Меркурий тапсырмасы
Мақсаты
Балалардың сандар мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен–кіші ұғымдарын ажырату дағдыларын қалыптастыру. Ғажайып саяхат арқылы қиялдарын шыңдау. Қисынды есептер шығарту арқылы логикалық ойлауын дамыту және тапқырлығын арттыру.
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, балалар! Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен.
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Ғарышқа саяхатқа дайындық
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз ғарыш әлеміне саяхатқа шығамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.
Әңгімелесу сұрақтары: Қазір жылдың қай мезгілі? Көктемнің қай айы? Сәуір айында қандай мерекелер бар?
Есте сақтайық
12 сәуір — Ғарышкерлер күні.
Жұмбақ
Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын.
Жауабы: ғарышкер
Ғарышқа ұшатын адамды ғарышкер дейміз. Ғарышкерлер аспан әлемін, ғаламшарларды және жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.
Тарихи дерек
Алғаш ғарышқа ұшқан
Юрий Гагарин
Қазақстаннан ғарышқа ұшқандар
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев
Зымыран құрастыру
Ғарышқа ұшу үшін бізге зымыран (ракета) керек. Геометриялық пішіндерді пайдаланып, тақтаға зымыран құрастырамыз.
Қандай пішіндер қолданылады?
- Үшбұрыш — зымыранның төбесі
- Төртбұрыш — кеудесі
- Көпбұрыш — екі қанаты
Зымыран дайын! Енді бізге ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. Кеттік!
Күн жүйесімен танысу
Біз ғарышқа келдік. Алдымызда аспан әлемі мен ғаламшарлар. Әр ғаламшар бізге құпия тапсырмалар дайындаған.
Күн жүйесінде ғаламшарлар Күнді айналып қозғалады. Біз өмір сүретін ғаламшар — Жер. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар — Меркурий.
Ғаламшарлардың тапсырмалары
Меркурий тапсырмасы
«Кім зерек?»
- 1. Кемпірқосақта неше түс бар? 7
- 2. Бағдаршамда неше көз бар? 3
- 3. Екі қолда неше саусақ бар? 10
- 4. Адамда қанша көз бар? 2
- 5. Жұлдыздың неше бұрышы бар? 5
- 6. Аспанда неше Күн бар? 1
- 7. Неше жыл мезгілі бар? 4
- 8. Бір аптада неше күн бар? 7
Меркурий тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Осы ғаламшарда болғанымыздың белгісі ретінде туымызды қадайық.
Шолпан тапсырмасы
«Кім тапқыр?»
Бос орынға тиісті пішінді сал. (Алдарыңдағы қағаздағы тапсырманы орындаңдар.)
Жер тапсырмасы
«Артығын тап»: артық затты қоршап, не себепті артық екенін түсіндір.
Марс тапсырмасы
«Ретін тап»: сандар қатарын реттеу, тура және кері санау.
Сатурн тапсырмасы
«Кім шапшаң?»
Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5 цифрлары жазылған кішкентай үйшіктерді тақтаға іледі. Балалар қалып қойған санды атап, сандарды ретімен орналастырады.
Уран тапсырмасы
«Көршісін тап» ойыны (слайдпен жұмыс).
Нептун тапсырмасы
«Сиқырлы қоржын»: көзді жұмып бір затты алып, оны сипатта (түсі, пішіні, көлемі).
Плутон тапсырмасы
«Цифрлар қайда жасырынған?»
Барлық ғаламшар тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді естелік ретінде ғаламшарлардан жұлдыздар алып кетейік.
Дидактикалық ойын
«Не жетіспейді?» (Үлестірмелі материалмен жұмыс.)
Қайту және қорытынды
Барлық тапсырманы жақсы орындадық. Енді балабақшамызға қайтуға жиналайық. Қане, бәріміз бірге: Кеттік!
Балабақшаға жеткен соң бой сергіту жаттығуларын жасаймыз.
Тәрбиеші: Балалар, білімдеріңнің арқасында бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сендерге көп рақмет!
Балаларды мадақтау және бағалау.