Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын, Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
10 саны
Типі
Жаңа білімді меңгерту
Түрі
Танымдық сабақ
Әдістері
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Ойландыру
- Ойын элементтері
Технологиясы және көрнекілігі
Технологиясы: дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, 10 санына қатысты тапсырмалар, кестелер, үлестірмелер.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- 10 саны және оның құрамымен таныстыру.
- 10 санын жазуды үйрету.
- 10 көлеміндегі қосу және азайту амалдарын орындау жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық
- Оқу-танымдық және ойын әрекеттері арқылы пәнге қызығушылық пен белсенділікті арттыру.
- Ой-өрісті дамыту, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
- Сөздік қорды молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік
- Өзгені тыңдай білуге және өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
- Алға қойған мақсатқа жетуге және нәтижеге ұмтылуға баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Сәлем саған, алтын күн!
Сәлем саған, көк аспан!
Сәлем саған, достарым!
Сәлеметсіз бе, ұстазым!
Психологиялық дайындық
Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын,
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы болып дараланып,
Математика қызыққа тоймайтұғын.
Кіріспе сұрақтар
Сұрақ:
Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
Жауап: 4 жыл мезгілі бар.
Сұрақ:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Жауап: Қыс мезгілі.
Сұрақ:
Осы кезде балалар жақсы көретін қандай мереке жақындап келеді?
Жауап: Жаңа жыл мерекесі.
Сұрақ:
Жаңа жыл несімен қызықты?
Жауап: Аяз Ата, Ақшақар, шырша.
Ойын: «Шыршаны безендіру»
Математикадан алған білімімізге сүйене отырып, ортадағы шыршаны безендіреміз.
Шарты
Шыршада сандар ілулі тұрады. Мұғалім әр топқа өрнектер таратады. Оқушылар санға сәйкес өрнектің мәнін тауып, дұрыс жауап арқылы ойыншықтарды «ілінеді».
Топқа бөлу
- 1-топ Тапқырлар
- 2-топ Ойшылдар
- 3-топ Білгірлер
- 4-топ Алғырлар
Ынталандыру әңгімесі
XXI ғасырда Қазақстанды әлем танып, өркениетті елдер қатарына қосылды. Егемендік алғаннан кейін еліміз 117-орыннан 61-орынға көтерілді. Еліміз дамыған 50 елдің қатарына қосуды мақсат тұтады.
Ой қозғау: Еңселі 50 елдің қатарына ену үшін біз қандай болуымыз керек? Білімді болу деген не?
Дарынды тұлға өмірде кездескен қиындықты жеңе алады. Болашаққа қадам басқан еліміз білімді, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Бүгін біз де «Болашақ баспалдағымен» көтеріліп, білімімізді көрсетеміз.
II. Қызығушылықты ояту
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда,
Болады екен он саусақ.
Оқушылар ойланып, болжам жасап, 10 саны туралы өз ойларын айтады.
III. Мағынаны тану
10 санымен танысу
- Оқулықпен жұмыс.
- 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
- 10 санын жазып үйрену.
Негізгі түсініктер
Сұрақ: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандары қандай сандар?
Сұрақ: 10 саны неше таңбадан құралған?
Жауап: 10 саны екі таңбалы сан.
Жазылуы: 10 саны екі торкөзге жазылады: 1 — сол жақ торкөзге, 0 — оң жақ торкөзге жазылады.
Жаттығулар
1. Ойлан, тап!
Логикалық тапсырмалар арқылы 10 санының құрамын анықтау.
2. Біліміңді байқа!
Қосу және азайту амалдары бойынша жылдам есептеу тапсырмалары.
3. Салыстыр
Тиісті салыстыру таңбасын қой: <, > немесе =.