Мақал сөздің мәйегі Сандықшадан алған сөзге балаға қатысты мақал құрау

Жүргізуші: «Ана» десем — алғыс алам халқымнан, «Ана» десем — теңіз болам шалқыған. «Ана» десем — ашылады қабағым, «Ана» десем — әділдікті ұғынам. Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар: аналардан туған талай даналар. Ана — тіршіліктің тірегі. Армысыздар, қасиетті аналар!

Құрметті қонақтар, ардақты ата-аналар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Аналар мерекесіне орай «Балапан» тобы ұйымдастырып отырған «Әйел — көктем, Ана — гүл!» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Ендеше, «Балапан» тобының аналарын ортаға шақырайық.

Сайыс ережесі және бағалау өлшемдері

Қатысушыларға шақыру

Құрметті аналар, ортаға келіп, қоржын ішінен өз нөмірлеріңізді алуға шақырамын.

Әділқазылар алқасы

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазды анықтайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.

Бағалау критерийлері

  • Сахна мәдениеті, өзін-өзі ұстау
  • Сөйлеу мәдениеті, ой ұшқырлығы
  • Киім киісі, жүріс-тұрысы
  • Берілген тапсырмалар мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі

Сайыс бөлімдері

I бөлім — «Сәлем сөздің анасы!»

Таныстыру.

Таныстыру

Қазақ «Сәлем — сөздің анасы» деп бекер айтпаған. Алайда бұл сөздің мән-мағынасын түсінбей, амандасқан адамға жауап қатпай өте шығатын жағдайлар да кездеседі. Діни кітаптарда мұсылманның мұсылманмен сәлемдесуі міндетті екені айтылады. Ендеше, бір-бірімізге ізетпен амандаса білейік.

II бөлім — «Мақал сөздің мәйегі!»

Сандықшадан алынған сөз бойынша балаға қатысты мақал-мәтел құрау. Әр қатысушы 2 мақал айтуы керек.

Мақал-мәтел

Мақал-мәтелдер — талай замандар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысқан халықтық мұра. Олардан халықтың ақыл-ойы, даналығы мен тапқырлығы көрінеді: «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» — бір ауызға сыйған терең ой.

III бөлім — «Өнерлі өрге жүзер»

Өнер көрсету (ән, би және т.б.).

Өнер

Қазақ халқы — өнегелі, өнері мол ел. Ән айтылып, би биленіп, жыр төгілмеген орта — сәні кем орта. Бұл кезеңде әр ана өз өнерін паш етеді.

IV бөлім — «Білімді мыңды жығар»

Сұрақ-жауап.

Викторина

Ал, аналар, сұраққа қалайсыздар? Алда әлі талай сын бар. Дұрыс жауап берсеңіздер — мерей үстем!

Сұрақтар

  1. 1. Ұлттық ойындарды атаңыз.
  2. 2. ҚР мемлекеттік рәміздерін атаңыз.
  3. 3. ҚР Конституциясы қашан қабылданды?
  4. 4. «Бәсіре» деген әдет-ғұрыпты қалай түсінесіз?
  5. 5. «Мойнына бұршақ салу» деген не?
  6. 6. ҚР мемлекеттік туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
  7. 7. «Бес асыл іс» пен «бес дұшпанды» атаңыз.
  8. 8. Ауыр жұмыста көп қол қажет болғанда көрсетілетін көмекті қалай атайды? (Асар)

Жалғасы

  1. 9. Балаңыз сізді ренжітсе, ең алдымен қандай сөз айтар едіңіз?
  2. 10. Ұлттық бас киімдерді атаңыз.
  3. 11. Бесік туралы айтыңыз: түрлері. Бесік жырынан үзінді орындаңыз.
  4. 12. Киімге байланысты ырымдарды атаңыз.
  5. 13. Балаңыз балабақшаға қай жылы, қай айда келді?
  6. 14. Бала тәрбиесінде отбасының жауапкершілігі басым ба, әлде балабақшанікі ме?
  7. 15. «Қазан шегелеу» салты нені білдіреді?

V бөлім — «Образ»

Сандықшадан алынған мәтінді образға кіріп айту және сахналау. Шеберлікті көрсету.

Сахналау

VI бөлім — «Шебердің қолы алтын!»

Үй тапсырмасы: матадан немесе табиғи материалдардан ұлттық бұйым жасау.

Қолөнер

Ал, аналар, қалықтаңыздар — қалықтаудан жалықпаңыздар. Саусақтарыңыз майысып, көпшілікке шеберлік көрсететін сәт осы!

Қорытынды және алғыс

Бойларыңызда от барын байқадық, жүректеріңізде шоқ барын байқадық. Сол шоқты өшірмей, әрдайым жалындатып, биіктей беріңіздер. Әділқазылар шешім шығарар сәтте, бір әсем әуенге кезек берейік.

Ана туралы жүрек сөзі

Ана — жұмақтың асыл бағы. Ана — бұлақтың қайнар көзі. Бір-ақ күн қасыңда болмаса да, сағынасың, сағынасың өзің-ақ.

Ана — қайтпас қайсар болаттай. Ана — қалың шыққан құрақтай. Ана — өмірдің тіреуіші, шаңырақты құлатпай ұстап тұрған қуаттай.

Осындай аналарымызға мың алғыс!

Тәрбиенің өзегі

Жүсіп Баласағұнның ой-түйінімен айтсақ: ата-ананың бақыты — баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Балалардың өздеріңізге қуаныш сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы ең алдымен ата-анаға байланысты.

Бүгін балалары үшін уақыт тауып, өздерінің білімді де үлгілі екенін көрсете білген, балабақшамен байланысы берік аналарға отбасыларыңызға күннің шуағындай шаттық, жылуындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілейміз.

«Әйел — көктем, Ана — гүл!» сайысымыз осымен аяқталды.