Тыныс алу жаттығулары
Шаттық шеңбері
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз.
Айналадағы барша жанға
Тек мейірім сыйлаймыз.
Жаттығуға кіріспе
Тәрбиеші
Балалар, біз күн сайын ұйқыдан кейін оянуға арналған түрлі жаттығулар жасаймыз. Қандай жаттығуларды білесіңдер?
Балалар
Көзге арналған жаттығулар, құлаққа, қол мен аяқ саусақтарына арналған жаттығулар. Тыныс алу жаттығулары.
Тәрбиеші
Бүгін біз музыка ырғағымен «Көңілді қоңыздар» жаттығуын орындаймыз.
«Көңілді қоңыздар» жаттығуы
Әуенмен орындалатын мәтін
Түс мезгілі келді,
Қоңыздар ұйқыға кірді.
Қоңыздар түс көреді —
Әдемі, сиқырлы әлемді.
Табиғат қандай тамаша!
Жаз мезгілі — жайдары.
Айнала жасыл шөптер,
Жайқалған әсем гүлдер.
Қоңыз, қоңыз, қоңыр қоңызым —
Тынығады, ұйықтайды.
Ұйқыдан қоңыздар оянып,
Аунап-қунап алады.
Көзге арналған жаттығу
- Көзімізді ашайық.
- Көзге жеңіл жаттығу жасайық.
Созылу және сергіту
- Бойымызды жазайық.
- Қолымызды созайық.
- Жаттығулар жасап, ұйқымызды ашайық.
Массаж элементтері
- Оң қолға тарақ алып, әртүрлі массаж жасаймыз.
- Сол қолға массаж құралын алып, табанға массаж жасаймыз.
Қимыл-қозғалыс бейнелеуі
Қоңыз, қоңыз, қоңызым —
Өрмелеген қоңызым.
Қыбыр-қыбыр жүріспен
Қоңыздар қырға шығады.
Қоңыз шықты ағашқа,
Артында оның баласы.
Күн шапағын шашады,
Қоңыз үйге қайтады.
Еліктеу жаттығулары (жолмен қозғалу)
Әдемі ирек жолдармен,
Лақтай ойнақтап,
Тастан-тасқа секіріп,
Дем алып, дем шығарып,
Қоянша біз жүреміз.
Секіреміз, билейміз.
Аюға ұқсап қорбаңдап,
Қорбаң-қорбаң жүреміз.
Араға ұқсап ызыңдап,
Гүлдерге қонамыз.
Тыныс алу
Гүлдің иісін иіскейміз, таза ауаны жұтамыз.
Табанға нүктелі массаж
Жалаңаяқ жүріп, табанға нүктелі массаж жасаймыз.
Денсаулығым керемет —
Жаттығуға рақмет!
Қорытынды сөз
Балалар, бүгін біз «Көңілді қоңыздар» жаттығуын орындап, денемізді шынықтырдық. Жарайсыңдар, өте белсенді қатыстыңдар!
Таңғажайып сәт: «Бөтелкедегі жел»
Күлдірген
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге өте тамаша тыныс алу жаттығуын алып келдім: «Бөтелкедегі жел».
Тәрбиеші
Рақмет, Күлдірген! Керемет таңғажайып сәт болды.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоңыздар»
Ойын шарты
- «Күн шықты» дегенде қоңыздар «ж-ж-ж-ж-ж» деп дыбыстап, өрмелеп жүреді.
- «Жаңбыр жауды» дегенде қоңыздар ағаштың астына барып, жасырынып қалады.
Қоштасу
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңбер құрып тұрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.