Абай және музыка
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың Абай, оның өмірі мен шығармашылығы туралы білімін анықтау. Өз бетінше ізденуге бағыттап, шығармашылық жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық
Логикалық ойлауды дамыту, сөздік қорды байыту. Мәнерлеп оқу техникасын тереңдету.
Тәрбиелік
Өнерді сүюге және қастерлеуге, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі мен әдістері
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ.
- Сабақ әдістері
- Топтастыру, шығармашылық жұмыс.
Көрнекіліктер мен пәнаралық байланыс
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Буклет
- Абайдың портреті
- Кесте
- Кеспе қағаздар
- Бейнетаспа
Пәнаралық байланыс
- Тарих
- Музыка
- Математика
- Қазақ тілі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқу мақсатын қысқаша таныстыру.
II. Білімдерін тексеру
Миға шабуыл: сұрақтарға жауап беру
- Абай — ұлы ақын.
- Абай және шығыс әдебиеті.
- Абай және орыс әдебиеті.
- Абай және табиғат.
- Абай және музыка.
- Абайдың қара сөздері.
Тыңдалым және таныстыру
- Бейнетаспадан Абайдың әндерін тыңдау.
- Абай мұражайымен танысу.
Семантикалық карта
Берілген тұжырымдардың дұрыс/бұрысын белгілеу арқылы білімді нақтылау.
Ойсергек (Буриме)
Логикалық ойлауға негізделген тапсырма: берілген ұйқастарға сәйкес шумақ құрастыру.
............... ескермедім
............... тексермедім
............... уысыма
............... сермедім
Тапқыр болсаң, тауып көр.
Графикалық диктант
Негізгі ұғымдарды жүйелеу және қысқа белгілеулер арқылы дәлелді жауапқа жетелеу.
Талдау және зерттеу сұрақтары
- Абайдың қара сөздері идеялық мағынасы жағынан неге үндейді?
- Жидебай қорығы туралы не білесіз?
- Сөз құрамына кешенді талдау жасау.
- Абайды әлемге танытқан кім? Ол туралы не білесіз?
Жазылым: «Ұлы ақынға хат»
Оқушылар Абай шығармалары туралы ойларын жазбаша білдіреді.
Үлгі үзінді:
«Абай ата, сіздің шығармаларыңызбен әріп танығалы оқып келемін. “Абай жолы” романын қолға алып оқығаныма көп болмады. Дегенмен, өткен күннің зары мен қайшылығы мол өміріңізді оқып, көп ойландым. Ойға шомылдым. Елуге жуық өлеңдеріңізді жатқа білемін…»
«Топтастыру» стратегиясы
Абай шығармашылығына қатысты ұғымдарды топтап, байланысын көрсету.
Сабақты пысықтау және қорытынды
Арқан тарту ойыны: қорытынды сұрақтар
- «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін Абай кімнен аударған?
- Ар-ұят, адамгершілік мәселелері Абайдың қай қара сөздерінде сөз болады?
- Абайдың қара сөздерін тақырып жағынан қандай топтарға бөлуге болады?
- Абай аудармаларын атаңыз.
- Абай шығармаларындағы махаббат бостандығы мен әйел теңдігі туралы айтып беріңіз.
- Абайдың поэмаларын атаңыз. Олардың негізгі мазмұны қандай?
- Абай шығармаларында кездесетін нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді атаңыз.
- Абайдың білім туралы өлеңін жатқа оқыңыз.
«INSERT» әдісі
Оқушылар өз білімін бағамдап, сабақ нәтижесін қысқаша тұжырымдайды.
Білемін
Алдыңғы білімді нақтылау.
Білгім келеді
Зерттеуді қажет ететін сұрақтар.
Үйрендім
Сабақта меңгерілген жаңа тұжырымдар.
Оқушыларды бағалау
Бағалау дөңгелекшелер санына қарай жүргізіледі.