Көктем неткен керемет

Көктемнің келуі

Көктем қандай керемет! Қар еріп, күн жылынады. Балалар қуанып, айнала жанданып кетеді. Әлем өзгеріп кеткендей әсер береді: төңірек ашық, тұман жоқ.

Жер аппақ тонын шешіп, оның орнын жасыл кілем басады. Құстар қайта оралып, көл жағасы көркейеді. Мал төлдеп, баулар гүлдеп, егіс көктейді. Кең далада думан мен қуаныштың лебі сезіледі.

Наурызға дайындық

Адамдар еңбекке кірісіп, көктемнің алғашқы айы — Наурыздағы мерекелерге дайындалады. Наурыз айындағы айтулы күндер де аз емес:

  • 3 наурыз — Жазушылар күні.
  • 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні.
  • 22 наурыз — ең басты мереке, қазақтың Жаңа жылы.

Жаңа жыл дәстүрі

Жаңа жылда әжелер Наурыз көже пісіріп, жұрт бір-бірімен амандасып, қол алысады. Көктемнің осы шуақты сәттері көңілге жылу құяды.

Пай-пай, көктем қандай керемет!

Табиғат түлеп, тіршілік жаңарып, Наурызбен бірге жаңа үміт басталады.