Заттың ретін білдіретін сан есімді тап

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты (білімділік)

  • Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау.
  • Сан есім туралы ұғымдарын жетілдіру.
  • Сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажыратуға үйрету.
  • Қатесіз, көркем жазуға баулу.

Сабақтың мақсаты (дамытушылық)

  • Суреттер және сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
  • Ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)

  • Айтылған сөзге сұрақ қоя білуге және нақты жауап бере білуге тәрбиелеу.
  • Тазалық сақтауға, жауапкершілікке баулу.
  • Ұжыммен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау, ассоциация, Венн диаграммасы.

Көрнекіліктер

Сан есім ережесі, суреттер, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, саңырауқұлақтардың суреттері.

Сабақ барысы

I

Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.

II

Мағынаны тану

Сөзжұмбақ шешу: кестедегі есептердің жауаптарын тауып, бірінші әріптерін тігінен оқысаңдар, «Сан есім» сөзі шығады.

  • 1) 4 + 4= 8
  • 2) 12 + 8= 20
  • 3) 50 + 40= 90
  • 4) 0 + 5= 5
  • 5) 30 + 30= 60
  • 6) 12 − 10= 2
  • 7) 300 + 700= 1000

Өткен сабақта біз сөз таптарымен таныстық: зат есім, етістік, сын есім. Бүгін сол қатарға жаңа сөз табын қосамыз — сан есім.

III

Көркем жазу минуты

Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Көркем етіп жазайық.

Жазылым:

Тоғыз, тоқсан, төрт, тоғыз жүз тоқсан төрт.

IV

Мәтінмен жұмыс (1-жаттығу)

  1. Мәтінді түсініп оқу.
  2. Сөйлемдегі цифрларды сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
  3. Екі сөзден тұратын сан есімнің астын сызу.
Сен білесің бе? Дронт — жер бетінен жойылып кеткен құс.

Цифрмен берілген нұсқа

  • Олардың 3 түрі болған.
  • Салмағы — 20 кг.
  • Олар ұша алмаған.
  • Өсімдіктермен қоректенген.
  • Ұясына 1 ғана жұмыртқа салған.
  • Жұмыртқаны кезекпен 49 күн басып отырған.

Сөзбен берілген нұсқа

  • Олардың үш түрі болған.
  • Салмағы — жиырма килограмм.
  • Олар ұша алмаған.
  • Өсімдіктермен қоректенген.
  • Ұясына бір ғана жұмыртқа салған.
  • Жұмыртқаны кезекпен қырық тоғыз күн басып отырған.
V

Суретпен жұмыс (2-жаттығу)

Сурет бойынша мәтін құрастыру.

Көктем келді. Күн жылына бастады. Жыл құстары жылы жақтан қайта ұшып келе бастады. Өзен жағасы көк кілем төселгендей. Өзенде үш үйрек жүзіп жүр. Өзен жиегінде екі тырна тұр. Төрт қаз көлге ұшып келе жатыр. Дастан мен әкесі келген құстарға қол бұлғап тұр.

VI

Сергіту сәті

1, 2, 3 — қарлығаш болып ұш!
4, 5, 6 — қарлығаш болып шалқы!
7, 8, 9, 10 — қарлығаш болып қон!

VII

Оқулықпен жұмыс (3-жаттығу)

  • Жеті лақ
  • Үш қарындаш
  • Отыз адам
  • Төрт күн
  • Мың теңге
  • Тоқсан дәптер
  • Жиырма бір қағаз
VIII

«Кім тапқыр?» ойыны

Берілген сөздерді сөз таптарына бөліп орналастыру.

Зат есімдер

қалам, сабақ, Бекзат, күшік, адам, жұлдыз, Қазақстан, шахмат

Етістіктер

биледі, сырғанау, отыр, жазды, келді, келе жатыр, аралау

Сын есімдер

сары, қызыл, ақылды, жуас, үлгілі, әдемі, ашуланшақ, кең

Сан есімдер

мың, жүз тоғыз, бесінші, үшінші, отыз алты, үш

IX

Көңілді шумақтар

Сандарды сөзге айналдыр

Же1 екен 1қазан:
Кей1 жемді 1қазан
1-ақ сәтте қойды жеп.
Кү1 етті,
Тойдым, — деп.
Естіп 1 кез дү1бірді,
Жағадағы тү1бірді
Паналауға жүгірді.

Жебір екен бірқазан:
Кейбір жемді бірқазан
Бір-ақ сәтте қойды жеп.
Күбір етті,
Тойдым, — деп.
Естіп бір кез дүбірді,
Жағадағы түбірді
Паналауға жүгірді.

Мақал-мәтелдер мен сөйлемдер

1)

Піл кү3ті.
Піл кү3ті емес — тіл кү3ті.

Піл күшті.
Піл күшті емес — тіл күшті.

2)

6н балдақ — қол сәні,
Әшекей т10 — сәні.

Алтын балдақ — қол сәні,
Әшекей тон — сәні.

3)

4еу түгел болса, төбедегі келер,
6ау ала болса, ауыздағы кетер.

Төртеу түгел болса, төбедегі келер,
Алтау ала болса, ауыздағы кетер.

X

Сабақты бекіту: тест тапсырмалары

  1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?

    • А) Сын есім
    • Ә) Сан есім
    • Б) Етістік
    • В) Зат есім
  2. Мына сөздер қай сөз табына жатады: бес, жеті, отыз төрт?

    • А) Сын есім
    • Ә) Сан есім
    • Б) Етістік
    • В) Зат есім
  3. Заттың қимылын білдіретін сөз табы қалай аталады?

    • А) Сын есім
    • Ә) Сан есім
    • Б) Етістік
    • В) Зат есім
  4. Мына сөздер қай сөз табына жатады: қара, қоңыр, таза, ұқыпты?

    • А) Сын есім
    • Ә) Сан есім
    • Б) Етістік
    • В) Зат есім
  5. «Дәптер» сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?

    • А) –лар
    • Ә) –лер
    • Б) –дар
    • В) –тер
  6. Жалқы есімді тап.

    • А) сырға
    • Ә) асық
    • Б) Ақтөбе
    • В) қалам
  7. Жалпы есімді тап.

    • А) Қазақстан
    • Ә) қасық
    • Б) Ақтөс
    • В) Елек
  8. Күрделі етістікті тап.

    • А) ойнады
    • Ә) жазды
    • Б) келді
    • В) бара жатыр
  9. Заттың ретін білдіретін сан есімді тап.

    • А) он
    • Ә) жиырма екі
    • Б) екінші
    • В) бес жүз
  10. Дұрыс байланысқан сан есім мен зат есімді көрсет.

    • А) үшеу терезе
    • Ә) екі түйе
    • Б) қақпаға алтыншы
    • В) алтау дәптер

Өзін-өзі бағалау

10–9 балл

«5»

8–6 балл

«4»

5–3 балл

«3»

2–0 балл

«2»

XI

Үй тапсырмасы

4-жаттығу: цифрларды сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз.

XII

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және тест нәтижесі бойынша қорытынды баға қойылады.