Жатқа айту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бұл жоспар Сымбат жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алдабергенова Үзілдік Жомартқызы өткізетін әдебиет сабағына арналған. Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза — «Интернат қоймасы».
Сабақтың мақсаты
- Тұрар Рысқұловтың балалық шағынан бір сәтті таныстыру, оқиға арқылы тарихи-танымдық түсінік қалыптастыру.
- Қазақтың жазықсыз жалаға ұшыраған зиялылары туралы әңгімелеу, оқушының дүниетанымын кеңейту.
- Ой-өрісті жан-жақты дамыту, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Мәтінге қатысты слайдтар
Тапсырмалар
Сөзжұмбақ, сызбалар
Әдіс
Жеке және топтық жұмыс
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сабақ басында үй тапсырмасы тексеріледі: С. Торайғыров (1893–1920) шығармашылығы, «Кедей» тақырыбы.
І топ
Мәнерлеп оқу
ІІ топ
Жатқа айту
ІІІ топ
Шығармашылық тапсырма
Талқылау сұрақтары
- Қазіргі уақытта «кедей» ұғымы қалай түсіндіріледі? Кедей адам бар ма?
- Өлеңді жатқа айту.
- С. Торайғыров — ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті қазақ ақыны, ойшыл; ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Ол сол дәуір әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі.
ІІ. Негізгі бөлім
1) Жаңа сабақты хабарлау: автор туралы
Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Ол — драматург, жазушы, журналист және қоғам қайраткері. Қай салада еңбек етсе де, халықтың жоғын жоқтаған тұлға.
Шығармалары
«Бөрте мен Зөре», «Мылтықсыз майдан» әңгімелері, «Қызыл жебе» романы және басқа туындылар.
2) Сөзжұмбақ: кейіпкерді/тақырыпты анықтау
Сөзжұмбақ шешу арқылы оқушылар сабақта кім туралы сөз болатынын анықтайды.
- Әл-Фарабидің туған қаласы.
- Абайды әлемге танытқан кім?
- «Дала жұлдызы» деп кім аталады?
- Шоқанның орыс досы кім?
- А. Байтұрсынұлының әкесі қайда жер аударылды?
3) Тұрар Рысқұлов туралы дерек
Т. Рысқұлов (1894–1943) қазіргі Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында дүниеге келген. Мектепте үздік оқып, Пішпектегі ауыл шаруашылық мектебін тәмамдаған соң, Ташкенттегі мұғалімдер институтына түскен. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, 1917 жылы Әулиеатаға келіп, большевиктер партиясы қатарына өткен.
4) Түсініксіз сөздермен жұмыс
Интернат
Алыстан қатынап оқитын балалар жататын орын.
Қойма
Азық-түлік сақталатын орын.
5) Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу, негізгі ойды табу, оқиға желісін анықтау және сұрақтарға жауап беру арқылы түсіну деңгейі бекітіледі.
6) Топтық жұмыс
- Рөлге бөліп оқу.
- Сахналық көрініс көрсету.
- Кейіпкерлерге мінездеме беру.
7) Әңгімеге ат қою
Оқушылар мәтін мазмұнына сай балама атаулар ұсынып, таңдауын дәлелдейді.
ІІІ. Сабақты қорытындылау
Түйін сөз
Атадан асыл ұл туса — елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса — елінің малын жейді.
Бағалау
Оқушылардың мәнерлеп оқуы, мәтінді түсінуі, топтық жұмысқа қатысуы және шығармашылық тапсырмаларды орындауы негізінде бағаланады.