Жылулық шеңбері. Сандар құрамын айту

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды 5 саны және 5 цифрымен таныстыру, өткен сабақты толықтыру.

Дамытушылық

Тура және кері санау, есептеу, есте сақтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Жылдамдыққа, тапқырлыққа, достыққа және өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

«Жылулық шеңбері»: балалар бір-біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп, тақпақты хормен айтады.

Шашы – алтын, көзі – от,
Шыға ғой, Күн, тезірек.
Шуақ берші, жылу бер,
Маған, оған, досыма —
Тағы, тағы, тағы да!

II

Үй жұмысын тексеру

1) Ауызша санау

1-ден 10-ға дейін (тура)

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

10-нан 1-ге дейін (кері)

10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1

2) «Кім тапқыр?» ойыны

Өздеріне таныс цифрлар мен арифметикалық таңбаларды атап, көрсетеді:

1 2 3 4 + = < >

3) «Өз орныңды тап!» ойыны

Тура және кері сандар қатарын көрсету.

Тура қатар

1, 2, 3, 4

Кері қатар

4, 3, 2, 1

4) «Көршісін тап!» ойыны

Берілген санның алдындағы және кейінгі санын табу арқылы қатарды бекіту.

5) «Сан ойла, тез ойла!» ойыны

Сандардың құрамын айту және бос орынға қажетті санды қою.

2 = 1 + □

3 = 2 + □

4 = 3 + □

4 = □ + 3

3 = 1 + □

4 = □ + 2

III

Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

IV

Жаңа сабақ

1) Өрнек құрастыру

Аулада 4 балапан жайылып жүр еді. Оған тағы 1 балапан келіп қосылды. Аулада барлығы неше балапан болды? (5)

2) 5 цифрымен таныстыру

5 цифрының жазылуы, көрінісі және сандар қатарындағы орны түсіндіріледі.

3) 5 санының шығуын түсіндіру

4 + 1 = 5

4) М. Қуанышбековтың «Бес саусақ» өлеңі

Өлеңді жатқа айту арқылы 5 санын бекіту.

Ал, санайық, саналық,
Саусақтарға қарап-ақ.
Қане, қане, саналық,
Санын біліп алайық.
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу —
Қолымдағы саусағым нешеу? (5)

5) 5 саусақтың аттарын атау

  • Бас бармақ
  • Балаң үйрек
  • Ортан терек
  • Шылдыр шүмек
  • Кішкене бөбек
V

Сергіту сәті

Біз жаздық, біз жаздық,
Саусақтарды қозғадық.
Бір, екі, үш —
Демаламыз жинап күш.

VI

Әліппе-дәптермен жұмыс

  1. 1) 5 цифрын үлгіге қарап, саусақпен бастыру; ауада жазып үйрену.

  2. 2) 5 цифрын дәптерге дұрыс жазу.

  3. 3) Геометриялық пішіндерді сәйкес санға қарай бояу.

VII

Ойын: «Қарлығашқа көмектесейік»

Қораптарға түймелерді пішіндеріне қарай сұрыптап жинаймыз. Мақсат — зейінділік пен салыстыру дағдыларын дамыту.

Дағды

Сұрыптау

Дағды

Салыстыру

Дағды

Ұқыптылық

VIII

Қорытынды (сұрақ-жауап)

  • Бүгін біз қандай санмен және цифрмен таныстық?
  • 5 саны қалай құралады? Қандай өрнек жаздық?
  • Тура және кері санауды қалай орындаймыз?

Үй тапсырмасы

5 цифрын жазуды қайталау, 5 санының құрамын бекіту және ауызша санауды жалғастыру.