Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру

Тақырып

Жай бөлшектерді және аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру.

Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.1.2.16 — жай бөлшектерді және аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру.

Негізгі идея

Бөлшектің негізгі қасиеттерін қолдана отырып, ең кіші ортақ бөлімді табу және бөлшектерді соған келтіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Жай бөлшектің негізгі қасиеттерін қайталап, жай бөлшектер мен аралас сандарды ең кіші ортақ бөлімге келтіруді үйренеді және есептер шығарады.

Оқушылардың басым бөлігі

Тақырып мазмұнын түсінеді, сыни тұрғыдан ойлап, қорытынды ойын жазбаша жеткізуді үйренеді.

Кейбір оқушылар

Ойын элементтері бар тапсырмаларды орындау арқылы қабілеті мен бейімділігін дамытады, жылдамдық пен ептілігін арттырады.

Бағалау критерийлері

  • Жай бөлшектерді және аралас сандарды ең кіші ортақ бөлімге келтіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

3 минут

І. Ұйымдастыру

  • Амандасу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
  • «Шаттық шеңбері»: жақсы тілек айту.
  • Көк, жасыл, сары түстерді таңдау арқылы 3 топқа бөліну.

Үй тапсырмасын тексеру

5 минут

№461 — сәйкестендіру әдісі арқылы тексеру.

Ширату (пысықтау сұрақтары)

  1. Бөлшекті қысқарту дегеніміз не?
  2. Дұрыс бөлшек деп қандай бөлшектерді айтады?
  3. Бұрыс бөлшек деп қандай бөлшектерді айтады?
  4. Қандай сан берілген бөлшектерге ортақ бөлім бола алады?
  5. Толықтауыш көбейткіш деп қандай санды айтады?

Сабақтың ортасы

25 минут

1) Оқулықпен жұмыс (№462)

Жұлдызшаның орнына тиісті санды қой. Әдіс: «Ойлан – жұптас – бөліс».

1) 2 · * = 14/21 және 2 · * = 15/21

2) 4 · * = 48/5 және 7 · * = 35/65

3) 2 · * = 34/51 және 8 · * = 24/51

4) 10 · * = 70/133 және 3 · * = 57/133

2) Карточкамен жұмыс

Аралас сандарды ең кіші ортақ бөлімге келтір.

1) 2 1/6 және 3 1/9

2) 1 3/4 және 3 5/12

3) 4 2/7 және 5 4/21

4) 1 7/20 және 2 3/50

5) 1 3/11 және 2 1/2

6) 6 7/100 және 4 9/10

7) 2 8/15 және 1 5/12

8) 3 1/18 және 2 4/15

3) Сергіту сәті

Қысқа белсенді қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды қайта шоғырландыру.

4) Сөздерді бөлшек түрінде жазу және ортақ бөлімін табу

  • A «Жиырмадан бес»
  • B «Отыз үштен жеті»
  • C «Он сегізден үш»

5) «Хат ішіндегі тапсырмалар» (№464)

Берілген жұптарды салыстыру/ортақ бөлімге келтіру арқылы орында.

1) 7 және 5/8

2) 9 және 1/4

3) 3/7 және 4

4) 9/10 және 8

5) 15 және 3/10

6) 20 және 3/8

7) 9 және 1 5/12

8) 7/11 және 3

Ресурстар

Оқулық АКТ Карточка Маркер Плакат

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма

№467.

Қорытындылау және кері байланыс

  • «Түймедақ гүлі»: күлтелердегі сұрақтарға жауап беру арқылы рефлексия жасау.
  • Топ ішінен көшбасшыны анықтау.