Оқушылардың назарын сабақ ырғағына аудару
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
«Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр
Бұл сабақ Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын талдау арқылы оқушылардың негізгі ойды өз бетімен ұғынуына бағытталады. Негізгі өзек — ортақ тамыр, ортақ жер, ортақ Отан туралы түсінікті тереңдету және патриоттық сезімді нығайту.
«Біз бәріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу — қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — тәуелсіз Қазақстан».
— Н. Ә. Назарбаев
Сабақтың мақсаты
-
2013 жылғы Жолдаудың мазмұнын талдай отырып, «ортақ Отан — тәуелсіз Қазақстан» идеясын оқушылардың өздігінен түсінуіне жағдай жасау.
-
2013 жылғы мерейтойлық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясының мақсат-міндеттерімен таныстыру.
-
Патриоттық сезімді күшейту, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
-
Баяндау
Негізгі ақпаратты жүйелі жеткізу.
-
Сыни ойлау
Талдау, дәлел келтіру, қорытынды жасау.
-
Диалог
Сұрақ-жауап арқылы ойды нақтылау.
-
Көрнекілікпен жұмыс
Постер, сурет, цитатамен байланыстыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
3–5 минут-
Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру.
-
Назарды сабақ ырғағына аудару.
-
Сыныпты 3 топқа бөлу (тақырып жазылған қима қағаздарды құрастыру арқылы).
2) Мұғалімнің кіріспе сөзі
7–10 минутН. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын Тәуелсіздік күні қарсаңында жария етті. Құжат «Қазақстан – 2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды.
Жолдауда мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыс жағдайында сыналғаны айтылды.
Тәуелсіздіктің 21 жылы ішінде қол жеткізілген елеулі жетістіктер сараланып, еліміздің әлем алдындағы беделінің артқаны нақты деректермен айқындалды. Сондай-ақ 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» стратегиясының 15 жыл ішіндегі мақсат-міндеттерінің орындалуы қорытындыланды.
Нақты стратегиялық мақсат
2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу.
Бұл мақсатқа жету үшін елімізде барлық мүмкіндік бар екені атап өтілді: табиғи ресурстар, білімді адамдар және бірлікке ұйысқан қоғам.
Ақтөбе қаласы, №30 қазақ орта мектебі
Успанова Ақмарал Қуанышбайқызы