Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру

Отбасы мен балабақша: бірлескен тәрбие — ортақ жауапкершілік

Тек ата-анамен бірлесе, ортақ күш-жігерді біріктіру арқылы ғана мұғалімдер балаларға терең адамгершілік бағыт бере алады. — В. А. Сухомлинский

Мақсаты

  • Балабақша мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.
  • Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше екенін түсіндіру.
  • Ата-ананың өзін тәрбиеші-ұстаз ретінде сезінуіне қызығушылығын оятып, жауапкершілік мәдениетін дамыту.

Негізгі ой

Отбасы — адамзат бесігін тербеткен қасиетті ұя. Ал баланың алғашқы әрі ең жақын ұстазы — ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың мәніне үңілсек, бала әкеден — ақыл, анадан — мейірім алады.

Ата-ана үшін баладан қымбат жан жоқ. Сондықтан тәрбиенің қайнар көзі — ата-бабадан қалған өнегелі сөздер, мақал-мәтелдер мен даналыққа толы өсиеттер екені анық.