Көрші атам
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Өтетін орны
- Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп
- Мұғалім
- Халел Рита Есенгелдіқызы — бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санатты, үшінші (базалық) деңгей бойынша сертификатталған
- Сабақ тақырыбы
- «Көрші атам. Сәлем бере білейік»
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
- Көрнекіліктер
- Оқулық, суреттер, слайд, таратпа материалдар
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап
Мақсаттар
Білімдік
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар туралы білімді пысықтау.
Дамытушылық
Есте сақтау қабілетін, сөздік қорын және логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік
Үлкенді сыйлауға, әдептілікке, дұрыс амандасу мәдениетіне тәрбиелеу.
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері / көңіл күйді көтеру
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралдарын түгендеу.
- Оқушылардың зейінін және ынтасын сабаққа бағыттау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын еске түсіріп, пысықтау үшін «Қызыл сызық» стратегиясы қолданылады.
- Өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылып, жауап алынады.
- Топтарға тапсырмалар беріледі: сөздерге сөзжасамдық (және қажет жерінде дыбыстық) талдау жасату.
III. Өткен материалды бекіту
- Сұрақ: «Нағашы ата» деген кім?
- Жауап: Ол — ананың әкесі.
- Тапсырма: Кім өз нағашы атасы туралы қысқаша айтып береді?
IV. Мақсат қою (сұрақ-жауап)
- Үлкен кісілермен амандасқанда ұл балалар қалай сәлем береді?
- «Сөз атасы — сәлем» нақылын қалай түсінесіңдер?
- Үлкен апалармен амандасқанда қандай сөздер айтамыз?
- Көрші аталармен және апалармен қалай амандасасыңдар?
Мағынаны тану: жаңа тақырып
Бүгінгі жаңа тақырып — «Көрші атам». Сабақ басында автор туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Өлең жолдары (көрініс ретінде)
Күнде үйінің қасынан
Көрші атамды көремін.
Жүгіріп кеп асыға,
Оған сәлем беремін.
Қолымды ол күліп кеп,
Иіліп тұрып алады:
«Міне нағыз жігіт!» — деп,
Сүйсініп бір алады.
Сәлемдесу үлгісі
— Ассалаумағалайкум!
— Алланың нұры жаусын!
— Уағалайкумассалам!
— Өзіңізге де соны тілеймін!
Сұрақ: Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?
М. Жаманбалиев
Ұлттық ойындар арқылы тапсырмалар
Оқушылар қазақтың ұлттық ойын түрлерін еске түсіреді: олар қай мезгілде ойналатынын талқылайды.
Қыс мезгіліндегі ойындар арқылы тапсырмалар орындалады. Әр ойын — жеке тапсырма.
1-тапсырма: «Аққала соғу»
«Құндылықтар спектрі»: тақтаға керілген жіпке тапсырма нәтижесін ілу.
Негізгі ой: Әдептіліктің белгісі — иіліп сәлем беру.
2-тапсырма: «Коньки тебу»
55-жаттығу (ауызша).
«Сәлемі түзудің өзі түзу».
3-тапсырма: «Шаңғы тебу»
56-жаттығу.
Сәлем беру де — парыз, сәлем алу да — парыз.
4-тапсырма: Топтық жұмыс
Ұ, ү дыбыстары бар сөздерге сөзжасамдық және дыбыстық талдау жасау.
«Бір күн танысқа — мың күн сәлем».
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан,
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой толғаныс
Енді бір-бірімізбен амандасып көрейік: сыныптастармен жұптасып, сәлемдесу мәдениетін қолдану.
«Ыстық орындық»
Орындыққа отырған оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
- Сәлемдесу кезінде қандай сөздерді қолданамыз?
- Әдептіліктің қандай белгілерін байқадық?
Қорытынды бөлім
Үй тапсырмасы
Тақырыпты қайталау, берілген жаттығуларды орындау.
Бағалау
Сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау сапасына қарай бағалау.
Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған әсері мен түсінгенін қысқаша айтады.