Қазақстандағы өзен - көлдер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Су және жер асты сулары туралы білімді еске түсіру.
- Картадан су нысандарының шартты белгілерін анықтау: өзен, көл, теңіз, мұхит.
- Өзен мен көл туралы мәліметті сызбалар арқылы талдау.
- Дамыта оқыту қағидаларына сүйене отырып, өзен мен көл туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық
- Әсемдікке, жинақылыққа және дәлдікке баулу.
- Сұраққа нақты әрі жүйелі жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік
- Танымдық қабілетті дамыту, табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың түрі
Танымдық сабақ.
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, қазақ тілі, химия, география.
Әдістер
- Ассоциация
- INSERT
- 5 минуттық эссе
Көрнекіліктер мен әдебиет
- Оқулық, карта, сызбалар
- «Дүниетану» оқулығы
- «Ол кім? Бұл не?»
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығы қадағаланады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ассоциация әдісі
Бірнеше оқушы тақтада ассоциация құрып жұмыс істейді.
Минералды су
Сызба арқылы талдау жұмысы жүргізіледі.
Судың физикалық қасиеттері қашан өзгереді?
- Су + ас тұзы — дәмі өзгереді.
- Су + сірке қышқылы — иісі өзгереді.
- Су + саз — түсі өзгереді.
III. Бекіту (алдыңғы тақырып бойынша)
- 1 Табиғатта дайын күйінде кездесетін, денсаулыққа пайдалы су қандай?
- 2 Қолдан жасалатын шипалы суларға нелер жатады? (сұйық дәрі-дәрмектер)
IV. Жаңа сабақ
Міндеттер
- 1 Судың пайда болу жолдарын көрсету.
- 2 Қазақстандағы өзендер мен көлдер туралы мәлімет беру.
- 3 Тапсырмалар арқылы білімді бекіту.
1) INSERT әдісі
Оқушылар кесте бойынша өз ойларын жинақтайды:
| V | + | ? |
|---|---|---|
| Мен не білемін | Мен нені білдім | Нені білу керек |
Оқушылар өздерінің өзен мен көл туралы білетіндерін айтады. Мұғалім сұрақтар арқылы жаңа тақырыптан не түсінгенін нақтылайды.
2) Сызбамен жұмыс
Су түрлерін сызба арқылы жүйелеу:
- Жер асты суы
- Өзен (бойында: қалалар, егістік, өнеркәсіп, қатынас жолдары, су электр стансалары)
- Көл (сурет/сызба арқылы таныстыру)
V. Картамен жұмыс және талқылау
Қазақстандағы өзендер
Картадан негізгі өзендер көрсетіледі: Жайық, Ертіс, Сырдария, Іле және т.б.
Каспий туралы маңызды түсінік
Каспий атауында «теңіз» деген сөз болғанымен, ол көл болып есептеледі. Себебі оның мұхитпен жалғасатын табиғи арнасы жоқ; құрлық ішіндегі тұйық су айдындары көл деп аталады.
Қара теңіз неге теңіз?
Қара теңіз көл емес, нақты теңіз. Өйткені ол бұғаздар арқылы Жерорта теңізіне жалғасып, әрі қарай Атлант мұхитына шыға алады.
Көлдердің пайда болуы және қасиеттері
- Көлдер тау қуыстарында, сондай-ақ дала мен шөлейт жерлердегі ойыстарға су жиналуынан пайда болады.
- Көл суларының мөлшері, тереңдігі және қасиеттері әртүрлі.
- Көл суының түсі ашық, күңгірт немесе ақшыл болуы мүмкін.
Сұрақ–пікір алмасу
Көл сулары неліктен азаймайды? (Оқушылар өз пікірін дәлелдеп айтады.)
Мәтін бойынша сұрақ–жауап
Өзен мен көл туралы алған білімді нақтылау үшін сұрақтар қойылып, жауаптар тыңдалады.
Тапсырмалар
1) «5 қатар» тапсырмасы (сөздік қорды байыту)
- A Өзен дегеніміз не? Көл дегеніміз не?
- Ә Өзен қандай қимыл жасайды? Көл ше?
- Б Сөйлем құрастыр: «… өзен.» «… көл.»
- В Өзен суы қандай болады? Көл суы қандай болады?
2) 5 минуттық эссе (ойлау қабілетін дамыту)
5 оқушы жазады. Бастапқы мәтін:
Үш бала орман ішінде келе жатып, сылдырап аққан суға кез болды. Айналасы қалың жапырақты ағаштар, суы мұздай салқын, мөп-мөлдір, әдемі, тап-таза екен. Әлгі үш бала судың жанына келіп, әңгімелесе бастайды… (ары қарай оқушы жалғастырады).
3) Карточкамен жұмыс
Өткен материал бойынша 6 оқушы карточка тапсырмаларын орындайды.
4) Тыйым сөздер (суға байланысты)
Қалған оқушылар суға қатысты тыйым сөздерді атап, мағынасын түсіндіреді.
Нәтижені талдау
Үш түрлі жұмыстың жауаптары тыңдалып, қысқаша қорытындыланады.
VI. Бекіту (монолог құрастыру)
Оқушы өзін белгілі бір нысанның орнына қойып, 1 минут ішінде монолог құрастырады.
I-топ
Өзен атынан сөйлеу.
II-топ
Көл атынан сөйлеу.
III-топ
Бұлақ атынан сөйлеу.
VII. Қорытынды
INSERT әдісі бойынша кестенің «Мен нені білдім» және «Нені білу керек» бөлімдері толтырылып, негізгі ойлар жинақталады.
VIII. Үй жұмысы
Мәтінді оқып келу.