Ақжолтай батыр
Сабақтың тақырыбы
Ақжолтай Ағыбай батыр
Білімділік
Мәтіннің мазмұны мен идеясын меңгерту, автор туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық
Шығармашылық қиялды, жүйелі ойлауды дамыту; сөздік қорды молайтып, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу; адалдық, шыншылдық, батырлық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың ұйымдастырылуы
Әдіс-тәсілдері
- Түсіндіру
- Топпен жұмыс
- Талдау, сұрақ-жауап
- Стратегиялар, шығармашылық жұмыстар
Көрнекіліктер мен байланыс
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, слайд, кесте
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі
- Сабақ түрі
- Жаңа сабақ
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
2) Үй тапсырмасы және өткенді бекіту
«Миға шабуыл» әдісі арқылы «Елі үшін туған ерлерім» тақырыбын қайталау.
Бекіту сұрақтары
- 1Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылады?
- 2Мәтінде аты аталған батыр кім? Ол туралы нені білдік?
- 3Мәтіндегі негізгі ой қандай?
Проблемалық сұрақ
Қазақ батырлары не үшін атқа қонды? Елжандылық ұғымын қалай түсінесіңдер?
Бүгінгі сабақта да елі мен жері үшін атқа қонған, ерлігімен ел жадында қалған қазақ батыры туралы оқып, танысамыз.
3) Мағынаны тану
Сөздікпен жұмыс
- Жасақ
- әскер
- Кеңесші
- ақылшы
- Жәбір
- қиындық, қорлық
Оқу әрекеттері
- Автор туралы қысқаша мағлұмат беру
- Мәтінді оқу және түсіндіру
- Рөлдік жұмыс: 1-топ — мәнерлеп оқу; 2-топ — мазмұнын айту
Түсіну стратегиясы: «Қаһарлы ел қамал бұзар»
Сұрақтардың жауабын мәтіннен тауып оқу және соның негізінде жоспар құру.
1-топ: мәтіннен тауып оқиды
- Мәтіндегі патша үкіметінің саясаты туралы айтылған тұстарды тауып оқы.
- Кенесары кім? Мәтінде ол туралы не айтылған? (тауып оқы)
- Неліктен Ағыбай батыр есімі Кенесары ханның есімімен қатар айтылады? (тауып оқы)
- Ағыбай батырды халық қалай бағалады? Неліктен оны Ақжолтай батыр атаған? (тауып оқы)
2-топ: жоспар құрады
- Патша үкіметінің саясаты
- Кенесары — ел қорғаны
- Ағыбай батыр — әскери кеңесші
- Ақжолтай батыр
Тұлғалар туралы қысқаша деректер
Ағыбай батыр (1802–1885)
Ағыбай батыр — Кенесары Қасымұлының Ресей отаршылдығына қарсы көтерілісіндегі басшылардың бірі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін халық оны Ақжолтай батыр деп атаған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған.
- 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене қатысты.
- 1847 жылы Кекілік тауындағы шайқаста Наурызбай батырмен бірге жау шебін бұзуға қатысқан.
- Кенесары қаза тапқаннан кейін де Ресей өктемдігіне қарсы күресін тоқтатпай, Сыздық төре қолымен бірге соғысқан.
- Мазары Сарыарқа мен Бетпақдаланың Тайатқан–Шұнақ өңірінде орналасқан.
Кенесары Қасымұлы (1802–1847)
Кенесары Қасымұлы — мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы. Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі.
Жастайынан көшпелі әскери дәстүрмен тәрбиеленіп, қиындыққа төзімді, қайсар тұлға ретінде қалыптасқан. Оның ерлігі мен мақсаткерлігі жетекшілік қабілетін ерте танытқан.
Абылай хан туралы дерек
Әбілмансұр «Абылайлап» ұрандап, жеңісті ұрыстан соң Орта жүздің сұлтаны ретінде танылып, кейін есімі Абылай хан ретінде кең тараған. Үш жүздің басын қосқан хан ретінде тарихи орын алады.
Сергіту және талқылау
Деректерге үңілсек
Мәтінде қандай хандардың аты аталады? Олардың ел тарихындағы орны қандай?
Поэзия минуты
«Атыңнан айналайын, ата жұртым!»
Сұрақ
«Соғыс» сөзінің антонимі қандай? Бейбітшілік.
Сұрақ-талдау
- Тәуелсіздікке қашан және қалай қол жеткіздік?
- Желтоқсан қаһармандарын ата.
- Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы қандай?
Тапсырма: «Соғыс» ұғымын топтастыру (1-топ)
Тапсырма: «Бейбітшілік» ұғымын топтастыру (2-топ)
Шығармашылық жұмыс
1-топ
«Х» дыбысы бар сөзді тауып, дыбыстық талдау жаса.
2-топ
«Ағыбай» сөзіне бес жолды өлең құрастыр.
Мәтін бойынша қорытынды кесте
| Мәтіннің аты | Ақжолтай Ағыбай батыр |
|---|---|
| Авторы | Марат Әбсемет |
| Тақырыбы | Азаттық жолындағы ерлік пен күрес |
| Идеясы | Ел тыныш болуы үшін басшы мықты болуы керек. |
| Түйін | Отанды сүю, елжанды болу. |
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, мәтінді түсінуі, топтық жұмысқа қатысуы және шығармашылық тапсырманы орындауы негізінде бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Мәтін мазмұнын айту
- Эссе жазу
Қорытынды
Сабақтың негізгі түйіні — ерлік пен елдік идеясының мәнін ұғыну. Ақжолтай Ағыбай батырдың өмірі арқылы оқушыларға адалдық, табандылық және Отанға қызмет ету ұстанымы насихатталады.