Кенді пайдалы қазбалар. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Сабақ тақырыбы: Пайдалы қазбалар

Бұл сабақ — қайталу сабағы. Негізгі идея: Қазақстандағы және өз өңіріміздегі пайдалы қазбалар туралы білімді жүйелеу, оларды өндіру жолдары мен қоғамға тигізетін пайдасын түсіну, сондай-ақ табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Мақсаты (білімділік)

  • Еліміздегі және өз өлкеміздегі пайдалы қазбалар туралы білімді бекіту.
  • Өндіру жолдары мен қолданылу салаларын нақтылау.
  • Пайдалы қазбалардың тұрмыс пен өндірістегі рөлін түсіндіру.

Мақсаты (дамытушылық)

  • Танымдық қабілеттерін және ой-өрісін кеңейту.
  • Ойды тұжырымдап айтуға және дәлелдеуге дағдыландыру.
  • Оқулықпен және интерактивті тақтамен жұмыс дағдыларын жетілдіру.

Мақсаты (тәрбиелік)

  • Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
  • Табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу.
  • Ақпараттық технологияны меңгерген, бәсекеге қабілетті ұрпақты бейімдеу.

Әдістеме және формат

Сабақ түрі
Қайталау сабағы
Жаңа технология
СТО жобасы
Әдіс-тәсілдер
Талдау-жинақтау, топтау, 5 жолды өлең, тест
Ұйымдастыру
Топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс және ресурстар

  • Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
  • Көрнекіліктер: сызбалар, флипчарт, ТСО, карточкалар, ҚР картасы.
  • Құрал-жабдықтар: компьютер, проектор, интерактивті тақта, маркерлер.

Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық

Жылы кіріспе өлең:

Табиғат — біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

Үй тапсырмасын тексеру: тарауды қайталау (тест)

Тест оқушылардың негізгі ұғымдарды қаншалықты меңгергенін анықтауға көмектеседі: пайдалы қазбалардың түрлері, жанғыш қазбалар, кенді қазбалар және олардың кен орындары.

Тест сұрақтары

  1. 1. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?

    A) 2    Ә) 3    Б) 4

  2. 2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?

    A) тас көмір, мұнай, газ    Ә) мұнай, гранит, мыс    Б) газ, тас көмір, қорғасын

  3. 3. Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?

    A) газ    Ә) құм    Б) металл

  4. 4. Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?

    A) Өскемен, Семей    Ә) Қарағанды, Екібастұз    Б) Маңғыстау, Атырау

  5. 5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?

    A) тас көмір, мұнай    Ә) қорғасын, алюминий    Б) мұнай, газ

  6. 6. Кенді пайдалы қазбалар мол шоғырланған өңір қайсы?

    A) Шығыс Қазақстан    Ә) Орталық Қазақстан    Б) Солтүстік Қазақстан

  7. 7. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?

    A) тұз, фосфорит, әктас    Ә) мұнай, гранит, тұз    Б) фосфорит, газ, металл

  8. 8. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:

    A) Кентау    Ә) Соколов–Сарыбай    Б) Өскемен

  9. 9. «Кен орны» деп нені айтамыз?

    A) пайдалы қазбалардың шоғырланған жері    Ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері    Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер

  10. 10. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?

    A) фосфорит, мәрмәр    Ә) бензин, газ, жанармай    Б) жанғыш газ, әктас

Дұрыс жауаптар

1
Ә
2
A
3
Б
4
Ә
5
Б
6
Ә
7
A
8
Ә
9
A
10
Ә

Өзін-өзі бағалау шкаласы

  • 1 қате — «5»
  • 2 қате — «4»
  • 3 қате — «3»
  • 4 қате — «2»

Ой қозғау: жұмбақтар

Жұмбақтар арқылы оқушылар жанғыш пайдалы қазбаларды таниды және олардың ортақ белгісін анықтайды.

Қызуын аямайды,
Көлікке азық жасайды.

Жауабы: Мұнай

Қара түсті отын,
Жанады жарқын.

Жауабы: Көмір

Мөлдір әрі түссіз,
Өзі табиғи отын.

Жауабы: Газ

Қорытынды сұрақ

Жұмбақтың шешулері — пайдалы қазбалар. Бүгін біз осы тараудан алған білімімізді қайталаймыз және оны топтық тапсырмалар арқылы бекітеміз.

Топқа бөлу: 3 бағыт

Үстелдегі шартты белгілерді (темір, табиғи газ, мәрмәр) таңдап алу арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді.

I топ

Кенді пайдалы қазбалар

II топ

Жанғыш пайдалы қазбалар

III топ

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Мағынаны тану: топтау және кесте

1) «Топтау» әдісі

Әр топ пайдалы қазбалар туралы негізгі өлшемдер бойынша жазады: түсі, түрі, сипаты, өндірісі, қолданылуы, шығатын жері.

2) Кестені толтыру

Төмендегі мысалдар арқылы пайдалы қазбаның қасиеті мен қолданылу бағыты салыстырылады.

Пайдалы қазба Түсі Қасиеті Қолданылуы
Асбест Әртүрлі: ақ, қоңыр Отқа жанбайды, берік. Жіп тәрізді иілгіш, үзілмейді. Электр тогын өткізбейді. Шатыр жабындары, жеңіл әрі берік су құбырлары; өрт сөндірушілерге арналған қорғаныш мата.
Мәрмәр Әртүрлі: ақ, қызғылт Оңай өңделеді, қатты әрі берік. Үйлер мен ғимараттарды әшекейлеу, сәндік қаптау жұмыстары.
Тас көмір Қара Қатты, жылуды жақсы береді. Үйлерді жылыту, металл қорыту.
Мұнай Қоңыр, қаракөк, сарғыш (әртүрлі) Күл қалдырмай жанады, сұйық зат. Бензин, керосин, газ, жанармай өндіру; көлік саласында қолдану.
Қорғасын Сұрғылт Өте ауыр, тапталғыш; радиация мен рентген сәулесін өткізбейді. Аккумулятор өндірісі, қорғаныш қабаттар; кейбір тұрмыстық және техникалық бұйымдар.
Мырыш Көкшіл сұр Ауа мен ылғал әсеріне төзімді, тот баспайды. Тұрмыста жиі қолданылатын бұйымдар жасау, металды қаптау.

Сергіту сәті: «Сен білесің бе?»

Интерактивті тапсырма: флипчартта Тәуелсіздік стелласын құрастырып, оның қандай пайдалы қазбалардан жасалғанын анықтау және қысқаша мәлімет беру.

Тәуелсіздік стелласы туралы қысқаша мәлімет

Тәуелсіздік стелласы 2006 жылы орнатылған. Ол төрт жағынан тұлпарлармен, ал төбесінде күн астындағы қыран бейнесімен безендірілген.

Тұлпар

Қазақ ұғымында тұлпар — ер-азаматтың серігі, жүйріктік пен жеңіске ұмтылыстың, қажымас қайраттың символы.

Қанатты тұлпар

Поэзияда кең тараған бейне: ұшқыр арманды, талмас талапты, асыл мұратты білдіреді; уақыт пен кеңістікті біріктіретін мәнге ие.

Қыран

Билік, айбындылық, көрегендік нышаны. Ұлан-ғайыр кеңістікте қалықтаған қыран — еркінсүйгіш рух пен кең пейілді танытады.

Тапсырма Тәуелсіздіктің 20 жылдығы идеясымен байланыстырылып, ел құндылықтары мен ұлттық рәміздер мәнін түсіндіруге бағытталады.

Ой түйіндеу: картамен жұмыс

Әр топ өз атауына сәйкес пайдалы қазбаларды кескін картаға түсіреді және нәтижесін флипчартта қорғайды.

Кенді қазбалар

Металдарға қатысты кен орындарын белгілеу (мысалы: темір, қорғасын, мырыш).

Жанғыш қазбалар

Мұнай, газ, көмір өндіретін аймақтарды көрсету.

Кенге жатпайтын қазбалар

Тұз, әктас, фосфорит сияқты қазбалардың таралуын белгілеу.

Ой толғаныс

Жазылым тапсырмасы

«Егер мен қоршаған ортаны қорғау министрі болсам, …»

Оқушылар табиғатты қорғауға арналған ұсыныстарын қысқа әрі нақты тұжырымдап жазады: ресурсты үнемдеу, өндіріс қалдықтарын азайту, қайта өңдеу, экологиялық мәдениет.

Сабақты қорытындылау

Талқылау сұрақтары

  • Бүгін сабақта нені қайталадық?
  • Сабақ ұнады ма? Несімен?

Нәтиже

Оқушылар пайдалы қазбаларды үш топқа жіктеп, қасиеттері мен қолданылуын салыстырады, картада негізгі кен орындарын көрсетеді және экологиялық жауапкершілік туралы ой қорытады.

Үйге тапсырма және бағалау

Үй тапсырмасы

«Пайдалы қазбалар» тақырыбына 5 жолды өлең құрастыру.

Бағалау

Бағалау тест нәтижесі, топтық жұмысқа қатысу және тапсырмаларды орындау сапасына сүйеніп жүргізіледі.