Бейорганикалық химия

Қолданбалы курс · 10-сынып

Бағдарламаға түсіндірме хат

Автор: Сансызбаева Роза Мұхтарқызы — Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Бекарыстан би кеңшары, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектептің биология пәні мұғалімі.

Курс тақырыбы: «Химиялық элементтер — өмір өзегі»

І. Курстың мақсаты

  1. Мектеп курсында алған білімді кеңейту және тірі организмдер үшін химиялық элементтердің маңызын ұғындыру.
  2. Оқушылардың өз бетінше ойлауын, ізденісін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІІ. Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар

  • Жұмыс дәптерінің болуы.
  • Танымдық іс-әрекетке белсенді қатысу.
  • Компьютерлік техниканы және цифрлық ресурстарды пайдалану.

ІІІ. Пәнаралық кіріктіру

Химия Биология Математика Әдебиет Медицина Ауыл шаруашылығы

IV. Кәсіпке бағдарлау

Курс мазмұны оқушыларды келесі бағыттар бойынша кәсіби бағдарлауға мүмкіндік береді:

  • Химик
  • Биолог
  • Медицина саласының мамандықтары
  • Фармацевтика
  • Ауыл шаруашылығы мамандықтары

V. Уақыт көлемі

Жалпы сағат саны
34
Өткізілу жиілігі
Аптасына 1 рет

VI. Тақырып жоспарының мазмұны

Бағдарлама 2 тараудан тұрады және төмендегі сағат үлестірімімен жоспарланған:

Кіріспе

2 сағат

І тарау: Бейорганикалық қосылыстар туралы жалпы түсінік

18 сағат

ІІ тарау: Органикалық қосылыстар туралы жалпы түсінік

10 сағат

Қорытынды

3 сағат

Сынақ

1 сағат

VII. Ұйымдастыру формалары

  • Лекция және семинар
  • Конференция
  • Ойын сабақтары
  • Сайыс
  • Бақылау және сынақ

VIII. Курсты аяқтау формалары

  • Реферат
  • Жоба қорғау
  • Шығармашылық жұмыстар (мысалы, «галереяға саяхат»)

IX. Оқу жетістіктерін бағалау

  1. Тест тапсырмалары
  2. Бақылау жұмыстары
  3. Сынақ жұмысы
  4. Интеллектуалды марафон қорытындысы

X. Ұсынылған әдебиеттер

Оқушылар үшін

  1. VIII, X, XI сыныптарға арналған оқулықтар.
  2. Я. Л. Гольдфарб — «Химия есептері мен жаттығуларының жинағы».
  3. «Элементтер — химия негізі».
  4. Интернет желісіндегі оқу ресурстары.

Мұғалімдер үшін

  1. И. К. Гелинка — «Общая химия», 1970.
  2. Н. А. Николаев — «Тіршілік химиясы».
  3. «Химия тұрмыста».
  4. «Химия в сельском хозяйстве».
  5. «300 есеп: Бейорганикалық химия».
  6. «300 есеп: Органикалық химия».

Күнтізбелік жоспар

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар курс мазмұны мен сағат санына сәйкес құрастырылады.

Ескерту: Мәтін редакциялық өңдеуден өтті (грамматикасы түзетіліп, құрылымы біріздендірілді).