Шұбар ала күйкентай, Шұбарына кім жетер

Қабат - қабат қаптама, ақылың болса таптама.

Ұзын - ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?
Кітап

Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса табылар еді не қалаған.
Білім, кітап

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайданалар тамам халық.
Кітап, оқу

Ұзын - ұзын, ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен?
Оқу

Қабат - қабат қаптама.
Ақылың болса аттама.
Кітап

Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.
Кітап

Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді,
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.
Кітап

Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қарайсың міне соған тамашалап,
Сол судың кете алмайды дәмін татқан.
Кітап

Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
Кітап

Дүниеде бір дария беті қайтқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.
Оқу, білім

Сай бойында сары алтын.
Білім

Ауыр - ақ, бірақ түсер салмағы жоқ,
Артқанның арып кейін қалғаны жоқ.
Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы ешуақытта талғаны жоқ.
Білім

Теңіздей түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең.
Білім



Ұқсас жұмыстар

ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Етті бағытта өсірілетін ірі қара мал
«Ұлпан» романы
Қазақстанның қорықтары туралы мақала
Жыртқыш құстар - дене мөлшері сан алуан
Махамбет Өтемісұлы
Елді мекендерде өмір сүретін құстардың биологиясы
Жыртқыш құстар
Қыстайтын құстар түрлерін анықтау
Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері
ДОМАЛАҚ АНА
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Баланың мектепке келу мәселесі
Жаңа заман талабы
Сақ тайпалары
ПАСКАЛЬ - Программалау стилі, деректерді енгізу және шығару
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.