Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата
Сабақ тақырыбы
Ылғал сүйгіш, су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер (Дүниетану, 3-сынып). Бұл қысқа мерзімді сабақ жоспары оқушылардың өсімдіктердің тіршілік ету ортасына бейімделуін түсінуіне бағытталған.
Білімділік мақсаты
Ылғал сүйгіш, су өсімдіктері және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді тану; олардың қай ортада тіршілік етуге бейім екенін дәлелдеу; өздігінен білім алу дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты
Талдау, жинақтау, дәлелдеу, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Топтық жұмыс арқылы достыққа баулу, бірін-бірі сыйлауға, бірлесе отырып білім алуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
- Ылғалда өсетін және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді біледі.
- Тіршілік етуге бейімділік қасиеттерін дәлелдейді және айырмашылықтарын ажыратады.
- Өздігінен білім алуға дағдыланады.
- Бірін-бірі әділ бағалауға үйренеді.
Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері
Бағалау және жұмыс формалары
Бағалау
Бірін-бірі бағалау, «жүрек жылуын сыйлау», «Бағдаршам», смайликтер.
Жұмыс формасы
Жеке, жұптық, топтық.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері (психологиялық ахуал)
Амандасу:
- Сәлеметсіз бе, ашық аспан!
- Сәлеметсіз бе, күннің көзі!
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
Топқа бөлу («Шаңырақ» әдісі)
Әр топтың партасына шарлар ілінеді. Оқушылар шардың түсіне сәйкес орындарына отырады.
2) Білу кезеңі
«Серпілген сауалдар» арқылы алдыңғы білім белсендіріледі.
Негізгі сұрақтар
- Өсімдік деген не?
- Қазақстанда өсімдіктің қанша түрі өседі?
- Өсімдік жақсы өсуі үшін оған не қажет?
- Өсімдіктер қорек пен ылғалды қайдан алады?
- Өсімдіктер жарық пен жылуды қайдан алады?
- Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?
- Өзің білетін ағаштарды ата.
- Өзің білетін бұталарды ата.
Ой шақыру (1-слайд)
- Қалай ойлайсыңдар, мына өсімдіктер қандай ортада өседі?
- Тамырына қарап, олардың тіршілік ортасын анықтауға бола ма?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау
Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, жаңа сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижелері нақтыланады.
3) Түсіну
- Мәтінді оқыту.
- Дәптермен жұмыс: негізгі ойды сызбаға түсіру, қысқаша жазу.
- АКТ арқылы өсімдіктердің суреттерін көрсету.
Тірек сызба (үлгі)
Ылғал сүйгіш
Бақбақ, беде, қоңырбас.
Су өсімдіктері
Сусарғалдағы, тұңғиық.
Құрғақшылыққа төзімді
Жантақ, сүттіген.
4) Қолдану
Семантикалық карта (A3 қағаз). Оқушылар тірек сызбаға сүйене отырып, ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді салыстырады.
| Салыстыру өлшемі | Ылғал сүйгіш | Құрғақшылыққа төзімді |
|---|---|---|
| Өсімдік атауы | Жазады | Жазады |
| Жапырақ ерекшелігі | Жазады | Жазады |
| Сабағы | Жазады | Жазады |
| Ылғалға қатынасы | Жазады | Жазады |
| Тамыр жүйесі | Жазады | Жазады |
Нәтиже
Топтар жұмыстарын постер арқылы қорғайды (оқулықпен жұмыс: 70–89-беттер).
5) Талдау
Сәйкестендіру тапсырмасы: музыка қосылып, оқушылар қозғалып жүреді. Музыка тоқтағанда, кеспе сөйлемдерді кестедегі тиісті бөлікке сәйкестендіріп жапсырады. Әр айналымнан кейін әрекет жалғасады.
6) Жинақтау (синтез)
- Мақал-мәтелді жалғастыру (слайд арқылы).
- Жұмбақтар шешу.
7) Қорытынды
Қорытынды сұрақтар
- 1 Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата. Олардың қандай ерекшеліктері бар?
- 2 Егер осы өсімдіктердің тіршілік ету ортасын ауыстырсақ, олар әрі қарай өсе ала ма? Неліктен?
- 3 Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.
Автор туралы
Екібастұз қаласы, №26 мектеп-гимназиясы. Бастауыш сынып мұғалімі: Сахан Мешимхан.