Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Тіл дамыту
Тақырыбы
Қысқы киімдер
Мақсаты
- Балаларға киім, киім түрлері және қысқы киімдер туралы түсінік беру.
- Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
- Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
- Сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту.
- Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Материалдар
- Дүкеннің макеті
- Түрлі киімдердің суреттері
- Қуыршақ
- Сандық
Сөздік (қаз — орыс)
- Малақай
- шапка
- Күрте
- куртка
- Етік
- сапоги
- Қолғап
- перчатка
- Мойын орағыш
- шарфик
Оқу іс-әрекетінің барысы
1) Ынталандыру және сезімді ояту
Психологиялық сәт (тәрбиеші сұрақтары)
- Балалар, көңіл-күйлерің қалай?
- Көңілді болғанда не істейсіңдер?
- Ренжігенде ше?
- Қорыққанда ше?
- Таң қалғанда ше?
- Қуанғанда ше?
Балалардың ықтимал жауап қимылдары
- Қол шапалақтаймыз.
- Қабақ түйеміз.
- Көзімізді жұмамыз.
- Таңырқаған кейіп көрсетеміз.
- Күлеміз.
Кіріспе әңгіме
- Бүгін қандай күн?
- Ауа райы қандай?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
Бүгінгі сабаққа қонаққа қуыршақ Айгүл келді. Ол сандығына толы киімдерін алып келіпті. Балалар, мұқият қараңдаршы: Айгүл қандай киім киіп келді?
Нақтылау сұрақтары:
- Киімді қай мезгілге сай киген?
- Ендеше бүгінгі тақырыбымыз қандай?
Қорытынды
Тақырып: Қысқы киімдер
2) Негізгі бөлім
Айгүлдің сандығы: киімдерді таныстыру
Айгүл сендерге бірнеше қысқы киім ала келіпті. Қазір сандықты ашып, ішіндегі киімдермен танысамыз. Мұқият тыңдаймыз.
Сөздік жұмысы (түсіндірме)
- Пима
- Жүннен басылған қысқы аяқ киім.
- Тон
- Қой терісінен иленген, жылы сырт киім.
- Ішік
- Ішкі жағы аң терісінен тігілген сырт киім.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру
«Балаларға арналған киім дүкені» тақырыбындағы сурет бойынша әңгіме құрастырамыз. Балалар дүкенде қандай киімдер барын айтып, қыс мезгіліне сай киімдерді сипаттайды.
Сергіту сәті (қимыл-қозғалыс)
Тоңса біздің қолымыз, Қолғапты киіп аламыз. Сарт-сарт-сарт — Шапалақты соғамыз! Тоңса біздің аяғымыз, Етікті киіп аламыз. Топ-топ-топ — Топылдатып билейміз!
Сюжетті-рөлді ойын: «Дүкенде»
Ойын шарты
Дүкен сөрелерінде қысқы киімдер қойылады: тон, пима, қолғап, күрте және т.б. Қысқы киім іздеген бала дүкенге келіп, сатушымен әдепті түрде амандасады, қажетті киімді таңдайды.
Тапсырма
Таңдаған киіміне байланысты сөйлем құрау керек. Тапсырма орындалса ғана, дүкенші киімді береді.
Мысал
Қыста қалың тон киеміз.
Дәптермен жұмыс
Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттаймыз: топпен, қатармен, жеке-жеке.
Сурет бойынша жұмыс: «Не артық?» ойыны
Суреттен маусымға сай емес (артық) киімдерді табамыз да, қоршаймыз.
Сергіту сәті
Шығу үшін шымыр боп, Шынығамыз шаршамай. Бұлшық еттер шымыр боп, Аламыз сосын тыныс жай.
Шығармашылық жұмыс
Қысқы киімдердің бөліктерін құрастырамыз: тон, қолғап, малақай, етік, мойын орағыш. Содан кейін киімдерді топтастырып айтамыз.
Бас киімдер
Малақай, құлақшын.
Аяқ киімдер
Байпақ, кебіс, пима.
Түсіндірме
Малақай — құлағы бар жылы бас киім (құлақшын).
Дидактикалық ойын: «Қуыршақты киіндірейік»
Қуыршаққа қысқы киімдерді ретімен кигіземіз. Балалар әр киімнің атауын атап, қысқа сөйлем құрап айтады.
Балалардың күтілетін әрекеттері
- Қысқы киім түрлерімен танысады.
- Сөйлем құрастырады, әңгіме құрап айтады.
- Ойынға белсенді қатысады.
- Санамақты жаттап, мәнерлеп айтады.
- Сергіту сәттерін қимылмен көрсетеді.
3) Қорытындылау
Қайталау сұрақтары
- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
- Қысқы киімдерді атаңдар.
Бекіту
Санамақты қайталап, жатқа айтамыз.
Күтілетін нәтиже
- 1 Балалар қысқы киімдер туралы түсінік қалыптастырады.
- 2 Әр мезгілге сай киім түрлерін атай алады; ойлау қабілеті дамиды.
- 3 Киімді ұқыпты әрі таза кию дағдысы қалыптасады.