Балалардың бойына тәуелсіздік күні туралы түсіндіру

Ертеңгілік іс-шара тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Мақсаты

  • Балаларға Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру.
  • Отан, мемлекеттік рәміздер, Елбасы ұғымдарын таныту; баланың қазақ ұлтына жататынын және Қазақстанда тұратынын ұғындыру.
  • Жеке тұлғаның бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімді қалыптастыру.

Ата-аналарға арналған шығармашылық бөлім

Ата-аналар үш топқа бөлініп, «Көркейе бер, Қазақстан» тақырыбында алақан ізі, қылқалам және майлы бояу арқылы сурет салады. Әр топ салған жұмысының мағынасын түсіндіреді: тәуелсіз елімізге арнап қандай бейне, қандай ой, қандай тілек жеткізгісі келетінін ортаға салады.

Іс-шара барысы

Кіріспе сөз

Тәрбиеші 1:

Құрметті Асанәлі балабақшасының ұжымы, ата-аналар, бүлдіршіндер! Бүгін еліміздің мыңдаған жылдар бойы аңсаған тәуелсіздігіне бастаған, тарихымызда алтын әріптермен жазылған Желтоқсан оқиғасымен сабақтас Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Тәрбиеші 2:

Рәміздерім — елдігімнің белгісі,
Білу керек, бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім — Әнұран, Көк Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген — жөн кісі.

Әнұран

Сурет және әңгімелеу арқылы мазмұнын түсіндіру.

Көк Ту

Тудың түсі көк екенін ұғындыру, мәнін талқылау.

Елтаңба

Белгілер мен нышандардың мағынасын қарапайым тілмен түсіндіру.

Хор

Әнұран орындау.

Отан туралы әңгіме

Тәрбиеші 1:

Балалар, біздің Отанымыз Қазақстан деп аталады. Отан — әрбір адамның киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің баға жетпес байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да — Отанның бір мүшесі.

Қазақстан — тәуелсіз, егемен мемлекет. Бүгін — Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің Тұңғыш Президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елордамыз — Астана қаласы.

Тақпақтар

Дулат

Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.

Ағлен

Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы.

Салтанат

Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде.

Інжу

Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.

Би бөлімі

Бүлдіршіндердің биін тамашалау.

Сұрақ-жауап (бекіту)

Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?
Туымыздың түсі — көк.
Суреттегі кісі кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан.

Ата-аналармен жұмыс: «Көркейе бер, Қазақстан»

Тәрбиеші 1:

Құрметті ата-аналар, үш топқа бөлініп, «Көркейе бер, Қазақстан» тақырыбында алақан ізі, қылқалам және майлы бояу арқылы сурет салуларыңызды өтінеміз. Кейін әр жұмысқа қысқаша түсіндірме беріп, тәуелсіз елімізге арнаған ой-тлектеріңізді ортаға салыңыздар.

Ата-аналар өз ойларын айтып, салған суреттерінің мағынасын түсіндіреді.

Қорытынды

Тәрбиеші 2:

«Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, ырыс-берекеміз молайсын. Бүлдіршіндеріміздің күлкісі үзілмесін, деніміз сау болсын. Көңіл бөліп келгендеріңізге көп-көп рақмет! Сау болыңыздар!