Бірлік болмай тірлік болмас деген атам қазақ
Ынтымақ, бірлік, келісім – ел үшін ең басты байлық
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдеріне ортақ Отан. Сондықтан 1 мамыр – халқымыздың бірлігі мен татулығын ұлықтайтын күн, әрі Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Бұл күн еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен аталып өтеді.
Мерекенің мәні
1 мамырдың басты мақсаты – ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттыру, татулықты, бірлікті және ортақ құндылықтарды насихаттау.
Халық даналығы
«Бірлік болмай, тірлік болмас», – дейді дана халқымыз.
Тірек қағида
«Берекенің бастауы – бірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Тәрбиелік мақсат
- Қазақстанның өзге ұлт өкілдеріне тарихи кезеңдерде құтты мекен, алтын бесік болғанын ұғындыру.
- Қазақстандық патриотизмге, елін-жерін сүюге, халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
- Басқа ұлттардың мәдениетін және әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Көрнекілігі
Салтанатты жиынның ашылуы
І жүргізуші
Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші
Құрметті қонақтар мен оқушылар!
Жүргізушілер
Қазақстан Республикасында мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ел үшін ең басты байлық» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Өлең жолдары
Қазақ жері – қонақжай төрдің жері, Қазақ елі – қас сақтай ердің елі. Толқынында тарихтың қуғын көрген, Барша ұлтқа құт мекен болған еді. Зобалаңда көп шеккен қасіретті, Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті. Риза көңілмен елге деген, Арнайды барша халық ақ тілекті.
Тарихи шолу
Қазақстанда қазіргі таңда 130-дан астам ұлт пен ұлыс мекендейді. Тарихтың белгілі кезеңдерінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбаны болып, елімізге қоныстанған көптеген халық үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
Сөз кезегі
«Көші-қон тарихының ақиқатын тарқата отырып…» — тарих пәнінің оқытушысы Мұстафаев Ербол баяндайды: ХХ ғасырдың басы, Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Ресейдің көші-қон саясаты және КСРО-ның 1937–1991 жылдар аралығындағы көші-қон үдерістері.
ІI жүргізуші
Нәсілдерге нұрлы күн болсын, Ынтымақтың бір жырын шертсем деймін. Татулығын жырға қосам ұлттардың, Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
І жүргізуші
Тілі бөлек болғанмен, тілек бір, Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл. Қазақстан – бар ұлысқа ортақ шаңырақ, Шайқалмай, шаттығымызды тіреп тұр.
Тілек
Ұлтаралық татулықтың арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмай, Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
Құттықтау және концерттік бағдарлама
Құттықтау сөз
Білім ордамыздың тыныс-тіршілігін үйлестіріп отырған басшымыз Исмайлов Темірбек көпшілікке жүрекжарды ақ тілегін білдіреді.
Өлең
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жүрегімде таныстым мың тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен күн түрілген. Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім.
Тәуелсіздік туралы ой
Еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толған тарихи кезең – қажырлы еңбектің, төзім мен жеңістің жылдары. Егемен елдің еңсесі жыл өткен сайын биіктей береді.
Көрініс
Алғашқы болып өз ұлтымыздың өкілдері ұлттық биді шашу ретінде ұсынады.
Құттықтау
Мерекелік құттықтау сөз ардагер ұстаз Қабыл Арғын ағайға беріледі.
Бір шаңырақ астындағы көптүрлілік
Бүгінгі кеште біз бірнеше ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Ал жалпы елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл – саяси маңызы зор, бірегей қоғамдық институт.
Өлең жолдары
Ортақ бізге жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан. Ортақ бізге бір Отан, Ортақ жердің байлығы. Еңбек ортақ, жыр ортақ, Ортақ бізге барлығы.
Бағдарлама үзінділері
- Орыс биі (оқушылар орындауында) және орыс ұлты өкіліне сөз беріледі.
- Өзбек ұлтының өкіліне сөз, өзбек биі.
- Татар биі (оқушылар) және татар ұлтының өкіліне сөз.
- Кәріс биі және кәріс ұлтының өкіліне сөз.
Орыс тіліндегі жолдар
Мы дружной семьёй живём в Казахстане, Татары, уйгуры и русские с нами. Так пусть же крепнет во веки веков Дружба народов всех возрастов.
Тәуелсіз елдің рухы
Көркем сөз
Тағдырдың тезіне де, қолдан жасалған тозаққа да шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Жаратқаннан медет сұраған елміз! Халқы жомарт, даласы дархан, таулары қалқан болған ақ бесік Атамекені бар, жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз! Намыс оты оянғанда, кеудеде жанартау жарылғандай, жауға қайсарлық танытып, бір-ақ тоқтаған қазақпыз.
Түйін
Сондықтан да бүгінгі мемлекетіміз – бабалар аманаты, сәт сайын қарыштап дамып келе жатқан Тәуелсіз Қазақстан.
Ән
Хор: «Атамекен»
Қорытынды сөз
Кешті қорытындылау үшін сөз лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарына беріледі.
Негізгі ой
Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық – ең алдымен өзімізге қажет. Көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір тірегі – Қазақстан халқының бірлігі. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің кепілі – ынтымақтастық пен бейбіт өмір.
Ұран
Бейбітшілік жасасын!
Ұран
Ынтымақтастық жасасын!
Ұран
Қазақстан жасасын!
Ұран
Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
Қорытынды
Осымен мерекелік кешіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!