Өткен сабақта қандай тақырыпта өттік
Сабақтың тақырыбы
Тұңғыш қазақ ғарышкер
Түрі
Жаңа білімді тереңдету
Әдісі
Ойландыру, сұрақ-жауап, топтастыру
Көрнекілігі
Т. Әубәкіровтің суреті, сызбалар
Сабақтың мақсаты
- Білімдік: кісінің аты-жөні, жер-су атаулары бас әріппен басталып жазылатынын меңгерту; ғарыш туралы білімдерін кеңейтіп, жаңа мәліметтер беру.
- Дамытушылық: ойлау дағдыларын дамыту; өз ойын толық әрі нақты жеткізуге үйрету; мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
- Тәрбиелік: ғарышқа білімді, денсаулығы мықты, спортпен тұрақты шұғылданатын адамдар ұшатынын ұғындыру; еңбекқорлыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын реттеу, назарын шоғырландыру.
2) Өткен тақырыпты қайталау
Өткен сабақта қандай тақырып қарастырылды? Заттың атын білдіретін сөздер.
Ережені еске түсіру (№1)
- Адамдарға қатысты сөздерге кім? кімдер? деген сұрақтар қойылады.
- Заттар мен жануарларға не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
3) Сәйкестендіру тапсырмасы (№2)
Кім?
- Ана
- Бала
Не?
- Сүт
- Тіл
- Бал
Осы сөздерді пайдаланып қандай мақал құрастыруға болады?
- Ананың сүті — бал.
- Баланың тілі — бал.
4) Қызығушылықты ояту
Ерте, ерте, ертеде… Бас әріп пен кіші әріп дос болыпты. Олар ойнаса да, қуанса да, ренжісе де бірге жүріпті. Бір күні бас әріп өзінің үлкен әрі маңызды екенін дәлелдемек болады. Ал кіші әріп еркелеп, бас әріптің үлкендігін мойындай қоймайды. Сонда бас әріп былай дейді:
«Мен сенен үлкенмін, әрі ең басты әріппін. Өйткені мен болмаса, ешкім де өз атын дұрыс жаза алмайды».
Қорытынды: бас әріптер болмаса, аты-жөніміз дұрыс жазылмайды.
5) Жаңа сабақ: бас әріппен жазылатын сөздер
Ой шақыру (№5)
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді?
Жауабы: Ғарышкер
6) Оқулықпен жұмыс: 220-жаттығу
Өлең (мәнерлеп оқу)
Тұңғыш қазақ ғарышкер
Әубәкіров ағамның
Даңқы көпке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам, жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағамнан
Аумай қалғым келді.
Сұлтан Қалиұлы
А)
Мұғалімнің мәнерлеп оқуы
Ә)
Оқушылардың оқуы
Б)
Өлеңді талдау
7) Есіңе сақта
- Адамдар алғаш рет ғарыш кеңістігіне 1961 жылы ұшты.
- Биыл ғарышкерлердің аспан кеңістігіне жол салғанына 50 жыл.
- Ғарыш кемелері ұшырылатын орын — Қазақстанның Қызылорда облысындағы Байқоңыр ғарыш кешені.
Тапсырма: өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жаз.
Тақтада талдау үшін сөздер: Әубәкіров, Тоқтар, Гагарин.
Қорытынды: кісінің аты-жөні бас әріптен басталып жазылады.
8) Ереже және бекіту тапсырмалары
Ереже: кісінің аты-жөні бас әріптен басталып жазылады. (Мысалы: Әмірхан, Зәйкүл, Медетов.)
221-жаттығу
Сөздерді көшіріп жаз: Айдос, Раушан, Сәуле, Арай, Ілияс, Бидар, Меруерт.
9) Ойындар арқылы пысықтау
«Кім шапшаң?»
Өз аты-жөніңді және көршіңнің аты-жөнін жаз.
Сөзжұмбақ-логика
Суреттегі заттардың атын ата. Бірінші дыбыстарын қосып оқығанда суда да, құрлықта да тіршілік ететін жануардың атауы шығады: Бота, алма, қой, ара.
Жауабы: Бақа
Қорыту: «Артық сөзді тап»
Айгүл, Қағаз, Сәуле, Жұлдыз, гүл, Жанар, Айдос.
10) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және мәнерлеп оқуы бойынша бағалау жүргізіледі.
11) Үй тапсырмасы
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Ережені жаттау.
- Өз отбасыңда неше адам бар — олардың аты-жөнін бас әріппен дұрыс жазып келу.