Геометриялық пішіндер, түстер туралы түсінік
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Бұл жоспар 2–3 жас аралығындағы «Балдаурен» бірінші кіші тобына арналған. Тақырып: «Түлкіде қонақта».
Негізгі мәліметтер
- Жасы:
- 2–3
- Тобы:
- Бірінші кіші «Балдаурен»
- Білім саласы:
- Таным, Шығармашылық
- Кіші сала:
- Сенсорика, Мүсіндеу
Мақсаты
- Заттарды әртүрлі түстеріне қарай топтастыруға үйрету.
- Әртүрлі пішіндерден зат құрастыру дағдысын дамыту.
- Тұзды қамырды алақан арасында домалақтау және жалпақтау дағдыларын қалыптастыру.
- Қызығушылықты арттыру және тапсырманы соңына дейін орындауға тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс
Пішіндер мен түстерді ажырату, жұмбақ шешуге дайындық.
Сөздік жұмыс
Дидактикалық құралдар
- Пішіндер
- Түстер
- Ілгіштер (қысқыштар)
- Орамалдар
Билингвистикалық компонент
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| түлкі | лиса |
| моншақ | бусы |
| қысқыш | прищепка |
| орамал | платочек |
Сабақ барысы
I кезең: Мотивациялық-қозғаушы
Балаларды қызықтыру, эмоционалдық дайындық қалыптастыру.
Тәрбиеші әрекеті
- Түлкі есік қағып топқа кіреді.
- Балалармен амандасады.
- Балаларды орманға, түлкінің үйіне қонаққа баруға шақырады.
Балалар әрекеті
- Есік қаққанға қызығушылық танытады.
- Түлкімен амандасады.
- Орманға баруға келіседі.
II кезең: Проблемалық-ізденушілік
Сенсорикалық тапсырмалар арқылы түсті, пішінді тану және ұсақ моториканы дамыту.
Тапсырма 1: Моншақты құтқару
Түлкі балалардан көмек сұрайды: моншақтары суға шашылып қалыпты. Балалар сүзгіш арқылы моншақтарды жинап береді.
- Моншақтарды судан сүзіп алады.
- Түсіне қарай орамалмен суын сүртеді.
- Орамалды қысқыштың түсіне сәйкес іледі.
- Жиналған моншақты түлкіге сыйлайды.
Тапсырма 2: Ұнтақ ішінен пішін табу
Тәрбиеші балаларға манка (ұнтақ) ішінен геометриялық пішіндерді қолмен іздеп табуды ұсынады.
- Табылған пішіннің атын, түсін атайды.
- Пішіндерден үйшік құрастырады.
Сергіту сәті
Балалар көтеріңкі көңіл-күймен қимыл-қозғалыс жасайды.
Аяғымыз топ-топ,
Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп.
Бір оңға, бір солға,
Айналайық, кел мұнда.
Секіремін жоғары,
Қиын емес секіру.
Бір оңға, бір солға,
Айналайық, кел мұнда.
Тапсырма 3: Печенье жасау (тұзды қамыр)
Тәрбиеші балаларды тұзды қамырдан печенье жасауға шақырады: қамырды илеп, алақанға салып домалақтап, жалпақтап, оқтаумен жайып, әртүрлі қалыптармен кеседі.
- Қамырды илейді.
- Домалақтайды, жалпақтайды.
- Оқтаумен жаяды.
- Қалыптармен әртүрлі пішіндер кеседі.
- Дайын печеньелерді түлкіге апарып береді.
III кезең: Рефлексиялық-түзетуші
Қорытындылау, кері байланыс, мадақтау.
Сұрақ
Тәрбиеші: «Балалар, бүгін біз нелер жасап бердік?»
Жауап
Балалар: «Печенье жасадық, моншақ жинадық, үйшік құрастырдық, орамалдарды ілгішке ілдік».
Мадақтау
Балаларды мадақтау: смайлик бейнелі сорғыш кәмпит беру.
Күтілетін нәтиже
Жаңғыртады
Әртүрлі пішіндерден заттар құрастыруды.
Түсінеді
Геометриялық пішіндер мен түстер туралы түсінікті.
Қолданады
Пішіндерді ажыратуды, түстерді атап, топтастыруды.