Сайысымыздың бағдарламасы
«Жігіт сұлтаны» байқауының сценарийі
Бұл сайыстың мақсаты — жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат ретінде жан-жақтылыққа баулу.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Бармысыздар, жанашыр әз қауым!
Бүгінгі кеш сайысын бірге бастайық, сайыста шын көңілмен қол соғайық.
Бізде ойын-сауық жалғасады: тамаша күй тартылып, ән шырқалсын.
Қошеметтеп қол соғып отырайық — күн бойғы шаршауды ұмытасыздар.
2-жүргізуші
Бағына бақ қонған елдің туған ұланы, бойына бар асылды жиған ұланы — қазақтың қасиетті жігіттері, жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар, айнымас алмас қылыш атанғандар — халқына қалқан болған қаһармандар.
Халқымыздың әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуі «Ұл туғанға күн туған» деп ерекше қуаныш саналған. Себебі қазақта шаңырақ иесі, әулет жалғасы — ұл бала деп есептелген. Сондықтан ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулуға айрықша мән берген.
Бүгінгі XXI ғасыр — білім мен ғылым дамыған кезең. Жігіттеріміздің биік белестерден көрінуі — елдің бақытымен тең.
Сайыс бағдарламасы
-
1) «Таныстырсам өзімді»
Таныстыру кезеңі.
-
2) «Сегіз қырлы, бір сырлы»
Өз өнерін көрсету.
-
3) Сұрақ–жауап
Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.
-
4) «Шебердің қолы ортақ»
Қолөнер бұйымын жасай білу.
-
5) «Күш атасын танымас»
Күш сынасу кезеңі: сайыскерлер 16 кг кір тасын көтереді.
Сайыскерлерді таныстыру
Сөз тауып күн қылатын көңіл-күйді, мектепте өнерімен болған сыйлы — 9-сыныптың ер жігіті, сұлтаны Жандәулетті ортамызға шығарайық.
Өнер мен білімді қатар ұстаған, намысқа мінсе тауды бұзатын — Нұржігітті ортаға шақырамыз.
Жақсы мен жаманды айыра білетін, өнерімен тәнті еткен — Нүркен атты сарбаз жігітті қошеметпен қарсы алайық.
Еңбекқор, талабы таудай, ойы тың — Талғатұлы Қанатты сайыскер ретінде шақырамыз.
Жеребе
Сайыскерлерді жеребе алуға шақырамыз.
Кезеңдер барысы
I кезең — «Таныстырсам өзімді»
«Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы, танисың ба сен мені — мен қазақтың баласы», — деп ақындар жырлағандай, алғашқы кезеңде әр талапкер өзін таныстырады.
Талапкерлерді ортаға шақырамыз.
II кезең — «Сегіз қырлы, бір сырлы»
«Еңбек — ердің санаты, білім — ердің қанаты». Адам ақыл-парасатымен сұлу. Ақылды жігіт — ата-анасының жанып тұрған шырағы.
Қазақ дәстүріндегі жігіт сипаты:
- Көсем жігіт — ел бастайтын азамат.
- Шешен жігіт — дау шешетін, сөзге жүйрік жан.
- Батыр жігіт — еліне қамқор қорған.
- Сері жігіт — өнері асқан, ән айтып, күй тартатын, сал-сері дәстүрін жалғаған жігіт.
Ендеше, сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.
III кезең — Сұрақ–жауап (салт-дәстүр)
Ей, жігіттер! Биік ата салтын құрметтеп, ата-баба үмітін ақтай білсең — әрбір сөзің тәлімі мол мектеп. Бұл кезеңде ақыл-ой тереңдігі мен ой ұшқырлығы сынға түседі.
Сайыскерлер салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береді.
IV кезең — «Шебердің қолы ортақ»
«Жігіттің көркі — өнері. Өнер қалмақ артында — дүниенің өшпес шырағы». Өнердің қадірін білген бабалар сөзі бүгінге дейін мәнін жоғалтқан жоқ.
Бұл кезеңде жігіттер қолөнер бұйымын жасап, өз шеберлігін көрсетеді.
V кезең — «Күш атасын танымас»
«Ер өнері білінбес, қоян-қолтық алыспай. Күш өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай». Бұл кезеңде жігіттер 16 кг кір тасын көтеріп, күшін сынайды.
Қорытынды
Сайыс кезеңдері аяқталған соң, қазылар алқасы ұпайларды қорытындылап, жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттайды.