Тік бұрышты координаталар жүйесін дұрыс сыза білуге дағдыландыру

Сабақтың тақырыбы

Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу.

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы, ашық сабақ.

Сабақтың өту әдісі

Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап, иллюстрациялық әдіс.

Көрнекіліктер

Сызбалар, плакаттар, таратпа материалдар.

Сабақтың мақсаты

Тік бұрышты координаталар жүйесін түсіндіру; координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табу және координаталары бойынша нүктені салу.

Координаталық жазықтықта нүктенің координаталарын анықтауға және координаталары бойынша нүкте салуға үйрету.

Тік бұрышты координаталар жүйесін дұрыс сызуға дағдыландыру; пәннің нақтылығын көрсету және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сызбаларды орындауға қажетті құралдардың толық болуын қадағалау.

II. Өткенді қайталау

1

Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?

2

Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

III. Жаңа сабақ

Нүктенің координаталық түзудегі орны бір ғана санмен анықталады. Енді нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйренеміз.

Нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау үшін санақ бастары бір нүктеде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзуден тік бұрышты координаталар жүйесі құрастырылады.

Мысал

D (-3; 5) нүктесін салу

1

Абсциссалар осінен -3 нүктесін тауып, осы нүкте арқылы Ox-ке перпендикуляр түзу жүргіземіз.

2

Ординаталар осінен 5 нүктесін тауып, осы нүкте арқылы Oy осіне перпендикуляр түзу жүргіземіз.

3

Екі түзудің қиылысу нүктесі — ізделінді нүкте: D (-3; 5).

IV. Жаңа сабақты бекіту

Тақтада

№ 850 (3 оқушы орындайды).

Жеке жұмыс

Оқушыларға кестелер үлестіріледі. № 856.

№ 856 тапсырмалары

1) |3,5| − 13; 8; 2; 3 + |-1,2|

2) |4 2/5| ÷ |-2 1/5|