Диалект сөздер
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Қазақ тілі
Сынып
5-сынып
Тақырып
Лексикадан өткенді қайталау
Мақсаты
Лексика бөлімінен өткен тақырыптарды қайталау тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың өз пікірін білдіруін, ойын жүйелі жеткізуін дамыту. Жұмыс түрлерін өз бетімен және жаңа технологиялық үрдістерге сай орындауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар өз пікірін дәлелді қорғайды және топта бірлесе жұмыс істеуге үйренеді.
- Топ ішінде өзара бағалау жүргізіп, сыни тұрғыдан ойлайды, ойын жүйелі айтады.
- АКТ құралдарын қолдануға дағдыланады.
Қолданылған әдістер мен тәсілдер
Диалогтік оқыту
«Желпуіш» әдісі.
Сыни тұрғыдан ойлау
- «Ой қозғау» стратегиясы
- «Қызығушылықты ояту» стратегиясы
- Венн диаграммасы
- «Бір сөзбен шеш» ойыны
Бағалау (оқыту үшін)
- «Екі жұлдыз, бір тілек»
- Смайликтер арқылы бағалау
- АКТ қолдану
Ынтымақтастық және ойын
Топтағы бірлескен жұмыс, сергіту сәті, «Бір сөзбен шеш» ойыны арқылы белсенді қатысу.
Ресурстар
Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор, желім, қайшы, стикерлер, оқулық.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
5 минут- Оқушыларды түгендеу, журналға белгілеу.
- Психологиялық дайындық және топқа бөлу: Омоним, Синоним, Антоним.
Сабақ жоспары
- 1.Зерделі сұрақ, дәлелді жауап
- 2.Талдау — табыс кілті
- 3.Ойын — ой-өрісті дамытады
- 4.Мақал — сөздің мәйегі
- 5.Қызықты сабақ — қиялға қанат
- 6.Шығармашылық жұмыс
- 7.Қорытынды
II. Кіріспе бөлім: қызығушылықты ояту
Ертегі желісіЕрте-ерте, ертеде, грек елінде Лексика деген патша өмір сүріпті. Лексика патшалығындағы жұрт өте тілге бай, ділмар, шешен екен. Патшаның бағында ғажайып алма ағашы өседі дейді, бірақ осы күнге дейін оның дәмін ешкім татып көрмепті.
Себебі алманы жегісі келген жан ағаштағы тапсырмаларды дұрыс орындап, бірнеше кезеңнен өтуі тиіс екен. Тек сонда ғана дәмі тіл үйіретін алмадан ауыз тиюге болады.
Бүгін біз де бақ сынап, Лексика патшалығына қонаққа барып, тапсырмаларды орындай отырып сұрақтарға жауап береміз.
Оқушылардың әрекеті
- Орнынан тұрып, сабаққа қатысқан ұстаздармен амандасады.
- Топтарға бөлініп, жұптасып жұмысқа кіріседі.
Күтілетін жұмыс түрлері
- Постер қорғау
- Карточкамен жұмыс
- Семантикалық карта толтыру
- Тұрақты тіркестерді табу
- Венн диаграммасын құру
- Рөлдік ойын
- Тест
III. Негізгі бөлім
30 минутТоптастыру жұмысы
«Лексика патшалығында» қандай қалашықтар бар екенін еске түсіреміз: омоним, синоним, антоним, тұрақты тіркес және басқа ұғымдар. Әр топ постер арқылы өз ойын жүйелеп ұсынады.
1-топ: Омоним
- Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
- Омонимдер
- Жаңа сөздер
2-топ: Синоним
- Көп мағыналы сөздер
- Синонимдер
- Көнерген сөздер
3-топ: Антоним
- Диалект сөздер
- Антонимдер
- Кірме сөздер
Карточкамен жұмыс және ойын элементтері
«Ойын — ой дамытады» бөлімі: тақтаға қоржын ілінеді. Қоржында сыйлықтар бар. Сыйлыққа қол жеткізу үшін сұрақтарға дұрыс жауап беру қажет.
«Бір сөзбен шеш» ойыны: мақал-мәтелдер айту кезінде антоним, омоним және синоним сөздерін орынды қолдана отырып, жарысу.
Венн диаграммасы
- Мақал мен мәтелдің айырмашылықтарын салыстыру
- Топтар бойынша салыстыру тапсырмалары
Топтық салыстыру тапсырмалары
- I топ: мақалдар мен мәтелдер
- II топ: омонимдер мен көп мағыналы сөздер
- III топ: тұрақты тіркестер мен еркін тіркестер
Рөлдік көрініс және көшбасшылар сайысы
Оқушылар қысқа көрініс көрсетеді. Топ басшылары тапсырмалар бойынша сайысып, нәтижені талдайды.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
Тыныштық сәті
«Тыныштық сәті» жаттығуы арқылы назарды тұрақтандыру.
Қорытынды
5 минутБББ кестесі толықтырылады: оқушылар не білгендерін жазып, кестені толтырады.
Бағалау
2 минутБағалау парағы бойынша жиынтық бағалау қойылады. Топ басшылары бағалау парағын толтырып, өз бағаларын жариялайды.
Кері байланыс
2 минут«Бағдаршам» әдісі: оқушыларға бағдаршам түстері бейнеленген суреттер беріледі. Олар өз көңіл күйі мен түсіну деңгейіне сай түсті көтеріп, сабақ туралы кері байланыс береді.