Мұрағаттау программалары тақырыбы бойынша еркін конструктивті типтегі тест жұмысын орындау

6

Информатика пәні бойынша 6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Сабақ оқушылардың есептеуіш техниканың даму жолын түсінуіне, компьютер буындарын ажырата білуіне және информатикаға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Есептеуіш техникасы Компьютер буындары Топтық жұмыс Бағалау

Сабақтың тақырыбы

Есептеуіш техникасының даму тарихы. Компьютердің буындары.

Жалпы мақсаты

  • Есептеу техникасының даму тарихымен танысу.
  • Компьютер кезеңдерін (буындарын) үйрену.
  • Пәнге қызығушылықты арттыру.
  • Есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Түйінді идеялар

Оқушылар есептеу құрылғыларының даму тарихын біледі және ЭЕМ кезеңдерін ажырата алады.

Күтілетін нәтиже

Алғашқы санау құрылғыларының даму кезеңдерін меңгереді және негізгі ұғымдарды дұрыс қолданады.

Оқыту нәтижелері

  • 1 Берілген тапсырмаларды жұпта және топта орындауға дағдыландыру.
  • 2 Оқушыларды өзін-өзі және бірін-бірі бағалауға үйрету.
  • 3 Ережелерді қолдану дағдыларын және информатикалық терминдермен сауатты сөйлеу қабілетін дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Смайликтер арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ 2-топ 3-топ

Бағалау критерийлері

  • Өз бетімен білім алуы
  • Дербес жұмыс жасауы
  • Жұпта жұмыс жасауы
  • Практикалық білімі
  • Информатикалық терминдерді қолдануы

Сабақтың барысы

Өткен тақырыпты тексеру

Тест

Тақырып: «Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары». Оқушылар еркін конструктивті типтегі тест тапсырмаларын орындайды.

1) Файлды мұрағаттау дегеніміз не?

  • A)Файлдарды қоржынға жою
  • B)Оларды жеке бумаға біріктіру
  • C)Оларды бір мезгілде сыға отырып, бір файлға жинақтау
  • D)Кеңседегі құжаттарды қоюға арналған арнайы орын

2) Мұрағаттауды қашан орындау керек?

  • A)Дискіде орын жетіспесе
  • B)Файлдар көп болса
  • C)Файлдар аз болса
  • D)Ойын ойнағанда

3) Мұрағаттық файлдың құрамына не кіруі мүмкін?

  • A)Тек бумалар
  • B)Файлдар да, бумалар да
  • C)Тек файлдар
  • D)Файлдар да емес, бумалар да емес

4) Мұрағаттауды жүзеге асыратын программаны көрсетіңдер.

  • A)Windows
  • B)Microsoft Word
  • C)Paint
  • D)WinRAR

Білу

Жаңа тақырып

Жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау: интерактивті тақта арқылы слайдтар көрсетіледі, оқушылар өз мысалдарын келтіреді.

  • Оқушылар жаңа сабақ бойынша не білетінін айтады.
  • Мұғаліммен бірге слайд материалдары бойынша жұмыс жасайды.

Түсіну

Өзіндік оқу

Оқушылар тақырыпты өздігінен оқып, түсіндіреді; жұпта және топта талдап, тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екенін дәлелдейді.

Жұмыс нәтижесі

  • Түйінді сөздер мен анықтамаларды дәптерге жазады.
  • Негізгі ұғымдарды дұрыс қолдануға дағдыланады.

Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар

Оқушылардың дарындылығы мен жас ерекшеліктеріне сәйкес деңгейлік тапсырмалар орындалады.

Негізгі деңгей

Терминдерді сәйкестендіру, қысқа жауап.

Орта деңгей

Кесте құрастыру, кезеңдерді салыстыру.

Жоғары деңгей

Мысалдар келтіру, шағын талдау жасау.

Ескерту: тапсырмалар мазмұны сабақтың уақыт шеңберіне және сыныптың дайындық деңгейіне сәйкес нақтыланады.