Қызылорда ОПД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа Мен өмірді қалаймынНесіне мен ақын болып жарадым, Тас төбеден шындықты алып шықпасам
Қызылорда ОПД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа
Мен өмірді қалаймын
Несіне мен ақын болып жарадым,
Тас төбеден шындықты алып шықпасам.
Өр өлеңге жебе болып қадалдым,
Болмас енді жалғандықты жықпасам.
Ақиқат үшін өмірге мен келгенмін,
Ақиқатқа шын көңіліммен ергенмін.
Арамзалар өңірімнен кетсін деп,
Шындық үшін қиындықты жеңгенмін.
Пендеміз ғой, арақ көрсе өшетін
Сансыз сұрақ толғандарды неше күн
Неге осы біз ақиқатты айтпаймыз,
Адам бар ма, тілімізді кесетін?
Есірткіде, арақ, шылым бәріде,
Бар ғаламды тоздыратын дүние.
Құмарына түскен адам шырмалып,
Шығуы одан мүмкін бе оның әлде әсте.
Жолдау
Қазіргі XXI ғасырдағы қоғам дерті ішімдік, есірткіге әуестену . Бұл дерттен жазылу үшін жұмыла іс атқару керек. Сүрінгенге қол үшін беру, адасқанға жол сілтеу, қателескенді тығырықтан шығарып, қолдау көрсету керек. Арқа сүйеген ел азаматтары мен азаматшалары бөтелкенің түбіне қарап, есірткінің ләззатына батып кетсе, еліміздің тағдыры не болмақ? Ойланайық. Біздің қазақ халқымыздың тарихында бұндай дерттің аты да болмаған. Арақпен ауызында шаймаған ата - бабамыз осы қасіретті дерттің боларын болжағандығы Мөңке бидің Ақырзаман толғауын да бізге дәлел:
Ішкенің сары су болар,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болар.
Ендеше осындай дана халықтың ерен ұрпақтары ел тағдырына селқос қарамай, қоғамдағы осы дерттен бірігіп арылайық!
Байқоңыр қаласы, №272 орта мектеп
7 сынып оқушысы Ермаханова Аружан