Біріккен сөзден тұратын адам аттарын жаз
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатынын, тұтас бір ұғымды білдіретінін және бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөзді табуға, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасауға үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Ұжымдық жұмыс арқылы ұқыптылыққа, достыққа, бірлікке және көркем жазуға тәрбиелеу.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- 2) «Жүректен жүрекке» тренингі: бір-біріне сәттілік тілеу, гүл ұсыну.
-
3) Поэзия минуты
тілге құрметҚазақ тілім — ол менің ана тілім!
Қазақ тілім — байсалды баба тілім!
Сол байлықтан аз емес алатыным,
Болашағым, бақытым — дара тілім!
II. Психологиялық дайындық
«Бағдаршам» ойыны арқылы үй тапсырмасына дайындық деңгейі анықталады:
Жасыл
Жақсы дайындалып келдім.
Сары
Дайындалдым, бірақ өзіме сенімсізбін.
Қызыл
Дайындығым нашар.
III. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларға тест жұмысының жауап парағы таратылады. Мақсат — жауаптарды сәйкестендіру.
Тест сұрақтары
-
1. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді қалай атаймыз?
A) дара сөз B) күрделі сөз C) сөз тіркесі
-
2. Күрделі сөздер қалай жасалады?
A) түбірлердің тіркесуі, бірігуі, қосарлануы арқылы B) сөйлемнің дара мүшелері арқылы C) сөз тіркестері арқылы
-
3. Күрделі сөз неше сұраққа жауап береді?
A) бір B) екі C) сұраққа жауап бермейді
-
4. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған сөзді табыңыз:
A) өркеш-өркеш B) қызыл ала C) қараторғай
-
5. Күрделі сөзді анықтаңыз:
A) достық B) ата-ана C) мектеп
Үй тапсырмасын қорытындылау сұрақтары
- Күрделі сөз дегеніміз не?
- Неше сұраққа жауап береді?
- Күрделі сөздерге мысал келтіріңіз.
IV. Жаңа сабақ
1) Мағынаны тану: «Ойнайық та, ойлайық»
Ребустарды шешіп, сөздерді жазу. Әр сөзге сөз құрамына талдау жасап, неше түбірден құралғанын анықтап, дәлелдеу:
Ребус
Ай + гүл
Айгүл
Ребус
түйе + құс
түйеқұс
Ребус
жол + барыс
жолбарыс
2) Ереже
Екі немесе одан да көп түбір бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.
3) «Кім тапқыр?»
Тапсырма: біріккен сөздердің арасына «+» таңбасын қойып жазыңыз.
4) Терме диктант: «Өтірік өлең»
Сужыланға емделген,
Тасбақаны қарсы алдым.
Итмұрынға жемделген,
Таскенеге ер салдым.
Темірқазыққа мініп ап,
Аспанды мен шарладым.
Алатаудың шыңына
Құлап қала жаздадым.
5) «Жұбыңды тап» ойыны
Берілген түбір сөздерден біріккен сөз құрастырып, тапсырмаларды орындау:
Түбірлер
тас, шаң, көк, қу, сорғыш, жиек, бақа, ақ
Үлгі жауаптар мен әрекет
- шаңсорғыш — қандай түбірлер арқылы жасалғанын анықтау
- көкжиек — сөйлем құрастыру
- тасбақа — қай сөз табына жататынын анықтау
- аққу — дыбыстық талдау жасау
6) «Сөз ойла, тез ойла»
I топ
Біріккен сөзден тұратын қала аттарын жазыңыз.
II топ
Біріккен сөзден тұратын адам аттарын жазыңыз.
7) Оқулықпен жұмыс: 5-жаттығу
Сәйкестендіру тапсырмасы: «Менің бағытым».
Сол жақ
- 1. Өнер —
- 2. Қол —
- 3. Ит —
- 4. Күзді —
- 5. Баспа —
Оң жақ
- сөз
- мұрын
- кәсіп
- басшы
- күні
8) «Кім жылдам?»
1) Жұмбақ
Бірінші түбір сөз — түс,
Екінші түбір сөз — құс.
Екі түбір сөзді қоссаң,
Шығады тағы құс.
Жауабы: қараторғай
2) Жұмбақ
Бірінші түбір сөз — сан,
Екінші түбір сөз — сұйық зат.
Екеуін қосып оқысаң,
Жерге қойылатын ат.
Жауабы: Жетісу
9) Шығармашылық тапсырма: кестені толтыру
| Өсімдіктердің аты | Құстардың аты | Таудың аты |
|---|---|---|
| Алабота | Қараторғай | Алатау |
| Саңырауқұлақ | Аққу | Қаратау |
| Итмұрын | Жарқанат | Ешкітау |
| Жолжелкен | Түйеқұс | Ақтау |
| Қырыққабат | Күркетауық | Сарыарқа |
V. Сабақты қорытындылау
1) «Сиқырлы фигура»
- Алтыбұрыш: Біріккен сөз дегеніміз не?
- Тік төртбұрыш: Біріккен сөздер қалай жазылады?
- Үшбұрыш: Өзіңнің күшігіңе біріккен сөз болатын қандай ат қояр едің?
-
Бесбұрыш: Тырсылдап түседі, жер бетіне жетеді. Жер бетіне жеткен соң, ғайып болып кетеді. Ол не?
Жауабы: бұршақ
- Төртбұрыш: «Байқоңыр» сөзін сөз құрамына талда. Неше түбірден құралған?
2) «Бағдаршам» рефлексиясы
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Жасыл: өте жақсы ұнады.
Сары: жақсы, бірақ мен өзімді көрсете алмадым.
Қызыл: ұнаған жоқ.
VI. Бағалау
Оқушылардың бағасына сәйкес біріккен сөзден құралған «фигуралар» үлестіріледі:
«Үш» — орта баға
Үшбұрыш: сапасы да орташа.
«Төрт» — жақсы баға
Төртбұрыш: жақсы оқушы алады.
«Бес» — үздік баға
Бесбұрыш: үздік болуға ынталандырады.
VII. Үй тапсырмасы
Күнделікті енді ашайық, үй тапсырмасын жазайық. Біріккен сөзден алған білімді ұмытпай, есте сақтайық!
- 2-жаттығу, 66-бет.
- Біріккен сөз болатын Орал қаласының аудандары мен Тасқала ауданының ауыл атауларын жазу.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!