдіру.
- Іскерлік қабілетін дамытатын, шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Сабақтың өту барысы
1) Ұйымдастыру жұмыстары
А) «Шаттық шеңбері»
Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа арналған ізгі тілек айтады. Мысалы: «Бүгін күн қандай тамаша! Сізге де тамаша табыс тілеймін».
Ә) Эпиграфпен жұмыс
«Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады».
Әл-Фараби
«Білімді, сауатты адамдар — ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші».
Н. Назарбаев
2) Жаңа сабақтың мақсатын қою
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
3) Жаңа материалды меңгерту
Сен шарт қойғанды ұнатасың ба? Егер мен көмек көрсетсем, онда ол да маған қол ұшын береді деп, досыңмен келісім жасап көрдің бе?
Шарт жасау қандай жағдайда қажет деп ойлайсыңдар? Шарт қоюдың жолдарын білгілерің келе ме?
Назар аударайық
Егер зейін қойып тыңдасаңдар, біліп алмайтын мәлімет те қалмайды.
4) Жаңа материалдың игерілуін тексеру
Ахмет Йүгінекидің сөзімен айтқанда, бұл кезеңде тақырып бойынша білімімізді көрсетеміз:
Білікті білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп-өнер.
Білдірер білім елге білім сырын,
Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер.
5) Жаңа материалды бекіту
Тапсырма орындау барысында баяу музыка қойылып, табиғат бейнелері ауысып тұрады. Ортақ топтық тапсырма арқылы әр сынып өз тақырыбын талдап, бекітеді. Мақсат — шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдар
- Әр топқа A4 қағазы таратылады.
- Қағаздың ортасында түсініксіз бейне беріледі.
Тапсырма
- Бейнені түсінікті суретпен толықтыру.
- Суретке атау беру.
- Тақырыптың әр әрпіне сөз ойлату.
- Байланысты шағын ертегі құрастыру.
- Өз мәтіндерінен әр сынып тақырыбына сай сөздер мен сөйлемдердің астын сызып, жасалу жолын түсіндіру.