Ақтөбенің адамдары әдепті
Сабақтың барысы
Бұл жоспар оқушылардың жұрнақ пен жалғауды ажыратып, сөз құрамын дұрыс талдауына және қосымшаларды орнымен жалғауына бағытталған.
I. Ұйымдастыру бөлімі
1) Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Жақсы оқып сабақты,
Ақ пейілді тілекпен.
Әдеп сақтау — сәніміз.
Амандасып алайық,
Сәлем бердік сіздерге,
Бір жадырап қалайық!
Басымызды иіп бәріміз.
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбек ете жұмыла,
«5»-ке қолды жеткізу.
2) Үй жұмысын тексеру (3-жаттығу)
Берілген сөздерге -ның / -нің / -дың / -дің жалғауларының бірін жалғап, сөйлем құрау.
Сөздер
- Астана + -ның
- Ақтөбе + -нің
- Алатау + -дың
- Есіл + -дің
Үлгі сөйлемдер
- Астананың көшелері әдемі.
- Ақтөбенің адамдары әдепті.
- Алатаудың ауасы таза.
- Есілдің суы мөлдір.
3) Қайталау сұрақтары
- Түбір дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не?
- Қосымша нешеге бөлінеді?
- Туынды сөз дегеніміз не?
4) «Сөз жасау» ойыны
Орын ауысқан әріптерден сөз құрау:
Ж Р Ұ А Н Қ Е П Н Ж Л А У Ғ А
Жауабы: Жұрнақ пен жалғау
Оқушыларға: «Бүгінгі тақырыбымыз — жұрнақ пен жалғау. Кәне, хормен айтайық».
Қолға қалам алайық,
Дәптерімізді ашайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдепті етіп жазайық.
Бүгінгі күннің жадын (күні мен тақырыбын) жазу.
II. Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу (138-бет)
Мал шөпке тоқтайды,
Ақылды сөзге тоқтайды.
Түйе — байлық,
Қой — мырзалық,
Жылқы — сәндік.
Көркем жазу (2-жаттығу)
Тақырып:
Менің ағаларым.
Сергіту сәті
- Бұл шеңберде нүкте нешеу — сонша рет қолыңды көтер.
- Қанша шаршы көріп тұрмыз — сонша алға еңкейеміз.
- Кесінді нешеу болса — сонша отырып-тұрамыз.
- Бұрыштарды санайық — сонша отырып-тұрайық.
«Жалғастыр» ойыны
1-оқушы түбір сөз айтады. 2-оқушы жұрнақты айтады. 3-оқушы жалғауды айтады. 4-оқушы тақтаға жазып, сөз құрамына талдау жасайды.
Мысалдар
- сый + -лық + -тар
- ән + -ші + -лер
- зейін + -ді + -лер
- еңбек + -қор + -ға
- бі + -лім + -ді
Өздігінен жұмыс (4-жаттығу)
Оқушылар оқулықтағы 4-жаттығуды орындайды.
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
Еріншектің ісі — екі.
III. Сабақты қорытындылау
1) Сәйкестендіру әдісі
Берілген түбірлер мен қосымшаларды сәйкестендіріп, дұрыс сөздер құрастыру.
Дәрі
- дәрі + -хана
- дәрі + -гер
- дәрігер + -дің
Еңбек
- еңбек + -қор
- еңбек + -хана
- еңбекханада
Мал / Ойын
- мал + -шы
- малшылар
- ойын + -шық
- ойын + -шы
- ойыншылар
2) Білімді бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауы мен сөз құрамын талдау дағдылары бағаланады.
3) Үй тапсырмасы
5-жаттығу, 139-бет.