Көнерген сөздерді тауып, түріне ажыратыңдар

Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер

Бұл сабақта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін тексеріп, көнерген сөздер туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту көзделеді.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Өтілген тақырыптар бойынша меңгерген білімдерін тексеру.
  • Көнерген сөздер бойынша теориялық білімді практикада қолдану.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілетін дамыту арқылы өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
  • Тіл байлығын арттыру және сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге баули отырып, ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңіруге бағыттау.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі

Бекіту, жинақтау сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Іздендіру, топтастыру, сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, тірек сызбалар, үйлестірмелі кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, халықтық педагогика.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сыныпты сабаққа дайындау, зейінді шоғырландыру.

  2. 2

    Үй тапсырмасын сұрау

    162-жаттығу: шешендік сөздер мен ауыз әдебиеті үлгілерінің бірінен көнерген сөздерді тауып жазыңдар. Олардың көнерген сөздің қай түріне жататынын анықтаңдар.

  3. 3

    Жинақтау, бекіту

    Негізгі ұғымдарды жүйелеу, мысалдар арқылы бекіту және тапсырмалар орындау.

  4. 4

    Сабақты қорытындылау

    Өткен материалды түйіндеу, негізгі тұжырымдарды айту.

  5. 5

    Білімдерін бағалау

    Тапсырмаларға сүйене отырып, оқушылардың жұмысын бағалау.

  6. 6

    Үйге тапсырма

    Төмендегі тапсырмаларды орындау.

Ой шақыру: көнерген сөздердің түрлері

Тарихи сөздер

  • Ел басқаруға байланысты атаулар
  • Қару-жараққа қатысты атаулар
  • Әкімшілік сөздер

Архаизм сөздер

  • Мата атаулары
  • Әдет-ғұрып атаулары
  • Діни сөздер
  • Киім-кешек, ыдыс-аяқ атаулары
  • Жыл атаулары
  • Ай атаулары

Оқулықпен жұмыс

157-жаттығу

1-топ

Үш сөзге сөйлем құрау.

2-топ

Фонетикалық талдау жасау.

3-топ

Мәтіннен көнерген сөздерді табу.

Бой сергіту: тапсырмалар

1-тапсырма

Көнерген сөзді тауып, түрін ажыратыңдар.

«Адамның, шөптің, құстың жаманын әкел дегенде, уәзірлерімнің алып келген жаманы еді.»

2-тапсырма

Көнерген сөзді тауып, түрін ажыратыңдар.

«Кешке ханның екі баласы күзетке барғанда, Кендебай да жасырынып барып отырады.»

3-тапсырма

Көнерген сөзді табыңдар.

«Сөйлей білген бір жақсы,
Істей білген он жақсы.
Тігілмеген ішіктен,
Қолыңда бар тон жақсы.»

4-тапсырма

Көнерген сөздерді тауып, түрін ажыратыңдар.

«Ақсуат би ауыл үстін ат тұяғы шаңдатады деп, ауылына аттылы кісіні түсірмейді екен.»

5-тапсырма

Көнерген сөздерді тауып, түрін ажыратыңдар.

«Біздің Байұлының барымтаға барған бір жігітін Әлімнің кісілері өлтіргелі үш жыл болды.»

6-тапсырма

Көнерген сөзді табыңдар.

«Бас аман болса, бөрік табылады.»

Үйге тапсырма

  1. Көнерген сөздерге көркем әдебиеттен 5 сөйлем жазу.
  2. Суреттер топтамасындағы 28-суретке сүйене отырып, шағын әңгіме құрастыру.