Бердібек Соқпақбаев Менің атым Қожа Сабақтың мақсаты

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сынып және тақырып

Сынып
6-сынып
Сабақтың тақырыбы
Бердібек Соқпақбаев — «Менің атым Қожа»
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсіл
СТО (сын тұрғысынан ойлау)
Көрнекілігі
Интерактивті тақта

Мақсат және міндеттер

Сабақтың мақсаты

Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, «Менің атым Қожа» шығармасының мазмұнымен таныстыру.

Міндеттері

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
  • Өзіне-өзі есеп бере білуге, өз еңбегіне сыни көзқараспен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Қызығушылық пен белсенділікті күшейтіп, ой-өрісті дамытуға ықпал ету.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу.
  2. Сабаққа дайындықтарын бақылау.
  3. Зейінді сабаққа шоғырландыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

162-беттегі 2-тапсырма: Еламанға өз көзқарастарыңды білдіре отырып, мінездеме жазу.

3) Білімдерін жан-жақты тексеру

Еламанды қайсарлыққа жетелеген не?

Қайсар мінезді Еламан үшін «шыдау» емес, «ашыну» маңызды болды. Қарайған жұрт көк теңіздің тажал аузына жұтылып кете жаздаған сәтте, өліммен бетпе-бет келгенде, ол тосын сезімнің ықпалымен Федоровқа да қол көтерді.

Ол не үшін күресті?

Еламан жеке басының кегін күйттемей, езілуші жандардың ортақ мүддесі жолында күресті. Ол әділетсіздікке, езу мен қанауға қарсы шықты. Сол жолдағы күрес жеңіске жеткен сәтте парызын орындаған саналы күрескер ретінде қазаға ұшырайды.

Еламанды идеал етіп алуға бола ма?

Еламанның өнегелі өмірі — адамдық сананың асқар биігіне қайсарлықпен ұмтылудың, рухани самғаудың айқын үлгісі.

Шығарманың тақырыбы мен идеясы

Тақырыбы: қарама-қайшы екі тап арасындағы қақтығыс, ескі мен жаңаның күресі.

Идеясы: адамды пенделіктен азаматтыққа, күйкі күнкөрістен шынайы бақытқа жетелейтін, өзін ғана емес, өмірді де өзгертуге шақыратын жасампаздыққа ұмтылысты ояту.

Жаңа сабақ: ой шақыру

Балалар, мына суреттерге назар аударайық: бірден ойға не келеді? Қандай сезімге бөленесіңдер?

Көпшілік үшін бірден Бердібек Соқпақбаевтың есімі, «Менің атым Қожа» фильмі, балалықтың балғын дәмі, сотқар Сұлтан және фильм кейіпкерлері еске түседі.

Фильмді қоюшы режиссер кім?

Абдолла Қарсақбаев.

Абдолла Қарсақбаев туралы дерек

Қарсақбаев Абдолла (02.10.1926, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылы — 02.09.1983, Алматы) — кинорежиссер, 1978 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

1956 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген.

Танымал фильмдері мен жетістіктері

  • «Менің атым Қожа» — 1967 жылы Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальдің дипломына ие болды.
  • «Балалық шаққа саяхат» (1969)
  • «Менің ағам» (1972)
  • «Қатарыңнан қалма» (1974, телефильм)
  • «Оу, ковбойлар» (1975)
  • «Алты жасар Алпамыс» (1976) — 1977 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық 10-кинофестивальдің жүлдегері.

Осы деректердің өзі өнердің мәңгі жасайтынын дәлелдейді. «Менің атым Қожа» фильмі — уақыт өтсе де құндылығын жоймаған, көрермен жүрегінде сақталған классикалық туынды.