Топ балаларынан сұрау
Сабақтың тақырыбы
10 саны және оның құрамы (презентация арқылы).
Сабақтың мақсаты
- 10 санын және 10 цифрын таныстыру.
- 10 санының құрамын анықтау және бекіту.
- Сандарды ажыратып, салыстыра білуге үйрету.
Ескерту
6 санын төңкергенде 9 саны пайда болатынын көрсету арқылы сандардың пішіндік ерекшеліктерін түсіндіру.
Білімділік
- 1-ден 10-ға дейінгі сандарды таныту.
- Қарапайым есептер шығарту.
Дамытушылық
Есептеу дағдысын қалыптастыру, логикалық ойлау мен шапшаңдықты дамыту.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Сандар мен цифрлар
- Үлестірмелі материалдар
Сабақтың әдісі
Сайыс (жарыс) түрінде ұйымдастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды топқа бөлу.
- Сабақ мақсаты мен жұмыс ережесін қысқаша таныстыру.
1-топ
Тапқырлар
2-топ
Білгірлер
II. Жаңа сабақ
- Өтілген сандарды қайталау және сұрақ-жауап.
- 10 саны, 10 цифры және 10 санының құрамы.
10 санының құрамы (мысалдар)
III. Санамақтар
Әр топтан балалар 1-ден 10-ға дейінгі сандарға арналған санамақтарды кезекпен айтады.
1 саны
Мені келсе білгің, Мен таяқша бірмін. Барлық санға жол бастап, Ең басында тұрамын.
2 саны
Бірден кейін тұрамын, Сандар іші тұрағым. Бірге – бірді қосқанда, Мен шығамын, шырағым.
3 саны
Екіден соң әрқашан Үш саны мен шығамын. Орныма барамын, Қос айшық саламын.
4 саны
Үш сызықтан таяғым, Оқушылар қояды. Төрт дегенің баяғы, Төрт түліктің аяғы.
5 саны
Оқушылар 5-ті Білу оңай десті. Санасаң қолдың саусағын, Оңай табасың бесті.
6 саны
5-тен кейін тұрамын, Сандар іші тұрағым. Басым бірмен басталып, Нөлмен бітер аяғым.
7 саны
Қара, мына қызықты, Кесуді кім ұмытты? Жеті болам бір тартсаң, Бел ортамнан сызықты.
8 саны
Жетіден соң әрқашан Сегіз саны шығамын. Орныма барамын, Қос дөңгелек саламын.
9 саны
Сегізден соң әрқашан Тоғыз саны шығамын. Басым бірмен басталып, Нөлмен бітер аяғым.
10 саны
Бүгінгі жаңа сабағымыз — 10 саны және оның құрамы.
IV. Бекіту тапсырмалары (ойындар мен жаттығулар)
1) «Көршісін тап» ойыны
Берілген санның алдындағы және кейінгі сандарын табу.
2) «Қатесін тап» ойыны
Сандар мен өрнектердегі қателерді анықтап, түзету.
3) Тақтада есеп шығару
4) Ауызша санау
1-ден 20-ға дейін тура және кері санау.
5) Құрастыру тапсырмасы
Геометриялық пішіндерден үй құрастыру.
6) Топтық жұмыс: «10-ға толтыр»
Әр топ 10 шығатындай қосылғыштарды таңдап, бірнеше нұсқа ұсынады (мысалы: 7+3, 2+8, 1+9).