Шегіртке шырылдап, Көлбақа бақылдап
Нұр төкті ай алапқа
Тіліп түн мұнарын,
Төніп ақ тамаққа
Қанбайды құмарым.
Ай барды жиекке
Солдырып жанарын,
Бал тамып жүрекке
Тамсанып барамын.
Бірауық құмартып,
Сүйсем ақ тамағын.
Жағыпты қызартып,
Шыққан күн далабын.
Сәулесін күн келіп,
Малыпты көлге рас.
Жазғы күн шапағын
Өшірді. Түн келді.
Қап - қара шапанын,
Дүние бүркенді.
Алыстан жарқырап,
Көк айдын көлбейді.
Қорқақ ши қалтырап,
Қоға бас тербейді.
Шегіртке шырылдап,
Көлбақа бақылдап.
Жатыр көл дуылдап,
Сақылдап, шақылдақ.
Топырлап тұяқтар
Жөңкіле жылқы өтті.
Сытырлап қияқтар
Ақ көйлек жылт етті.
Көктен бұлт арылды
Қырқаға асылды Ай.
Мен сүйем жарымды
Құмарым басылмай.
Нұр төкті ай алапқа
Тіліп түн мұнарын,
Төніп ақ тамаққа
Қанбайды құмарым.
Ай барды жиекке
Солдырып жанарын,
Бал тамып жүрекке
Тамсанып барамын.
Бірауық құмартып,
Сүйсем ақ тамағын.
Жағыпты қызартып,
Шыққан күн далабын.
Сәулесін күн келіп,
Малыпты көлге рас.
Оны біз білмедік,
Ол да мас, мен де мас.
Енді жұрт көрері
Түсті жар есіне.
Жоқ еді керегі,
Таң атты несіне?!
Шардара суқоймасындағы көксерке (Sander lucioperca) және ақмарқа (Aspius aspius) балықтардың қоректенуі
Алматы мемлекеттік қорығы
Жануарлар әлемінің құпия мінез-құлықтары
О.Бөкей шығармаларындағы біріккен сөздердің қолданылу сипаты
Жануарларда қорғаныш реңдер мен тұрпаттардың пайда болу жолдары
Жануарлардың қоғамдық мінез құлықтары және одақтың негізгі типтері
Мемлекеттік табиғи қорығы
Құстарды корғау
Қоршаған орта факторлары
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту
Зиянды шегірткелер
Шегіртке мен құмырсқа Абайдың Крыловтан аударған мысалы
Жаз мезгіліндегі шегіртке
Жүріңдер шегірткелер
Шегірткенің сыйлығын қабыл алыңдар
Шегіртке мен құмырсқа кімнің шығармасы