Қиылысатын екі түзудің ортақ

Сабақтың мақсаты

Мақсаттар оқушының білімін толықтыру, ойлау дағдысын дамыту және өз бетінше жұмыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Білімділік

Оқушыларға шеңбер ұзындығы, шар және дөңгелек ауданы туралы анықтама бере отырып, білімдерін толықтыру.

Дамытушылық

Нақты ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту; алған білімді есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік

Өз бетінше еңбектенуге, теориялық білімді есеп шығару шеберлігімен ұштастыруға және жүйелі білім алуға тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сынып тазалығына көңіл бөлу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру

  1. №1229 — есеп (ауызша).
  2. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында оқушыларға үлестірмелі қағаздар тарату.
  3. «Графиктер» және «Симметрия» тарауларына қысқаша шолу жасау.

Әр қатарға бағалау парағы таратылады. Тест тапсырмалары арқылы өтілген тақырыптар қайталанады.

Тест тапсырмалары

Өтілген материалды бекітуге арналған 10 сұрақ.

Таңдау нұсқалары: а / ә / б
  • 1) Қиылысатын екі түзудің ортақ ______ нүктесі болады.

    а) бір ә) екі б) болмайды
  • 2) Вертикаль бұрыштар өзара ______.

    а) артық ә) тең б) кем
  • 3) Перпендикуляр түзулер жазықтықты ______ тік бұрышқа бөледі.

    а) 3 ә) 2 б) 4
  • 4) Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу ______ түзулер деп аталады.

    а) параллель ә) қиылысатын б) перпендикуляр
  • 5) Бір жазықтықта жататын, бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу ______ түзулер деп аталады.

    а) параллель ә) қиылысатын б) перпендикуляр
  • 6) Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура ______ симметриялы фигура деп аталады.

    а) осьтік ә) центрлік б) вертикаль
  • 7) Центрлік симметрияға мысалды көрсет.

    а) шеңбер ә) ромб б) үшбұрыш
  • 8) Сүйір бұрыш неше градусқа тең?

    а) 90°-тан кем ә) 90°-нан артық б) 90°
  • 9) Симметриялы фигуралар бір-бірімен ______.

    а) беттеседі ә) беттеспейді б) қиылысады
  • 10) Тік бұрыш неше градусқа тең?

    а) 90°-тан кем ә) 90°-нан артық б) 90°