Тиісті сын есімдерді қойып жазыңдар
Сын есім (Қазақ тілі, 6-сынып): қайталау сабағының жоспары
Бұл материал 6-сыныпқа арналған «Сын есім» тақырыбын қайталауға бағытталған. Сабақ құрылымы оқушының теориялық білімін бекітіп, мәтінмен жұмыс арқылы тілдік дағдыларын дамытуды көздейді.
Сабақ түрі
Қайталау
Сабақ әдістері
Интерактивті тақта, талдау, сұрақ-жауап
Негізгі әрекет
Мәтін, афоризм, жаттығу, тест
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Сын есім бойынша алған білімді бекіту, өтілген тақырыптарды жүйелі қайталау.
Дамытушылық
Оқушының тілін, сөздік қорын, ой-өрісін дамыту; тапсырмаларды шапшаң орындауға дағдыландыру; мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік
Мәтіндермен жұмыс арқылы ән өнеріне баулу, зеректікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақ барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабақ мақсатын қысқаша таныстыру.
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
Сын есімнің ережесін сұрау, жетелеуші (туынды) сұрақтар қою арқылы білімді нақтылау.
-
3) Негізгі бөлімге көшу
Махамбет Өтемісұлының жырларынан алынған афоризмдермен жұмыс (слайдтар арқылы). Оқушы тақтаға шығып, афоризмнің мағынасын ашып, өлең жолдарындағы сын есімдерге толық талдау жасайды.
Афоризмдермен жұмыс: сын есімдерді талдау
1) «Жүйрік аттың белгісі / Тұрады құйрық жалында»
Жүйрік — сын есім: негізгі, дара, сапалық, жай шырай.
2) «Қоғалы көлдер, құм сулар / Кімдерге қоныс болмаған?!»
Қоғалы — сын есім: туынды; түбірі қоға; -лы — сын есім тудырушы жұрнақ; қатыстық.
3) «Алтын тақты хандардың / Хандығынан не пайда?»
Алтын тақты — сын есім: күрделі, туынды, қатыстық; -ты — сын есім тудырушы жұрнақ.
4) «Асыл ердің баласы / Жауды көрсе шыдамай / Көзін салар қияға»
Асыл — сын есім: негізгі, дара, сапалық, жай шырай.
Оқулықпен жұмыс: жаттығулар
150-жаттығу — «Жайлауда» мәтіні
- Мәтінді оқып, мазмұндау.
- Сын есімдерді тауып, тіркескен сөздерімен теріп жазу.
Үлгі
кең көгал, үлкен ауыл, қоңыр үй, шоқпыт лашықтар
153-жаттығу — «Зеректік» мәтіні
- Мәтінді түсініп оқу.
- Сын есімдердің синонимдерін тізу.
Білімді
ақылды, оқымысты, білгір
Қолайлы
ыңғайлы
Берік
мықты, күшті
Зерек
зейінді, аңғарымпаз, байқағыш
Интерактивті тақтамен жұмыс: сөз тіркестері
Диаграммадағы АҒАШ және ҚҰНДЫ сөздерімен тіркесетін сын есімдерді теріп жазу.
АҒАШ
- қураған ағаш
- пайдалы ағаш
- жапырақты ағаш
ҚҰНДЫ
- құнды ой
- құнды кітап
- құнды мұра
Тақтамен жұмыс: қате түзету және сөз таңдау
Қателерді табыңдар
- Құндыз бөрік киген бойжеткен киіз үйге бет алды.
- Ағалы-інілі Бейбіт пен Аслан ұзын жолмен жүріп келеді.
- Жазғы күнгі мезгіл қандай тамаша!
- Ұйқышыл адам сыбағасынан құр қалар.
Тиісті сын есімдерді қойып жазыңдар
Берілген сөздер: ардақты, құнарлы, ащы, алтын, үздік, құрметті.
- Қазақстан __________ астыққа бай.
- __________ ұстазымызды __________ демалысқа шығарып салдық.
- __________ тіл сүйектен өтер.
- Байқауға __________ оқушылар қатысты.
Тест жұмысы: білімді тексеру
Оқушыларға білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары үлестіріледі.
1-нұсқа
-
Сын есім болмайтын сөзді көрсет.
A) алғыр B) биік C) ақсақал D) қызықты
-
Негізгі сын есімді көрсет.
A) балалық B) биіктеу C) таулы D) тұщы
-
Қатыстық сын есімді көрсет.
A) таулы B) қызық C) биік D) мықты
-
Сапалық сын есімді көрсет.
A) тарихи B) салқын C) денелі D) салмақты
-
Туынды сын есімді көрсет.
A) жұмсақ B) арманшыл C) жасыл D) төмен
2-нұсқа
-
Сын есім болмайтын сөзді көрсет.
A) тарих B) көк C) ұзын D) мөлдір
-
Негізгі сын есімді көрсет.
A) жақсы B) саналы C) таулы D) мүдделі
-
Қатыстық сын есімді көрсет.
A) көркем B) әдемі C) жазғы D) таза
-
Сапалық сын есімді көрсет.
A) өнерлі B) сапалы C) денелі D) жақсы
-
Туынды сын есімді көрсет.
A) әдемі B) балалы C) сұлу D) керемет
Шығармашылық тапсырма
Тірек сөздерді пайдаланып, «Тәуелсіз елім — менің» тақырыбына эссе жазыңдар.
Тірек сөздер
егеменді ел, ұлан-байтақ, дамыған мемлекет, сұлу табиғат, басты мақсат, білімді ұрпақ, көп ұлтты халық
Қорытынды бөлім
- «Ана тілім» өлеңін мәнерлеп оқу.
- Оқушыларды бағалау.
- Үй тапсырмасын беру.